Аналитика Telegram-канала
Подписчики
3 282
Охват за 24 ч
486
ER за 24 ч
14,81%
Публикаций
327
Динамика подписчиков
7 дней
30 дней
6 месяцев
Больше
28 окт31 окт3 ноя
Показаны последние 7 дней
Больше истории →
Охваты публикаций
09.1027.10
161
Средний охват
250
Лучший результат
Показаны 2 публикации — последние в канале
Больше статистики →
Упоминания
2
Упоминаний
0
Из них репостов
2
Каналов
13
Упоминаний
6
Из них репостов
8
Каналов
Последние посты
2 из 327 2 из 327🎭 Сатирамен тараған жұмсақ күш немесе КВН тарихы
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Мәскеу посткеңестік елдер арасындағы маңызды мәдени орталық рөлін сақтап қалды. Оған дәлел КВН ойындары. КВН — студенттік әзіл-ысқақ қойылымдары түрінде 1961 жылдан бастап тараған жоба. Уақыт өте келе ол Ресеймен қатар басқа да посткеңестік елдерден шыққан қатысушылардың басын қосып, теледидардағы көрермен көзайымына айналды.
Украиналық Владимир Зеленскийдің де жұлдызы осы алаңда оңынан туады. Оның командасы үшін Мәскеудегі сахнаға шығу — кең аудиторияға жетудің және кәсіби тұрғыдан өсудің бір жолы болды.
Халықаралық қатынастарда soft power — жұмсақ күш деген ұғым бар. Джозеф Най енгізген бұл тұжырымдама мемлекеттің өзгелерге мәжбүрлеу арқылы емес, тартымдылығы арқылы ықпал ету қабілетін білдіреді. Тіл, кино, музыка, теледидар және танымал тұлғалар — осы ықпалдың негізгі көздері.
КВН-ді біржақты түрде Ресей мемлекетінің әдейі құрған пропагандалық құралы деп атау қиын. Алайда оның Мәскеуге бағдарланған мәдени кеңістіктің қалыптасуына қалай қатысқанын зерттеуге болады. Ортақ тіл мен әзіл адамдарды жақындастырғанымен, мәдени орталық қай жерде орналасса, кәсіби мүмкіндіктер мен танылу жолдары да сол жерге шоғырланатынын ескерген абзал. Сәйкесінше мәдени ықпал тікелей саяси үгітсіз-ақ жұмыс істей алады.
Владимир Зеленскийдің саяси мансабы КВН-де басталған жоқ, бірақ телевизия мен ойын-сауық индустриясындағы тәжірибесі оның көпшілікпен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына ықпал етті. Кейін ол «Халық қызметшісі» сериалындағы президент рөлінен нақты саясатқа келіп, 2019 жылы Украина президенті болып сайланды. 2022 жылы Ресейдің Украинаға толық ауқымды басып кіруінен кейін Зеленскийдің камера алдындағы сөздері, тікелей үндеулері мен цифрлық коммуникациясы халықтың назарына ерекше түсті.
Бір кездері Мәскеудегі телевизиялық ортада тәжірибе жинаған украиналық шоумен кейін Ресейдің Украинаға бағыттаған саясатына қарсы әрекет еткен мемлекеттің президентіне айналды. Әрине, оның соғыс кезіндегі коммуникациялық қабілетін тек КВН-мен түсіндіруге болмайды. Бірақ бұл оқиға бір қызықты парадоксты көрсетеді: бір жүйеде қалыптасқан дағдылар кейін сол жүйенің мүддесіне қарсы қолданылуы мүмкін.
Бұл оқиғадан мен үшін ең қызықты сұрақ — мәдениеттің өзі емес, оның айналасында қалыптасатын билік құрылымы. Кімнің тілі кең таралған? Қай жерде танымал болуға мүмкіндік бар? Кім мәдени күн тәртібін белгілейді? Ал шығармашылық тұлғалар сол жүйеден тыс өз аудиториясын қалыптастыра ала ма? Кейде геосаяси ықпал шекарадан әскер өткенде ғана басталмайды. Ол адамдардың нені көретінінен, қай тілде сөйлейтінінен және кімге еліктейтінінен де байқалуы мүмкін.
Сіз қалай ойлайсыз: ортақ мәдени кеңістік елдерді жақындастыра ма, әлде мәдени орталыққа тәуелділікті күшейте ме?
📚 Негізгі дереккөздер: Simon Shuster, *The Showman*; Joseph Nye, *Soft Power*; KVN тарихы туралы академиялық зерттеулер.
ещё
71
0
4 3 27 окт, 20:41
Chip Wars: 21 ғасырдың соғысы 🇺🇸🇨🇳
Қазіргі геосаясаттағы билік көзі аумақ немесе ресурстармен шектелмейді. Бұның айқын мысалы АҚШ пен Қытай арасындағы Chip Wars:
Чиптер смартфон мен жасанды интеллекттен бастап, әскери технологияларға дейін қолданылады.
▪️ 2019: АҚШ Huawei компаниясына технологиялық шектеулер енгізді
▪️ 2020: Шектеулер кеңейіп, америкалық технологияларды пайдаланатын шетелдік өндірушілердің Huawei үшін чип жасауына кедергілер қойылды
▪️ 2022 жылдан бастап: АҚШ Қытай үшін озық чиптер мен оларды өндіруге қажетті жабдықтардың қолжетімділігін шектеді
Осы бәсекеде АҚШ-тың басты артықшылығы чиптің өзін ғана емес, оның әлемдік серіктестері.
Мысалы, Нидерландының ASML компаниясы озық чиптерді жасауға қажетті литографиялық жабдық өндіреді. Жапония да маңызды материалдар мен өндірістік технологияларды жеткізеді.
Яғни, чип шығару үшін қаржының болуы жеткіліксіз, ол үшін технологиялық экожүйе қажет.
Бірақ АҚШ стратегиясында бір парадокс бар.
Шектеулер Қытайдың дамуын баяулатуы мүмкін. Алайда олар Пекинді өз технологияларын дамытуға және шетелдік жеткізушілерге тәуелділікті азайтуға да итермелейді.
Бұл - қысқа мерзімді артықшылық пен ұзақ мерзімді бәсекенің айырмашылығы.
Түйін:
Чиптер үшін соғысқа құр сауда дауы деп қараған жеткіліксіз. Бұл технологиялық үстемдік пен ұлттық қауіпсіздік үшін күрес.
АҚШ Қытайдың дамуын тежегісі келеді, ал Қытай технологиялық тәуелсіздікке ұмтылады.
Сұрақ: АҚШ шектеулер арқылы өз артықшылығын сақтай ала ма, әлде Қытайдың технологиялық тәуелсіздігін жылдамдата ма?
ещё
250
0
1 10 9 окт, 18:02
Продолжить анализ этого канала
- История роста подписчиков
- Просмотры и охваты публикаций
- Кто упоминает канал и кого упоминает он
- Похожие каналы и подбор для рекламы
Открыть аналитику
Демо до 14 дней