Аналитика Telegram-канала
Подписчики
84
Охват за 24 ч
19
ER за 24 ч
22,62%
Публикаций
102
Динамика подписчиков
7 дней
30 дней
6 месяцев
Больше
14 ноя17 ноя20 ноя
Показаны последние 7 дней
Больше истории →
Охваты публикаций
13.1113.1116.1118.1118.1119.11
9
Средний охват
28
Лучший результат
Показаны 6 публикаций — последние в канале
Больше статистики →
Упоминания
0
Упоминаний
0
Из них репостов
0
Каналов
15
Упоминаний за 90 дней
14
Из них репостов
10
Каналов за 90 дней
Последние посты
3 из 102 2 из 102Студент қыздардың ұстазбен қарым-қатынасындағы он қағида
Негізінде, қыз балаларға білім беретін ұстаз әйел адам, ал ер балаларға білім беретін ұстаз ер адам болғаны дұрыс.
Алайда кейбір жағдайларда ер мұғалімнің қыз студенттерге сабақ беруіне қажеттілік туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда бірқатар әдеп пен шариғи талаптарды қатаң сақтау қажет. Солардың ең маңыздылары мыналар:
1. Сөйлегенде нәзіктік танытып, еркінсіп кетпеу.
Ұстаздың алдында дауысты жұмсартып, еркін сөйлесуге, арадағы ресмилікті жоюға болмайды. Сондай-ақ ұстаздың жанында құрбыларымен бірге отырғанда да оның бар екенін естен шығарып, еркінсіп кетпеу қажет. Тіпті өзара әзілдескен сөздер ұстаздың құлағына естілетін болса, мұның өзі де тыйым салынған. Сол сияқты қатты күліп, дауысты көтеруден де сақтану керек.
2. Оңаша қалудан сақтану.
Ұстазға сұрақ қою қажет болса, оны аудиторияда қойған жөн. Ал жеке сұрақ қою қажеттілігі туындаса, өзімен бірге бір құрбысын ертіп келуі керек.
3. Қайта-қайта қараудан сақтану.
Екеуінің арасында көзді еркін жіберіп, қайта-қайта қарауға жол берілмейді.
4. Әңгіме тақырыбын сабақ пен ғылыми сұрақтар шеңберінен шығармау.
Сабақ тақырыбы мен білімге қатысты нақты сұрақтардан асып, сезім, көңіл күй, ішкі сырлар мен жеке эмоциялар туралы әңгімеге ауыспау қажет.
5. Әшекейлерін көрсетуден және хош иіс себуден сақтану.
Ұстаздың алдында сән-салтанатын көрсетпеуі, әшекейлерін білдірмеуі, әтір немесе соған ұқсас хош иістерді қолданбауы керек.
6. Бір-біріне деген ықылас немесе қызығушылық сезілсе, қарым-қатынасты тоқтату.
Егер екі тараптың бірінде екіншісіне деген тартылыс немесе ұнату сезімі пайда болғанын байқаса, сұрақ қоюды да, жауап беруді де тоқтатып, өзара әсерлену мен сезімге берілуге жол бермейтіндей жағдайда сұрақ қоюға тырысуы қажет.
7. Егер сабақ беретін ұстаз жас жігіт болса, сақтықты одан әрі күшейту керек.
8. Ұстазға жеке атынан сыйлық бермеу.
Сыйлық берілетін болса, ол студенттердің барлығының атынан ортақ болуы немесе қыздардың ата-аналары тарапынан берілуі керек.
9. Жеке хат алмасу мен телефон арқылы сөйлесуден аулақ болу.
Тек аса қажетті жағдайларда ғана, барынша шектеулі түрде байланысуға болады. Бұл ретте Алланың екеуін де көріп тұрғанын ұмытпау қажет. Сондай-ақ жазған хабарламаларыңды кейбір құрбыларың көріп қалса да, ұялатындай болмауы керек.
Егер студенттердің ортақ тобында сөйлесіп жатсаңдар да, эмодзи немесе мемдер жіберуден аулақ болған жөн.
10. Ұстаз көретін кітапқа, дәптерге немесе емтихан парағына жеке мағынасы бар жазбалар жазбау.
Сондай-ақ жүрек тәрізді суреттер мен соған ұқсас бейнелерді салудан сақтану қажет.
Осындай қағидалар:
“Міне, бұл - сендер үшін анағұрлым қайырлы һәм қателіктен, күнәдан ада іс” деген Алланың талабын жүзеге асыруға бағытталған.
Бұл талаптар жаратылыстың ең абзалы болған Пайғамбарымыздың ﷺ жұбайларына, яғни мүміндердің аналарына сахабалармен қарым-қатынас жасауда айтылған еді.
Ендеше, бүгінгі ұстаздардың (мен де солардың алғашқысымын) және бүгінгі студент қыздардың жағдайы қандай болмақ?!
Доктор Мухаммад Айман Жамал
حفظه الله
©️Зуһридин Ұстаз каналынан
ещё
3
0
19 ноя, 15:06
Кредит — как субботняя рыба.
Кто понял, тот понял.
ещё
7
0
18 ноя, 23:38
Шақалақты ана құрсағындағы азық беріп тұрған бір кіндіктен ажыратып, кейін ана сүтін беретін екі жерді нәсіп еткенде, “Алла менің ризығымды арттырмай жатыр”,- дегенің не?
19.11.26 , 00:30
Төлеген Талдыбаев ұстаз
ещё
14
0
18 ноя, 22:33
Продолжить анализ этого канала
- История роста подписчиков
- Просмотры и охваты публикаций
- Кто упоминает канал и кого упоминает он
- Похожие каналы и подбор для рекламы
Открыть аналитику
Демо до 14 дней