Әкесінен айырылды. Анасынан айырылды. Жетімдіктің дәмін татты. Артынша атасынан айырылды. Ағасы мен сүйікті жарынан айырылды. Өз қауымынан қорлық көрді. Қуғынға ұшырады. Туған жерінен жырақ кетуге мәжбүр болды.
Сонда да оның аузынан: «Мен шүкір етуші құл болмаймын ба?!» деген сөз түспеді.