Аналитика Telegram-канала
Подписчики
10 113
Охват за 24 ч
1,5K
ER за 24 ч
14,81%
Публикаций
1 758

Динамика подписчиков

7 дней 30 дней 6 месяцев Больше
3 ноя6 ноя9 ноя
Показаны последние 7 дней Больше истории →

Охваты публикаций

02.1102.1105.1105.1106.1109.11
177
Средний охват
306
Лучший результат
Показаны 6 публикаций — последние в канале Больше статистики →

Упоминания

1 583
Упоминаний
1 144
Из них репостов
74
Каналов
Все упоминания

Последние посты

3 из 1 758 2 из 1 758
🏗️ Құрылыс алпауыттары 6,5 триллион теңгенің қамына кірісті Қазақстанның ірі құрылыс компаниялары келесі жылы басталатын ауқымды «Халықтық құрылыс» науқанына дайындықты бастап кеткен. DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша, бірқатар компанияда ішкі жиналыстар өтіп, қолда бар құрылыс техникасына, құрал-жабдықтарға және өндірістік қуаттарға ревизия жүргізіліп жатыр. Нарық ойыншылары алдағы мемлекеттік тапсырыстарға қандай ресурспен кірісетінін, қанша жұмыс күші мен техника қажет болатынын алдын ала бағалауға көшкен. "Құрылысшылардың көңіл-күйі өте жақсы. Штаттары өсетін болады. Резервте жүрген қосымша жұмысшыларына дайын болсын деген хабарламалар жіберілді", - дейді, дереккөз.  Мұндай дайындықтың экономикалық себебі бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Халықтық құрылыс» бастамасы Қазақстандағы құрылыс нарығына бұрын-соңды болмаған көлемде қосымша қаржы әкелуі мүмкін. 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан инфрақұрылымды жаңғыртуға шамамен 6,5 триллион теңге бағыттау жоспарланған. Оның 1,5 триллион теңгесі 2026 жылы және 2027 жылдың алғашқы екі айында әлеуметтік жобаларды іске қосуға қарастырылуы тиіс. Жаңа науқан аясында республика бойынша 70-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр. Олардың қатарында перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық жәрдем станциялары мен оңалту орталықтары бар. Бұған қоса, білім беру, спорт және мәдениет саласында 50-ге жуық нысан бой көтеруі тиіс. Сонымен бірге автомобиль жолдары, көлік инфрақұрылымы, инженерлік желілер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауызсу және газбен қамту бағыттарына назар аударылады. Ұлттық статистика бюросының нақтыланған дерегіне сай, 2025 жылдың толық қорытындысы мен 2026 жылдың тоғыз айын қосқанда, 18,66 триллион теңгеге жуық құрылыс жұмысы орындалған. Бұл екі толық жылдың емес, 21 айдың жиынтық көрсеткіші. Биылдың тоғыз айындағы құрылыс жұмыстарының 89 пайызын жеке құрылыс ұйымдары орындаған. Шетелдік компаниялардың үлесі 10,3 пайыз, ал мемлекеттік ұйымдардың үлесі небәрі 0,7 пайыз болған. Қазақстанда мемлекет ірі инфрақұрылымдық жобаларға қаржы бөлгенімен, құрылыстың басым бөлігін жеке сектор жүзеге асырады. Осы тұрғыдан алғанда, «Халықтық құрылыс» нарықтағы ірі мердігерлер, орта компаниялар, өңірлік құрылыс ұйымдары және құрылыс материалдарын өндірушілер арасындағы бәсекені күшейтуі ықтимал. https://t.me/dalainside
ещё
306 1 2 1 9 ноя, 11:51
Фото
Президент Жолдауы өңірлерде қалай жүзеге асып жатыр: тұрғындар «Әділет» фракциясының депутаттарына қандай мәселелерді жеткізді? «Әділет» партиясының Құрылтай депутаттары бір аптадан бері өңірлерді аралап, тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесуде. Мақсат - Президент Жолдауында айтылған міндеттерді түсіндіру, оны жүзеге асыру барысын талқылау. Кездесулер барысында жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу, өнеркәсіпті дамыту және инфрақұрылымды ауқымды жаңарту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің орындалуы кәсіпорындардың жұмысына, өңірлердің дамуына және халықтың тұрмыс сапасына қалай әсер ететіні сөз болды. Тұрғындар да өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, депутаттарға сұрақ қойды. Заңнамалық шешімдерді әзірлеу кезінде ескеруге болатын ұсыныстарын жеткізді. ASTANA TV түсірілім тобы Құрылтай депутаттарының Саран мен Теміртау қалаларындағы ірі кәсіпорындар жұмысшыларымен кездесуін назарға алды. Жиында тұрғындар қандай мәселелер көтерді? Оны шешудің жолдары қандай? Бұл туралы ASTANA TV арнасындағы «Әділеттің 111+ шешімі» жобасының бесінші шығарылымында көрсетілді. Толық шығарылым👇 https://youtu.be/mSh-dh6KTnk Ал сіз өз өңіріңізде қандай мәселені ең маңызды деп санайсыз? Пікіріңізді жазып, ойыңызбен бөлісіңіз. https://t.me/dalainside
ещё
116 3 2 2 6 ноя, 12:44
Фото
1173 өтініш: «Әділет» партиясы жол мәселелерін шешу тетіктерін қарады «Әділет» партиясы тұрғындар көтерген жол мәселелерінің шешілуін бақылауды күшейтуді көздеп отыр. Соңғы үш айда партияға түскен 7 мыңнан астам өтініштің 1173-і жол инфрақұрылымына қатысты. Еліміздің 14 өңірінде көтерілген мәселелер Партиялық бақылау комитетінің алғашқы отырысында қаралды, деп хабарлайды DalaNews.kz. Жиында Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарындағы жол сапасы, созылған жөндеу жұмыстары мен ауыл жолдарының жағдайы талқыланды. Комитет төрағасы, «Әділет» партиясы фракциясының Құрылтай депутаты Марат Қожаев тұрғындар көтерген мәселелерді нақты шешімін табу маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, «Халықтық құрылыс» бастамасы аясында жол сапасына, жөндеу мерзімдеріне және бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейту қажет. «Әділет» партиясы азаматтардың әрбір өтінішіне назар аударады. Біз үшін көтерілген мәселелердің шешімін табу аса маңызды. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін құзыретті құқық қорғау органдарына жүгінеміз», - деді Марат Қожаев. Жол қауіпсіздігі мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Отырыста келтірілген деректер бойынша, әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы инфрақұрылым кемшіліктерімен байланысты. Отырыс қорытындысында Комитет проблемалық жолдарды бақылау, аудит анықтаған заңбұзушылықтарды жою және мердігерлердің кепілдік міндеттемелерін қадағалау жөніндегі қаулы жобасын негізге алды. Азаматтар Adilet.365 платформасы мен 1490 байланыс орталығы арқылы өтініш жолдай алады. Бұл жұмыс «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатымен үндеседі. https://t.me/dalainside
ещё
246 1 2 7 5 ноя, 17:40
Больше постов

Продолжить анализ этого канала

  • История роста подписчиков
  • Просмотры и охваты публикаций
  • Кто упоминает канал и кого упоминает он
  • Похожие каналы и подбор для рекламы
Открыть аналитику
Демо до 14 дней