Аналитика Telegram-канала
Подписчики
30
Публикаций
4
Динамика подписчиков
7 дней
30 дней
6 месяцев
Больше
16 ноя19 ноя22 ноя
Показаны последние 7 дней
Больше истории →
Охваты публикаций
09:40
4
Средний охват
4
Лучший результат
Показаны 1 публикация за 28 октября
Больше статистики →
Упоминания
1
Упоминаний
0
Из них репостов
1
Каналов
0
Упоминаний за 90 дней
0
Из них репостов
0
Каналов за 90 дней
Последние посты
1 из 4 1 из 4Өзіңді іздеймін
Көпқабатты үйімнің терезесі ашылып,
Іздегендей өзіңді қарайлаймын ах ұрып.
Көзім түсті бір сәтте жаңа толған Айға кеп,
Ай бетінен өзіңді іздей кеттім шарқ ұрып.
Есіңде ме екеуіміз ұнататын Айлы түн,
Айға қарап отырып, қарсы алатын жайлы күн?
Сол себепті өзіңді Айға теңеп кеттім-ау,
Ақ дидарлы ажарың Айдан бетер-ай шіркін!
Жұлдыз санап, күлімдеп, бақытты сәт кештік-ау,
Оған куә біздегі естелік пен Ай мынау.
Ай сәулесі шағылса аппақ күйге енуші ең
Ақ дидарлы ажарың жерге түскен Айшық-ау?
Сол күндерді сағынып, қарайлаймын көп Айға,
Ай бетінен өзіңді іздей берем мен қайта.
Таппасымды білсем де, үмітімді үзбеппін,
Шыға келер деп сеніп, тағы өтер бір ай да.
Дөңгеленіп Ай толған сол күн әлі есімде,
Бірге болдық ауылдың салқын, қоңыр кешінде.
Сезімдерге бөлендім, махаббатқа масайып,
Жастайымнан сүюге асықтым мен несіне?
Арада өтіп отыз күн, тағы жаңа Ай толды,
Екеуіміздің ортада сенгісіз бір жайт болды.
Қалада өзге біреумен қол ұстасып кетіпсің,
Мен бейшара ауылда, бір сілтеппін жай қолды.
Баламын ғой ақымақ, қырсығып ем сол кезде,
Бәз бурадай бұрқылдап, жауап таппадым лезде.
Бір тілдесіп өзіңмен, сұрап білсем мән-жайды,
Бәлкім қазір екеуіміз жүрер ме едік бірге.
Содан бері талай жыл зымырап артта қалыпты,
Сенің сұлу көркіңді екі рет көзім шалыпты.
Бір рет көрген кезімде, күліп жүрдің шаттанып,
Бірақ, екіншісінде — көз жанарың талыпты.
Көп қараның ішінен өзіңді іздеу — әдетім,
Кейде есіме түсе қалсаң, жоғалады тәбетім.
Кірбің түсіп көңілге, қайта қарасам Айға,
Көз алдыма шыға келед сенің сұлу келбетің,
Қазір бірақ тайқып кеттім сөзімнен де, ойдан да,
Қайғырмаймын сені ойлап, іздемеймін Айдан да,
Қу жүрекке әмір беріп, қолға алдым өзімді,
Қолға алмасам, кім білсін, аттанар ма ем майданға?!
Тура қазір мен Айды бұрынғыша көрмеймін,
Теріс айналдым одан, неге екенін білмеймін.
Тәуекелге бел буып, іздеуші едім бір сені,
Тіпті қазір ойлауға да уақытымды бөлмеймін.
Бүгін тағы сондай күн, Ай толыпты жаңадан,
Терезеге ентелеп, қарап тұрмын манадан.
Міне, тағы көрінді сенің бейнең Айым-ау,
Тырыссам да сан мәрте, кетпей қойдың санадан…
ещё
4
0
1 28 окт, 09:40
Продолжить анализ этого канала
- История роста подписчиков
- Просмотры и охваты публикаций
- Кто упоминает канал и кого упоминает он
- Похожие каналы и подбор для рекламы
Открыть аналитику
Демо до 14 дней