Курс жайлы ойым жақсы, бірінші рет онлайн курста оқып жатқандықтан мен үшін барлығы жаңадан болды.
Басында таңғалғанмын Аток ағайдың чатта оқушылармен сөйлесіп отыруында, әдетте құрылтайшылар бұндай болмайтын еді ғой?
Бірақ Аток ағайдың оқушылармен жақын байланысы өте ұнады.
Физикаға өзім бұрыннан қызығатындықтан және хобби ретінде оқитынмын, сол үшін көп нәрсені түсіну, оқу, жаттау оңайға соқты.
Аток ағайдың видеосабақтары қызық, жақсы, жеңіл түсіндіреді. Куратор апайымыз күшті.