Телеграм канал 'Жаналықтар | Новости Казахстана🇰🇿'

Жаналықтар | Новости Казахстана🇰🇿


1'224 подписчиков
0 просмотров на пост

Ең соңғы жаңалықтардан хабар болғыңыз келсе бізбен бірге болыңыз!

Достарынызды шақырыныз :
https://t.me/joinchat/AAAAAFd1TvOp-uGIaAMjPA

Детальная рекламная статистика будет доступна после прохождения простой процедуры регистрации


Что это дает?
  • Детальная аналитика 209'537 каналов
  • Доступ к 80'993'114 рекламных постов
  • Поиск по 311'638'928 постам
  • Отдача с каждой купленной рекламы
  • Графики динамики изменения показателей канала
  • Где и как размещался канал
  • Детальная статистика по подпискам и отпискам
Telemetr.me

Telemetr.me Подписаться

Аналитика телеграм-каналов - обновления инструмента, новости рынка.

Найдено 38 постов

👫🏻Жастарға баспана: өтініш қабылдау басталады.

🏙Алматы қаласында "Алматы Жастары 3.0" бағдарламасы аясында баспанаға өтініш қабылдау 1 қыркүйекте басталады.

📌Бағдарлама шарттары – баспана бағасы 13 млн теңгеге дейін, жылдық 5 пайыздық мөлшерлеме, алғашқы жарна баспана сомасының 10 пайызын салу керек.

Жобаға қатысушыларға қойылатын талап - жас мөлшері 35-тен аспауы тиіс. Сондай-ақ өтінішті ерлі-зайыптының біреуі ғана өз атынан өткізе алады. Бағдарламаға үміткерлердің ресми жұмыс өтілі және зейнетақы жарнасындағы салым 6 айдан кем болмауы тиіс.

Өтініштер www.almaty-zhastary.kz сайтында қабылданады.

📲Байланыс нөмірлері: 300, 8-8000-801-880, +7 (727) 225 14 57, +7 (727) 225 14 44. Толық ақпаратты www.almaty-zhastary.kz сайтынан біле аласыз.
Изображение
🔰Ауылдарға интернет қашан қосылады?

📢Елімізде 882 елді мекенде интернет жоқ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко айтты.

✔️Оның айтуынша, қазіргі уақытта тұрғын саны 250-ден аспайтын ауылдық жерлер қарастырылған. Интернеті жоқ елді мекен арасынан 243 ауылдық жерге интернет қосу жоспарланып отыр. Оларға 2021-2023 жылдар аралығында кең жолақты интернет желілері орнатылады.

🏙Бүгінгі таңда кең жолақты интернетпен еліміздегі 6459 елді мекеннің 4646-сы қамтамасыз етілген. Ал тұрғын саны 250-ден асатын ауылдық жерлерге интернет жүргізу жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін толық атқарылады.
Изображение
42 500+21 500 теңге: төлем қанша адамға берілді?💲

📌27 тамыз күнгі есеп бойынша елімізде әлеуметтік төлемді 2 млн 390,9 мың жұмысынан айырылған азамат алды.
Ресми мәлімет бойынша барлығы 2 млн 599 мыңнан астам өтініш қабылданды. Нәтижесінде 2 млн 390,9 мың азамат 42 500 теңге, оның ішінде 2 млн 384,2 мың адам ең төменгі жалақы мөлшерінің жартысын, яғни 21 250 теңге алған.

2 млн 599 мыңнан астам өтінімнің ішінде:
– 834,5 мың адам автоматты түрде SMS хабарлама арқылы келісім берген;

– 685,4 мың адам Egov.kz және telegram арқылы;

– 413 мың адам 42500.enbek.kz сайты арқылы;

– 665,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;

– 0,5 мың адам штабтар арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 834,5 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген;

– 268,9 мың жұмыс берушілерден қабылданған өтініштер;

🔰Төлем 2 млн 393,4 мың адамға тағайындалды. Қаражат 2 млн 390,9 мың азаматтың жеке шотына аударылды.
Изображение
Құрметті оқырмандар бұл маңызды! Жоғарыға карай өтіп дауыс берініз! Ертенге дейін көреміз👆
📈Бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруге қанша теңге бөлінеді?

2021 жылы зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін өсіруге 265 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

🏛Үкіметте "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы таныстырылды.

"Бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды. Шығыстар құрылымында әлеуметтік саланың үлесі 50,4%-ды құрайды. Осылайша, әлеуметтік салаға 2021 жылы 7 триллион теңге жоспарланған, биылғы жылмен салыстырғанда 454 миллиард теңгеге өсіп отыр. Жыл сайынғы индексация және зейнетақы мен жәрдемақы алушылар контингентін ұлғайтуға келесі жылға қосымша 265 миллиард теңге көзделді", – деді Жамаубаев.

📌Сонымен қатар, мұғалімдер мен дәрігерлердің де айлығын көтеру бағытында да бірқатар шаралар қарастырылған.


Толық ақпарат
Изображение
📚Әкім оқушыларға 40 мың теңге қалай берілетінін айтты!

🏙Нұр-Сұлтан қаласында жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға 40 мың теңге не себепті қолға берілмейтіндігін Алтай Көлгінов айтты.

👫🏻«Ата-аналар бұл ақшаны қолымызға беріңіз дейді. Біз де солай болғанын қаладық. Десе де, заң тұрғысынан олай болмайды. Бұл қаражатқа балаларға мектепке қажетті заттар алынуы керек. Ал біз жұмсалған ақшаның есебін толық көрсетуге міндеттіміз», - деді ол.

📌Оның айтуынша, оқушыларға мектепке қажетті заттар сататын дүкендер әзірленген. Арнайы сол жерлерден балаларға білім алуға қажет тауарды алуға болады. Себебі отандық бизнеске басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар, оқушыларға үлестірілетін 40 мың теңге отбасындағы әр балаға жеке беріледі⚡️

Мамандардың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының мұғалімдері мектептеріндегі әлеуметтік осал топтарға жататын оқушылар туралы ақпарат енгізеді. Ақша әлеуметтік бірлік есебінде "Transcard" мектеп-көлік картасына аударылады. Нәтижесінде қаражат мақсатты түрде жұмсалады.


Толық ақпарат
Изображение
👧🏻Балаларға қай жасқа дейін маска тақпауға болады?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалардың маска тағуына қатысты мәлімдеме жасады.

"5 жасқа толмаған балаларға маска тақпауына болады. Себебі олар бетпердені таға алмайды және денсаулық қауіпсіздігіне байланысты тақпағаны дұрыс", - дейді мамандар.

6-11 жастағы балалардың маска тағуына қатысты бірнеше жайтты есте сақтау керек. Аймақтағы індеттің таралу көрсеткіші, бетпердені гигиеналық талаптарға сай ауыстырып отыру, психикалық-әлеуметтік дамуына тигізетін потенциалды әсерін де ескерген жөн.

Ал 12 жастан асқан балалар ер адамдар сияқты маска тағу міндеттеледі.

————————————————————
Изображение
😳Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жаңа оқу жылының басталуына орай білім беру саласында пара көп беретін өңірлер бойынша жаңа статистикамен таныстырды.
Изображение
⚠️Демалыс күндеріне арналған ереже:

📌Қоғамдық көлік қозғалысын шектеу;
65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу;
📌Сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысын азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда тоқтата тұру;
📌Азық-түлік емес және жабық жердегі азық-түлік базарлардың жұмысын тоқтата тұру;
📌Сұлулық салондарының, шаштараздардың, спа-орталықтардың, косметологиялық қызметтер көрсететін объектілердің жұмысын тоқтата тұру;
📌Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;
📌Қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру;
Изображение
2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жалақы қанша болады💰

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлгерін 42 500 теңге мөлшерінде бекіту жоспарланып отыр. Бұл туралы "2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында жазылған.

2021 жылдың 1 қаңтарынан:

ең төменгі жалақы – 42 500 теңге💰,
ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы – 18 524 теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
базалық әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн ең төменгі күнкөрiс деңгейiн – 34 302 теңге мөлшерінде бекіту жоспарланып отыр.

💡Еске салсақ, қазіргі таңда ең төменгі зейнетақы 40 441 теңгені құрайды.


Толық ақпарат
Изображение
🏫Алматыда кезекші топтар тек 1 және 2-класс оқушылары үшін ғана ұйымдастырылады.

Сондай-ақ түзету мектептері мен интернаттардағы бастауыш класс оқушылары бұрынғыдай қалыпты жағдайда оқи береді. Кезекші класс бала саны 15 оқушыдан аспайды. Қоңырауға әр топ әртүрлі уақытта шығады. Бөлме ішінде де бір-бірінен алшақ отырады. Өтінішті класс жетекшісіне мессенджер көмегімен беруге болады. Ал басқа оқушылар қашықтан оқиды. Бүгінгі таңда алматылық 75 мыңнан астам бала мен 2 мыңнан астам мұғалімге компъютер жетпейтіні анықталып отыр. Осы мәселені шешу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

📌Қайрат Жұманов, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Жиырма мыңнан астам компьютер жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен сатып алынуда.38 мыңнан астам компъютерлік техника Үкіметтің резервтік қорынан бөлінген қаражатқа алынады. Ал мектептердегі 14 мың компьютерді балаларға уақытша пайдалануға береміз.


Толық ақпарат
Изображение
Жаңа монеталар айналымға шықты💰

Ұлттық банк 200 теңге және 100 теңгелік "Qazaqstan halqy assambleiasy" коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

Жаңа монеталар Қазақстан халқы Ассамблеясың 25 жылдығына орай шығарылып отыр.

💎"Qazaqstan halqy assambleiasy" монеталарының сипаттамасы:

Монеталардың бет жағындағы (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Сол және оң жағында – ұлттық нақыштағы ою бейнеленген. Нейзильберден жасалған монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін "100 teńge" жазуы, ал мельхиордан жасалған монетаның астында "200 teńge" жазуы орналасқан.

Айналдыра "Qazaqstan ulttyq banki • National bank of Kazakhstan" деген жазбалар бар.

💵Монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті. Елдегі барлық банктерде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.


Толық ақпарат
Изображение
🚗1-ші қыркүйекте «армян» автокөліктерін тіркеу мерзімі аяқталады.

Көліктеріңізді есепке қоюды және қазақстанның нөмірін алуды ұмытпаңыздар. 1-ші қыркүйектен бастап айыппұл салынуы мүмкін. Сондықтан, соңына қалдырмай қазір қимылдағандарыңыз жөн.

Осы жаңалықпен бөлісіп, «армян» нөмірімен жүрген таныстарыңызға ескерте кетіңіздер.


Толық ақпарат•
Видео/гифка, 94 сек, IMG_3677.MP4
Енді сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандар түрмеден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайды.👍


•Толық ақпарат•
Изображение
📌Жұмыссыз жастар алғашқы жұмысты қалай табады?

Жұмыссыз жүрген жастар арнайы тәжірибеден өтіп, ай сайын 89 540 теңге мөлшерінде еңбекақы ала алады!

📍Жұмыс іздеп жүрген жас мамандар «Еңбек» бағдарламасы аясында «Жастар тәжірибесі» бағыты бойынша өздерінің алғашқы жұмысын таба алады. Мамандарға қойылатын басты талап жас мөлшері 29 жастан аспауы керек.👦🏻

👤Аталмыш практикаға қатысқан жастар ай сайын 89 540 теңге, ал әлеуметтік төлемдерді ескерген жағдайда 76 801 теңге алады.💰

Ұзақтығы 6 айдан аспайтын жұмыс уақытша болғанымен, болашақта сол мекемеге тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

Керек құжаттар тізімі:📃

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда;
диплом көшірмесі.
Ұсынылған бос жұмыс орындары мен ұйымдардың тізімі Жұмыспен қамту орталығының ресми сайтында толығырақ жазылған.

Қосымша ақпарат үшін: +7 775 654 0790, +7 705 329 7719, + 717 257 89 12 байланыс нөмірлері.
Сондай-ақ - proftest.cz@mail.ru электронды поштасына хат жолдауға болады.
Изображение
Маска тақпағандар 83 мың емес 2 778 теңге айыппұл төлемек.💸

Маска тақпағандар 83 мың емес 2 778 теңге айыппұл төлемек
Елімізде маска тақпаған азаматтарға салынатын айыппұл сомасы 83 мың теңге болып бекітілген. Десе де кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов аталмыш айыппұлды 83 мың теңгеден 2 778 теңгеге азайтуды ұсынды.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын қарастырып жатыр. Жеке тұлғаларға маска тақпағаны үшін салынатын айыппұл мөлшерін 30 айлық есептік көрсеткіштен 1 АЕК-ке (2 778 теңге) дейін төмендету ұсынылып отыр.

📌Сондай-ақ кәсіпкерлік нысанда қызметкерлердің каранитин режимін сақтап, бетперде кимеген жағдайда айыппұл сол талапты орындамаған адамға салынуы керек екені талқыланды. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі де мұны құптап отыр.

•Толық ақпарат•
Изображение
Қанша дәрігер 2 млн теңге өтемақы алды? 🩺

📌Жұмыс уақытында коронавирусқа шалдыққан 598 дәрігерге 2 млн теңге өтемақы төленді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

«Медицина мамандарының жағдайы басты назарда. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында дәрігерлердің атқарған еңбегіне қарай бір реттік төлем және айлыққа қосымша үстемақы төленіп жатыр. Өткен айда 25 млрд теңгеге жуық өтемақы берілді. Аталмыш қолдауды 78 364 дәрігер алды. 17 тамыздағы мәлімет бойынша жұмыс барысында вирус жұқтырған 598 маманға 2 млн теңгеден өтемақы берілді», - деді ол.👍

Бағдат Қожахметовтің айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің барлық аймағы бойынша арнайы құрылған комиссия өтініштерді қарастырып жатыр.

✏️Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі жұмыс істейтін азаматтар коронавирусқа қарсы вакцинаны өздері төлеу керектігін айтты. Елімізде тегін екпені 65 жастан асқан және созылмалы аурулармен ауыратын жандар, жалпы қауіп тобына кіретін 2 миллиондай адам алады.


Толық ақпарат
Изображение
Әлі де жұмыссыз отырғандар 42 500 теңге ала ма?

17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдетілгенмен, кей кәсіпорындар өз жұмысын бастамады. Мемлекет бұл мекемелерге қолдау білдіреді, десе де қызметкерлерге 42 500  теңге төленбейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов айтты.

Наурыз айынан бері өз жұмысын бастамаған нысандар қатарында кинотеатрлар, караоке, бассейндер және тағы басқа нысандар бар.  

Серік Шапкеновтің айтуынша, қазіргі уақытта жұмысы тоқтап тұрған салаларды қолдау шаралары қарастырылып жатыр. Десе де 42 500 теңге жәрдемақыны азаматтарға беру жайлы талқыланған жоқ.

•Соңғы жаналықтар•
Изображение
📚Оқушыларға 40 мың теңгеден беріледі!

💰Елімізде Нұр-Сұлтан қаласының оқушыларына 40 мың теңгеден беріледі. Бұл қаражат жаңа оқу жылына мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға мектепке қажетті құралдар алуға берілетін көмек.

Алтай Көлгіновтың айтуынша, өткен жылы балаларға 30 мың теңгеден берілген. Ал осы жылы 40 мың теңгеден, 17 мың оқушыға көмек беру жоспарланған.

"Отбасындағы бала санына байланысты 40 мың теңге әр балаға бөлінеді. Егер 3-4 бала болатын болса, онда әр мектеп оқитын балаға жеке беріледі. Бұл мақсатта бюджеттен 680 миллион теңге қарастырылды. Аталмыш сома өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сондай-ақ жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға қосымша басқа да әлеуметтік көмек қарастырылған", - деді Алтай Көлгінов.

Оқушы балаға 40мың тг алу

📌Сонымен қатар әлеуметтік осал санатқа жататын оқушыларға компьютерлер беріледі. Бюджеттен 6 млрд теңге бөлінеді.


Соңғы жаналықтар

Найдено 38 постов