📸 Астана, Алматы және облыс орталықтарында тұратын балалар жазушыларының ортақ базасы жасақталып, арнайы фотосессия ұйымдастырылды.
🎥 Республикалық газет-журнал, телеарна мен радиоларда балалар мен жасөспірімдер әдебиеті туралы мақала, сюжет көрсетілді.
🎁 2026 жылы «Балалар әдебиеті. Шығармашылық зертхана құпиясы»; «Бүгінгі балалар әдебиеті: жазушы, шығарма және қоғам» балалар жазушыларының шығармашылығына арналған портреттік талдаулар жинағы және «Балалар әдебиеті кеңесінің тарихы» хроника, фотоальбом кітабы оқырманға жол тартады.
❤️ Менің әр жобамды ұлттық жоба деп танып, қаражат бөліп, қолдап жүрген кәсіпкер аға-достарыма мың алғыс! Кәсіптеріңізге береке берсін! ATA Creative Hub баспасының Айкүміс Сайлауханқызы, Гүлшат Бақытжан бастаған ұжымыма ризашылық айтамын! Біз ұлы жолдамыз! Алла жар!
👍 Қанша жылдан бері еңбектері бағаланбай жүрген, бірақ балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің туын биіктен көтерген Duisenbek Magulumov ағам, Бағдат Мәжитұлы ұстазым, Жаркенттегі бағбан Бағдат Айтмұқаева , ғажап ертегіші Adina Zhusipova , сан қырлы талант Мира Сембайқызы , Қызылордадағы дарынды ақын Ержеңіс Тастыбай Әбді -нің Қазақстан Жазушылар одағы-ның мүшесі атануы — олқылықтың орны толған, бүкіл қаламгер қуанған нағыз мерейлі сәт. 🫂 Осы азаматтар одаққа өтуге әбден лайық деген кеңес ағзалары Арасанбай Жексенбекұлы , Қанат Қайым , Ділдәр Мамырбаева тілектестерім, тікелей кураторымыз Бейбіт Сарыбай ағам болып, төрағамыз Мереке Әбдешұлы ағайға айтып жүріп, қабылдаттық 😍 Бұл — рухани әулет жеңісі 😇 Мереке ағамыз балалар әдебиетінің үлкен жанашыры. Сонымен қатар, жас талап Жақсылық Мұратбек пен Мұхаммед-Қанапия Шарханұлы су жаңа ҚЖО мүшелері атанды 💪
❤️ “жүрегі бар жалғыз үй” ұжымына, Ғазиза Құдайберген бастаған балалар әдебиетінің достарына🙏
📚 Әлі талай сеңді бұзамыз! Шаруа — көп, уақыт — өлшеулі. (Құдайым өзі жар болсын!). Мақсат — әр балалар жазушысы жазған туынды креатив өнімге айналып, қаламгер имиджін қалыптастырсын! Ол бренд тұлға болсын! 🤲
🇰🇿 Енді балалар жазушысы болу — сәнге (модаға) айналады. Әлемде солай! Бізде де солай болсын!
Елдос Алаштың фейсбуктағы жазбасынан