Телеграм канал 'КӘРІС ТІЛІ | КОРЕЙ ТІЛІ 🇰🇷'

КӘРІС ТІЛІ | КОРЕЙ ТІЛІ 🇰🇷


884 подписчиков
464 просмотров на пост

– сабақтар 0-ден бастап 📝
– грамматикалар 🖇️
– лексика, практика ☁️
– үй жұмысы 🖊️
– тіркеліп кет ✨

Детальная рекламная статистика будет доступна после прохождения простой процедуры регистрации


Что это дает?
  • Детальная аналитика 196'510 каналов
  • Доступ к 73'224'564 рекламных постов
  • Поиск по 279'257'212 постам
  • Отдача с каждой купленной рекламы
  • Графики динамики изменения показателей канала
  • Где и как размещался канал
  • Детальная статистика по подпискам и отпискам
Telemetr.me

Telemetr.me Подписаться

Аналитика телеграм-каналов - обновления инструмента, новости рынка.

Найдено 54 поста

қайырлы түн~ Сеулдың түнгі көрінісі 😻✨

870-те қатып қалдыққо ((

каналға дос шақырайықшы 🥺 әр адам хотя бы бір дос шақырса 😍

канал ссылкасы: t.me/karis_tilinde
Видео/гифка, 15 сек,
жаңалықтар 🔦

бүгін тест болмайды. себептері, сабақ қиын, үй жұмысы толып тұр 😄 сабақты дұрыс меңгермей тест өте алмаймыз. ертең толық оқып, тестке жақсырақ қатысамыз ☺️
📚 ҮЙ ЖҰМЫСЫ | 숙제 📚

---------------------------☾♡☽---------------------------

1. төмендегі сөздердің ішінен патчхим бар/жоқ жазып, әріптерді табу.
❗️патчхим еместерді «патчхимі жоқ» деп жазып қалдырыңыз.
💡 үлгі: 만나. 만 – патчхимі бар - ㅁ. 나 – патчхимі жоқ.

🎐 말, 자다, 바닥, 월, 새.

--------------------------☾♡☽----------------------------

2. төмендегі сөздерді транскрипциясымен жазу.

🎐 한국, 손, 잩, 팔, 몸, 집, 빵, 깎다, 잎, 잃다, 잃음, 못이, 밑에.


--------------------------☾♡☽---------------------------

3. 👇🏼 берілген сөздерді транскрипциясымен жазу.
💡 үлгі: 넣다 [нотха].

🎐 맏이, 강아지, 넣다, 고양이, 기다리다, 좋다, 그파다, 오빠.

--------------------------☾♡☽---------------------------

4. төмендегі сөздерді транскрипциясымен жазу.
💡 үлгі: 심리학 [щимни(х)ак]

신라, 창립, 빛난다, 박물관, 백리, 혁명, 학년, 빗는, 몇몇, 뱃멀미, 갓나다, 함니다.

-------------------------- ✉️ ---------------------------

⚠️ сөздердің аудармасын жазу міндетті емес!

– үй жұмысын @karistili_chat-қа жібереміз 📝
– сол чатта тексеремін, немесе жауаптарын каналға шығарамын 🖊️
– тек өзіңіз үшін оқыңыз ✨
Құрметті достар! 💜

мен білемін бұл жаңадан бастаушыларға өте қиын, бірақ сіз бұл оқу ережелерін міндетті түрде оқуыңыз керек, себебі болашақта олар бәрібір алдыңыздан шығып тұрады. сондықтан, «мұнда қалай оқылады?» дегенде - бірден ассимиляцияны есіңізге түсіріп, дұрыс оқитыныңыз сөзсіз!

патчхим, оқылу ережелері, ассимиляция - бәрін бір күнде оқу әрине қиын. оларды ертеңге бөліп оқысаңыз болады. сондай-ақ үй жұмысын да ертең жіберуге болады.

негізі патчхим мен оқылу ережелері түк қиындығы жоқ. жәй солармен құрастырылған көп сөздерді оқи берсеңіз, кейін автоматты түрде өзіңіз айтып кете бересіз.

ал ассимиляцияны қиын деуге болады. оны жаттап алсаңыз, зато болашақта ешқандай қиындық туғызбайды 😉
📝 ДАУЫССЫЗДАРДЫҢ АССИМИЛЯЦИЯСЫ.

ассимиляция – бір дыбыстың алдыңғы немесе одан кейінгі дыбысқа үйлесуі. ассимиляция үйлесімді дыбысқа, тіпті ыңғайлылыққа алып келеді. айтуға оңай болады. бірден айтайын, бұл корей тіліндегі оқу ережелері ең қиын, мұнда барынша шоғырлану және назар аудару қажет. сәттілік.

барлық ассимиляцияланған әріптерді талдайық:

🖍️ ㄱ+ㄴ= [ㅇ+ㄴ] – 격노 - [경노]
егер ㄱ - ден кейін ㄴ болса, онда біріншісі ㅇ түрінде оқылады. осылайша, 격노 сөзі [кёңно] болып оқылады. (кёкно емес!) қалғандары да осы схема бойынша құрастырылған. қарастырайық:

🖍️ келесілер [ㅁ+ㄴ] болып оқылады:
ㅁ+ㄹ - > 음료수 [음뇨수] - ымнёсу.
ㅂ+ㄴ - > 십년 [심년] - щимнён.
ㅂ+ㄹ - > 입력 [임녁] - имнёк.
ㅍ+ㄴ - > 잎니 [임니] - имни.

🖍️ келесілер [ㅇ+ㄴ] болып оқылады:
ㄱ+ㄴ - > 격노 [경노] - кёңно
ㄱ+ㄹ - > 식료품 [싱뇨품] - щиңнёпхум
ㅇ+ㄹ - > 정류장 [정뉴장] - чоңнюджаң.

🖍️ келесілер [ㄹ+ㄹ] болып оқылады:
ㄴ+ㄹ - > 신랑 [실랑] - щиллаң.
ㄹ+ㄴ - > 설날 [설랄] - соллаль.

🖍️ келесілер [ㅁ+ㅁ] болып оқылады:
ㅂ+ㅁ - > 십만 [심만] - щимман
ㅍ+ㅁ - > 앞마당 [암마당] - аммадан

🖍️ келесілер [ㄴ+ㅁ] болып оқылады:
ㄷ+ㅁ - > 걷몰다 [건몰다] - конмульда.
ㅌ+ㅁ - > 낱말 [난말] - нанмаль.

🖍️ келесі [ㅇ+ㅁ] болып оқылады:
ㄱ+ㅁ - > 국민 [궁민] - куңмин.

🖍️ келесі [ㅅ+ㅅ/ㅆ] болып оқылады:
ㄷ+ㅅ - > 칟솔 [칫솔/치쏠] - чиссоль.
📖 ОҚЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

1. буынның басында «ㅇ» әріпі оқылмайды, яғни ол тек патчхимде тұрғанда оқылады.

✉️ мысалы :
아이 - [aи], 오이 - [ои]
공 - [коң], 상 - [саң]

2. ㄱ[к], ㄷ[т], ㅂ[п], ㅈ[ч] дауыссыздары екі дауыстының ортасында тұрса [г], [д], [б] және [чж/дж] болып оқылады.

✉️ мысалы :
가게 - [каге] (каке емес!)
아버지 [абоджи] (абочи емес!)
호박 [хобак] (хопак емес!)

3. «ㄹ» әріпі екі түрлі оқылады— «р» және жіңішке «ль»

«р» — сөздің басында және екі дауыстының ортасында:
✉️ 러시아 (рощиа), 나라 (нара).

жіңішке «ль» — патчхимде (буынның соңында) ль болып оқылады.
✉️ 물 (муль), 살다 (сальда)

қосарланған «ㄹㄹ» жіңішке «лл» болып оқылады:
✉️ 빨리 (палли)

4. ㅌ (тх) әріпі йотты дауыстылардың алдында ㅊ (чх) болып оқылады:
✉️ 붙이다 (пучхида) - жапыстыру.
иотты дауыстылар : ㅣ, ㅕ, ㅑ, ㅠ, кейде ㅒ, ㅖ.

5. ㄷ әріпі 이 - дің алдында "дж" болып оқылады:
✉️ 굳이 - [куджи] (куди емес!)

6. ㄱ [к] ㄷ [т], ㅂ [п], ㅈ [ч] дауыссыздары патчхимде (буынның соңында) ㅎ әріпінен кейін ашық деммен [кх, тх, пх, чх] болып оқылады.
✉️ 파랗다 (пхаратха) - "көгілдір". (пхарахта емес!)
❓받침 ДЕГЕН НЕ

받침 [патчхим] – буындағы ең соңғы дауыссыз. және ол әрқашан ең астында жазылады.

✨ ол бір немесе кей кездері екі дауыссызға аяқталуы мүмкін.

✨ бірақ патчхим болмауы да мүмкін!

✨ 95% грамматиканың қай нұсқасын қолдану керек кезде біз 받침-ге назар аударамыз, сондықтан оның не екенін білу маңызды 😉

받침-ге мысалы :

☁️ 물 [муль] бұл жерде патчхим ㄹ әріпі.
☁️ 값 [кап] мында ㅂㅅ әріптері.(қосарланған).
☁️ 우산 [усан] мында, 우 буынында патчхим жоқ. себебі ㅜ әріпінің астында ешқандай дауыссыз тұрған жоқ! ал 산 буынында болса, ㄴ әріпі тұр. бұл жерде патчхим ㄴ әріпі. егер 울산 болғанда, 울 мында патчхим болушы еді ㄹ.

📮 буынның соңында [патчхимде] мына дауыссыздар оқылады:
ㄱ, ㄴ, ㄷ, ㅁ, ㅂ, ㅇ, ㄹ.

басқа дауыссыздардың патчхимде оқылуы:

🔸 ㅋ, ㄲ – ㄱ болып оқылады. 약, 책, 부엌 [як, чхэк, пуок (пуокх емес!)]
🔸 ㄴ – ㄴ болып оқылады. 눈, 년, 돈 [нун, нён, тон]
🔸 ㄷ, ㅅ, ㅈ, ㅊ, ㅌ, ㅎ – ㄷ болып оқылады. 곧, 못, 낮, 몇, 밑, 히읗 [кот, мот, нат, мёт, мит, хиыт (мос, надж, мёчх, митх, хиых емес!)]
🔸 ㄹ – [ль] болып оқылады. 물, 볼 [муль, поль]
🔸 ㅁ – ㅁ болып оқылады. 밤, 잠 [пам, чам]
🔸 ㅂ, ㅍ – ㅂ болып оқылады. 밥, 집, 앞 [пап, чип, ап (апх емес!)]
🔸 ㅇ – [ң] болып оқылады. 방, 병 – [паң, пёң]

⚠️ бірақ та егер келесі буын дауыстыдан ( дауыссыз ㅇ) басталса, әріптер алфавиттегідей оқылып кетеді.
✉️ мысалы :
앞 - - > 앞에 [ап - апхе].
몇 -- > 몇이 [мёт - мёчхи]

❗️받침 "қосарланған" екі дауыссыздан тұруы мүмкін, бірақ ол кезде олардың тек біреуі оқылады. 받침 әр түрлі дауыссыздардан тұратын 11 түрі бар:

🔸 ㄱㅅ, ㄹㄱ – ㄱ болып оқылады. 삯, 닭 [сак, так (сакс, тальк емес!)]
🔸 ㄴㅈ, ㄴㅎ – ㄴ болып оқылады. 앉다, 않소 [анта, ансо (анджта, анхсо емес!)]
🔸 ㄹㅂ, ㄹㅅ, ㄹㅌ, ㄹㅎ – ㄹ болып оқылады. 여덟, 넓다, 외곬, 핥다, 싫소 [ёдоль, нольда, уеголь, хальда, щильсо]
🔸 ㄹㅁ – ㅁ болып оқылады. 삶, 앎 [сам, ам]
🔸 ㅂㅅ, ㄹㅍ – ㅂ болып оқылады. 값, 없다, 읊다 [кап, опта, ыпта]

⚠️ бірақ та егер келесі буын дауыстыдан ( дауыссыз ㅇ) басталса, ㄹㅎ мен ㄴㅎ дан басқаларынында екі әріптері де оқылып кетеді (себебі ㅎ бұл жағдайда ешкашан оқылмайды, бірінші әріпі оқылып қалады).
✉️ мысалы :
앉다 - - > 앉아 [анта - анджа]
많 - - > 많이 [ман - мани]

❗️бұл әріптер бұлай тек патчхимде (буынның астында) ғана осылай оқылады❗️ ұмытпаңыздар❗️
4 САБАҚ 📗

өтеміз:

🖍 патчхим.
🖍 оқылу ережерлері.
🖍 ассимиляция.
тестке үлгермегендер @karistili_testter - де жалғыз өте аласыздар 🌸
КӘРІС ТІЛІ БТС-ПЕН 😍

толығырақ көру үшін біздің инстаға өт ⛷

instagram.com/karis_tilinde

еңбегімді бағалап, лайк басып, тіркеліп кетсеңіздер 🥺🌷
Видео/гифка, 10 сек,
носительдің айтқанынан қайталап айтыңыз 🗣️
Видео/гифка
📚 ҮЙ ЖҰМЫСЫ | 숙제 📚

1) ережені жаттау.
2) төбеде берілген суретті шығарып алып немесе өзіңіз жазып бәрін көрсетілген үлгі бойынша үстінен басып, жазып шығыңыз. және @karistili_chat жасағыныңызды жіберіңіз.
3) 2-інші суретте берілген сөздерді оқып, аудиомен жіберіңіз. не болмаса, транскрипциямен жазып жіберіңіз. не дегенмен аудиомен жіберген өзіңіз үшін жақсы.
4) мен жіберген видеоны қарап практика жасау.
4) 19:00-де @karistili_test-те болатын тесттен өту.

болды 🎉

화이팅 сәттілік !! 🤍
Изображение
ҚОСЫМША ✏️

сабақ бойынша видеолар 👇🏼

🎥 youtu.be/SEup-OklVTo
🎥 youtu.be/b_scwtaw8ws

өзіңізге жақсы практика болу үшін, артынан қайталап отырыңыз. әрі бір параққа жазып отырыңыз.
🇰🇷 3 САБАҚ – БУЫН ҚҰРАЙМЫЗ. АЛҒАШҚЫ СӨЗДЕРІМІЗДІ АЙТЫП ҮЙРЕНЕМІЗ.

кәріс алфавитінің өзіндік бір ерекшелігі. әр бір әріп буын болып құралады. олар өте қарапайым ережелер арқылы құрастырылады:

📌 1. дауыссыз + дауысты. егер дауысты әріп горизонталь сызық болса (ㅡ, ㅜ, ㅠ, ㅗ, ㅛ), онда дауыссыз оның үстіне жазылады. 고, 쇼, 주, 류, 뵤 [ко, щё, чу, рю, бё.
ал егер дауысты әріп вертикаль сызық болса (ㅏ, ㅑ,ㅓ, ㅕ, ㅣ), онда дауыссыз әріп оның сол жағына жазылады.
가, 냐, 며, 비, 저 [ка, ня, мё, пи, чо].

📌 2. дауыссыз + дауысты + дауыссыз. бұндай жағдайда соңғы дауыссыз дауысты әріптің астына жазылады.
눈, 손, 겅,명, 둘, 년 [нун, сон, коң мёң, туль, нён].

📌 3. дауысты + дауыссыз. кәріс тілінде буын ешқашан дауыстыдан бастала алмайды. Бұндай жағдайда, егер буын дауыстыдан басталса, жазылғанда алдына "ㅇ"(иың) әріпі қойылады. бірақ ол оқылмайды, бірден дауысты әріп оқылып кетеді.
아, 어, 요, 이, 우, 으 [а, о, ё, и, у, ы]
여, 윤, 안, 일, 염 [ё, юн, ан, иль, ём]
@kpopkaz – біздің әңгімелесу чаты 😍 ішіне кіріп, қазақ арми, Кореяға қызығатын достар тапсаңыздар болады ⛅️
@karistili_test-те 2 сабақ бойынша жаңа тест 🙀 қосылайық ☁️
📚 ҮЙ ЖҰМЫСЫ | 숙제 📚

1) дауыстыларды жаттау.
2) төбеде берілген суретті шығарып алып немесе өзіңіз жазып бәрін көрсетілген үлгі бойынша үстінен басып, жазып шығыңыз. және @karistili_chat жасағыныңызды жіберіңіз.
3) мен жіберген видеоны қарап практика жасау.
4) 19:00-де болатын тесттен өту.

болды 🎉

화이팅 сәттілік !! 🤍
Изображение
ҚОСЫМША ✏️

сабақ бойынша видеолар 👇🏼

🎥 https://youtu.be/FzVr57Hhg8Y
🎥 https://youtu.be/82CBiaIyuoY

өзіңізге жақсы практика болу үшін, артынан қайталап отырыңыз. әрі бір параққа жазып отырыңыз.

Найдено 54 поста