🏟 «Қайрат» «Олимпиакос» пен «Брюггемен» Астанада ойнайды
«Қайрат» ФК УЕФА-мен бірлесе отырып, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Олимпиакос» (9 желтоқсан), «Брюгге» (20 қаңтар) командаларына қарсы өз алаңындағы матчтарын «Астана Арена» стадионына көшіреміз деп шешті.
Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін матч жабық стадионда өтеді.
Билет бағасы 15 000–50 000 теңге аралығында болады. 28 қарашадан бастап Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатыла бастайды. Бір адамға екі билеттен артық рәсімдеуге болмайды.
Ticketon мамандары «Қайрат» ФК-ның өз алаңындағы матчтарына алған абонемент иелеріне жалпы сатылым басталғанға дейін хабарласып, билет рәсімдеу, басымдық арқылы сатып алу тәртібі туралы толық ақпарат береді.
#ChampionsLeague | #ҚайратОлимпиакос | #ҚайратБрюгге
➖➖➖
🏟 «Кайрат» проведёт матчи с «Олимпиакосом» и «Брюгге» в Астане
ФК «Кайрат» совместно с УЕФА принял решение перенести домашние матчи общего этапа Лиги чемпионов УЕФА против «Олимпиакоса» (9 декабря) и «Брюгге» (20 января) на стадион «Астана Арена».
Практика проведения матчей зимой на Центральном стадионе Алматы показывает, что низкие температуры, отсутствие крыши и риск снегопадов существенно осложняют условия для болельщиков и усложняют обслуживание поля. Чтобы обеспечить зрителям комфорт и безопасность, матчи решено провести на закрытом стадионе.
Стоимость билетов составит от 15 000 до 50 000 тенге. Продажи начнутся 28 ноября в мобильных приложениях Qairat SuperApp и Freedom SuperApp. На одного человека можно оформить не более двух билетов.
Специалисты Ticketon свяжутся с держателями абонементов на домашние матчи ФК «Кайрат» до начала общего этапа продаж и предоставят подробную информацию о процедуре оформления и приоритетном выкупе билетов.