В-третьих, дать правовую оценку ситуациям, при которых выданная государством лицензия на недропользование не обеспечивает возможности фактического осуществления деятельности вследствие несогласованности действий государственных органов, в том числе в вопросах предоставления земельных участков и определения границ населённых пунктов.
Также просим провести инвентаризацию подобных случаев по всей республике и проработать вопрос обязательного учёта действующих производственных объектов при изменении границ населённых пунктов и планировании жилищного строительства.
С уважением,
Депутаты фракции ДПК «Ақ жол»
М. Шынасилова
Д. Еспаева
О. Нуралдинов
Ю. Ли
А. Кожахметов
Д. Ахметжаев
Б. Бибаев
Е. Юсупов
Об устранении административных барьеров для субъектов малого и среднего бизнеса, осуществляющих добычу общераспространённых полезных ископаемых
Депутатский запрос фракции «Ақ жол»
Первому заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан
Н. М. Налибаеву
Автор – депутат Курултая Мейраш Шынасилова
В Демократическую партию «Ақ жол» поступают обращения от представителей малого и среднего бизнеса, занимающихся добычей общераспространённых полезных ископаемых (песка, щебня, гальки, глины и других инертных материалов).
Своей деятельностью эти предприниматели вносят вклад в реализацию важных проектов в сфере дорожного, жилищного и промышленного строительства, а также в производство строительных материалов.
Одной из актуальных проблем, с которыми сталкиваются предприниматели данной отрасли, является недостаточная урегулированность разрешительной системы.
Так, в соответствии со статьёй 25 Кодекса «О недрах и недропользовании» проведение операций по недропользованию запрещено на землях населённых пунктов и прилегающих к ним территориях в пределах 1 000 метров.
Однако официальные границы многих сельских населённых пунктов не определены. Использование ближайшего жилого дома в качестве точки отсчёта также не является надёжным подходом, поскольку строительство любого нового здания в таком селе может стать основанием для прекращения работы целого предприятия.
Кроме того, в последние годы участились случаи пересмотра и расширения границ населённых пунктов, а также их включения в состав городов.
В ряде случаев такие решения не учитывают сложившуюся на прилегающей территории производственную инфраструктуру. При этом на данных предприятиях, как правило, работают жители этих же населённых пунктов.
В результате предприниматели, ранее оформившие все необходимые разрешительные документы в установленном порядке, вложившие значительные средства, приобретшие технику, создавшие инфраструктуру и построившие производственные базы, сталкиваются с требованиями о закрытии своего бизнеса.
Мы полностью поддерживаем необходимость соблюдения требований безопасности и создания комфортной среды для проживания населения.
Вместе с тем в случаях, когда деятельность предприятий, начавших работу на законных основаниях, ограничивается в связи с последующими решениями в сфере территориального планирования, должны быть предусмотрены чёткие механизмы защиты прав и законных интересов добросовестных предпринимателей.
Предприниматели, вложившие средства в разрешённую государством деятельность, не должны нести убытки и становиться банкротами вследствие решений, в принятии которых они не участвовали. Если государство ожидает от бизнеса долгосрочных инвестиций, оно обязано обеспечивать стабильность и предсказуемость принимаемых им решений.
Трудно признать справедливым подход, при котором жилищное строительство планируется без учёта действующих производственных объектов, а впоследствии ставится вопрос об ограничении или прекращении деятельности этих предприятий. Фракция «Ақ жол» уже неоднократно обращала внимание на данную проблему в ходе споров с государственными органами по вопросам санитарных зон заводов «Кублей», «Кагазы Рисайклинг» и других предприятий.
В связи с изложенным фракция Демократической партии «Ақ жол» просит:
Во-первых, провести комплексный анализ практики применения статьи 25 Кодекса «О недрах и недропользовании» в отношении предприятий, деятельность которых ограничена в связи с расширением границ населённых пунктов либо последующим появлением жилой застройки.
Во-вторых, разработать законодательные механизмы защиты прав добросовестных предпринимателей в подобных ситуациях. При этом предусмотреть возможность продолжения предпринимательской деятельности, установление переходных периодов, а также урегулирование имущественных вопросов в случаях, когда продолжение деятельности невозможно.
Сонымен қатар, республика бойынша осындай жағдайларды түгендеп, елді мекендердің шекараларын өзгерту және тұрғын үй құрылысын жоспарлау кезінде қолданыстағы өндірістік нысандарды міндетті түрде ескеру мәселесін пысықтауды сұраймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары
М. Шынасилова
Д. Еспаева
О. Нұралдинов
Ю. Ли
А. Қожахметов
Д. Ахметжаев
Б. Бибаев
Е. Юсупов
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын шағын және орта бизнес субъектілері үшін әкімшілік кедергілерді жою туралы
«Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Н. М. Нәлібаевқа
Авторы – Құрылтай депутаты Мейраш Шынасилова
«Ақ жол» демократиялық партиясына кең таралған пайдалы қазбаларды (құм, қиыршық тас, малтатас, саз және басқа да инертті материалдарды) өндірумен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдерінен өтініштер түсуде.
Бұл кәсіпкерлер өз қызметі арқылы жол, тұрғын үй және өнеркәсіп құрылысы салаларындағы маңызды жобалардың іске асырылуына, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіруге үлес қосып келеді.
Аталған сала кәсіпкерлері тап болып отырған өзекті мәселелердің бірі - рұқсат беру жүйесінің тиісті деңгейде реттелмеуі.
Мәселен, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 25-бабына сәйкес, елді мекендердің жерлерінде және оларға іргелес аумақтарда 1 000 метр қашықтық шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
Алайда, ауылдық жерлердегі көптеген елді мекендердің ресми шекаралары айқындалмаған. Ең жақын тұрғын үйге қарай айқындау да сенімсіз өлшем болып табылады, өйткені мұндай ауылда кез келген жаңа ғимараттың салынуы тұтас бір кәсіпорынның жұмысын тоқтатуға себеп болуы мүмкін.
Бұдан бөлек, соңғы жылдары елді мекендердің шекараларын қайта қарау және кеңейту, оларды қалалардың құрамына қосу үрдісі жиілеп отыр.
Кей жағдайларда, мұндай шешімдер іргелес аумақта қалыптасқан өндірістік жүйені ескермейді. Ал бұл кәсіпорындарда, әдетте, сол елді мекендердің тұрғындары өздері еңбек етеді.
Соның салдарынан барлық қажетті рұқсат құжаттарын бұрын белгіленген тәртіппен рәсімдеп, қомақты қаражат инвестициялаған, техника сатып алып, инфрақұрылым жүргізген және өндірістік базалар салған кәсіпкерлер өз бизнесін жабу туралы талаптарға тап болуда.
Біз қауіпсіздік талаптарын сақтау және халықтың жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру қажеттігін толық қолдаймыз.
Сонымен бірге заңды негізде жұмысын бастаған кәсіпорындардың қызметі кейіннен қабылданған аумақтық жоспарлау шешімдеріне байланысты шектелген жағдайда, адал кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың нақты тетіктері болуға тиіс.
Мемлекет рұқсат берген қызметке қаражат салған кәсіпкерлер өздері қабылдауға қатыспаған шешімдердің салдарынан шығынға ұшырап, банкрот болмауға тиіс. Егер мемлекет бизнестен ұзақ мерзімді инвестициялар күтсе, онда өзі қабылдайтын шешімдердің тұрақтылығы мен болжамдылығын да қамтамасыз етуге міндетті.
Қолданыстағы өндірістік нысандарды ескермей тұрғын үй құрылысын жоспарлап, кейіннен сол кәсіпорындардың қызметін шектеу немесе тоқтату мәселесін көтеру әділетті тәсіл деп тану қиын. «Ақ жол» фракциясы бұған дейін де «Кублей», «Қағазы Рисайклинг» және басқа да зауыттардың санитариялық аймақтарына қатысты мемлекеттік органдармен болған даулар барысында осы мәселеге бірнеше рет назар аударған болатын.
Осыған байланысты «Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы келесіні сұрайды:
Біріншіден, елді мекендердің шекараларының кеңеюіне немесе кейіннен тұрғын үй құрылысының пайда болуына байланысты қызметіне шектеулер қойылған кәсіпорындарға қатысты «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 25-бабын қолдану практикасына кешенді талдау жүргізуді.
Екіншіден, осындай жағдайларда адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық тетіктерді әзірлеуді. Бұл ретте кәсіпкерлік қызметті жалғастыру мүмкіндігін, өтпелі кезеңдерді белгілеуді, сондай-ақ қызметті жалғастыру мүмкін болмаған жағдайларда мүліктік мәселелерді реттеуді көздеуді.
Үшіншіден, мемлекеттік органдардың, оның ішінде жер учаскелерін беру және елді мекендердің шекараларын айқындау мәселелеріндегі іс-қимылдарының үйлестірілмеуі салдарынан жер қойнауын пайдалануға мемлекет берген лицензияның нақты қызметті жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етпейтін жағдайларға құқықтық баға беруді.