Каталог каналов Каналы в закладках Мои каналы Поиск постов Рекламные посты
Инструменты
Каталог TGAds beta Мониторинг Детальная статистика Анализ аудитории Бот аналитики
Полезная информация
Инструкция Telemetr Документация к API Чат Telemetr
Полезные сервисы

Не попадитесь на накрученные каналы! Узнайте, не накручивает ли канал просмотры или подписчиков Проверить канал на накрутку
Прикрепить Телеграм-аккаунт Прикрепить Телеграм-аккаунт

Телеграм канал «📚Пайдалы кітаптар»

📚Пайдалы кітаптар
63
0
3
3
0
Подписчики
Всего
897
Сегодня
0
Просмотров на пост
Всего
114
ER
Общий
14.57%
Суточный
9.8%
Динамика публикаций
Telemetr - сервис глубокой аналитики
телеграм-каналов
Получите подробную информацию о каждом канале
Отберите самые эффективные каналы для
рекламных размещений, по приросту подписчиков,
ER, количеству просмотров на пост и другим метрикам
Анализируйте рекламные посты
и креативы
Узнайте какие посты лучше сработали,
а какие хуже, даже если их давно удалили
Оценивайте эффективность тематики и контента
Узнайте, какую тематику лучше не рекламировать
на канале, а какая зайдет на ура
Попробовать бесплатно
Показано 2 из 63 постов
Смотреть все посты
Пост от 17.03.2026 00:12
110
0
0
Менің зікірімді жоғарылатып, ауыртпалығымды таста, жүрегімді тазалап, əурет жерімді сақта жəне күнəларымды кешір.

Иə, Алла! Сенің зор мейірімділігіңе жəне ұлы кешірімділігіңе жетуді нəсіп қылуды, барлық жақсы істерде олжалы болуды, барлық күнəдан пəк, аман болуды, жеңісіміздің жаннат болуын жəне тозақтан құтылуды сұраймын.

Уа, Аллаһ! Мен жүрегімді тура жолға жетелейтін, істерімді жинастыратын жəне біріктіретін, құпия амалдарды сақтайтын, анық істердің дəрежесін көтеретін, амалдарымды тазалайтын, тура жолымда аян болатын, кедергілердің бетін қайтаратын жəне барлық жамандықтан сақтайтын мейірімділігіңді сұраймын.

Иə, Алла! Сенен істегі орнықтылықты, тура жолда төзімділікті, берген нығметіңе алғыс айтуды, көркем ғибадат етуді сұраймын. Маған таза жүрек жəне шыншыл тіл бере гөр. Өзің білетін жақсылықты нəсіп етуіңді жəне Өзің білетін жамандықтан сақтауды сұраймын. Жəне Өзің білетіннен кешірім сұраймын. Сен – нағыз ғайыпты Білушісің.

Иə, Алла! Менің естуімді, көруімді, мінезімді, сырт келбетімді, отбасымды, өмірімді жəне амалымды берекелі етуіңді сұраймын, ізгі амалдарымды қабыл еткейсің. Сенен жаннаттағы биік дəрежені сұраймын.

Иə, Алла! Тəніме саулық бер! Иə, Алла! Естуіме саулық бер! Иə, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Иə, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан пана сұраймын. Сенен басқа ешбір құдай жоқ!

Уа, Аллаһ! Қиямет күні маған жеңіс, бақытты жандардың өмірін, шəһидтердің мекенін, Пайғамбарларға серік болуды жəне жауларымды жеңуді нəсіп етуіңді сұраймын!

Иə, Алла! Мен Сенен мінез-құлықтың, амалдардың, нəпсі- қалауларының жəне дерттердің жаманынан пана сұраймын.

Иə, Алла! Бізге Өзің кешірмеген бірде-бір күнəні, жасырмаған бірде-бір айыпты, айықтырмаған бірде-бір уайымды, өтемеген бірде-бір қарызды, Өзің разы болып, бізге дүние-ақыретте пайда болатын қажеттіліктердің бірде-бір қажетін қалдырмағайсың. Уа, мейірімділердің Мейірімдісі!

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), оның отбасына жəне сахабаларына игілік пен сəлем нəсіп ете гөр!
Пост от 17.03.2026 00:12
118
0
0
*ДҰҒАЛАР*

Иə, Алла! Сен менің айтқанымды естисің, тұрған жерімді көресің, ішкі сырымды жəне жария істерімді білесің, менің кез келген ісім Саған құпия емес. Мен Саған мұқтаж пақырмын, Сенен медет жəне көмек тілеушімін, барлық күнəларымды мойындап, Өзіңе жалбарынушымын. Сенен кедейдің мұқтаж халімен сұраймын, Саған күнəкар пенденің жалбарынуымен жалбарынамын, Сенен қорқып, Саған бас июшінің дұғасымен дұға етемін.

Иə, Алла! Менің естуімді, көруімді, мінезімді, сырт келбетімді, отбасымды, өмірімді жəне амалымды берекелі етуіңді сұраймын, ізгі амалдарымды қабыл еткейсің. Сенен жаннаттағы биік дəрежені сұраймын!

Иə, Алла! Сенен мен (осы) дүние жəне Ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Иə, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс- тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Иə, Алла! Менің əбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорықыныштан аман еткейсің. Иə, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан жəне төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын

Иə, Алла! Расында мен уайым-қайғыдан, əлсіздіктен, жалқаулықтан, сараңдықтан, қорқақтықтан, қарызға батудан əрі адамдардың басымшылығынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын!

Иə, Алла! Сенен тағдырдан кейінгі ризалықты, өлгеннен кейінгі жайлы өмірді, Сенің жомарт жүзіңді көру лəззатын, зиян тигізуші таршылықтан, адастырушы бүліктерден аман күйде Өзіңді кездестіруді сұраймын. Мені зұлымдыққа ұшыраудан, біреуге озбырлық істеуден немесе маған біреудің озбырлық істеуінен, кешірілмейтін күнə жасауымнан сақтанып, Өзіңнен пана сұраймын.

Иə, Алла! Сен – менің Раббымсың, Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Сен мені жараттың, мен – Сенің құлыңмын. Күшім жеткенше Саған деген уəдемде əрі сертімде тұрамын. Жəне жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Маған берген нығметтеріңді əрі күнəларымды да мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шын мəнінде күнəларды кешіретін Сенен өзге ешкім жоқ.

Иə, Алла! Мені үстімнен бір нəрсенің құлауынан, төбеден құлаудан, суға батудан, аптап ыстықтан, əлсіздіктен жəне өлер кезімде шайтанның мені адастыруынан сақтағайсың. Иə, Алла! Жылан шағып өлуден Өзіңе сыйынып, пана сұраймын жəне табиғатымнан болған қалаулардан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын.

Иə, Алла! Менің дінімді дұрыс, үйімді кең, ризығымды берекелі қылғайсың. Иə, Алла! Қатыгездіктен, бейқамдықтан, қорлықтан жəне кедейліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Иə, Алла! Кəпірліктен, пасықтықтан, мақтаншақтықтан, сұмғадан жəне риядан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, сақау, алапес болуымнан жəне жаман аурулардан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын.

Иə, Алла! Шынайы иман, иманды көркем мінез, артынан бақыт ілескен табыс, Сенен келетін мейірім жəне жарылқау, кешірім жəне разылығыңды сұраймын.

Иə, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Иə, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан жəне Ақырет азабынан құтқар.

Иə, Алла! Істерімнің қорғаушысы болған дінімді, өмір сүретін дүниемді, қайтып оралатын Ақыретімді түзегейсің. Өмірімді ізгі амалдарды көбейту, ал өлімімді барлық жамандықтан демалу қылғайсың. Уа, Раббым! Маған көмектесе гөр жəне маған қарсы көмектеспегейсің. Мені жеңіске жеткіз жəне біреуге жығып берме. Мені тура жолға сал жəне тура жолды маған жеңіл қылғайсың.

Иə, Алла! Өзіңді жақсы көруді жəне Сені жақсы көретінді жақсы көруді жəне Сенің жақсы көруіңе жақындататын əрбір амалды жақсы көруді маған нəсіп ет. Иə, Алла! Сенен мəселенің қайырлысын, жақсы дұға, жақсы нəтиже жəне жақсы сауап сұраймын. Мені бекем ет жəне таразымды ауырлат, иманымды нығайт, дəрежемді көтер, намазымды жəне ғибадаттарымды қабыл ет, қатемді кешір жəне маған жоғары дəрежелі жаннатты нəсіп ет.

Иə, Алла! Сынақ қиыншылықтарынан, бақытсыздықтардың жалғасуынан, тағдырдың жамандығынан, дұшпандардың басынуынан Саған сыйынып, пана тілеймін. Уа, жүректерді құбылтушы Алла! Жүрегімді Өз дініңе орнықтыр.

Уа, Аллаһ! Жақсылықтың бастауы мен соңын, əуелгісі мен ақырғысын, əшкересі мен жасырынын, жаннаттағы биік дəрежелерді сұраймын.
Смотреть все посты