Телеграм канал 'Асыл насихат'

Асыл насихат


558 подписчиков
295 просмотров на пост

"Мен тақуа емеспін,бірақ тақуаларды жақсы көремін. Мен күнәxарларды жек көремін.Бірақ, олардан да жаманмын"

(Абдулла ибн Мүбәрак)

Детальная рекламная статистика будет доступна после прохождения простой процедуры регистрации


Что это дает?
  • Детальная аналитика 186'542 каналов
  • Доступ к 67'582'551 рекламных постов
  • Поиск по 256'593'637 постам
  • Отдача с каждой купленной рекламы
  • Графики динамики изменения показателей канала
  • Где и как размещался канал
  • Детальная статистика по подпискам и отпискам
Telemetr.me

Telemetr.me Подписаться

Аналитика телеграм-каналов - обновления инструмента, новости рынка.

Найдено 293 поста

قال ابن الجوزي -رحمه الله- :

"يا كثير الذنوب، قليل البكاء: ابكِ على عدم بكائك، كانوا يبكون مع التقوى وأنت تضحكُ مع الذُّنوب ؟!."

[ الخواتيم (٢٥٤) ]

Ибн Жаузи ( Рахимаһулла):

"Ей, көз жасы аз, күнәсі көп жан!
Кезінде жыламаған нәрселерің үшін көз жасыңды төк.. Бұрынғылар тақуа бола тұра жастарын төгетін.
Ал сен күнәхар бола тұра күлесің бе?!."

[ Аль- Хауатим /254 ]

🔹https://t.me/utlubu

🔹https://instagram.com/abilaikhan.kz
🖇 Сен жалғыз өлесің жəне қабірге жалғыз кіресің...

✅ Хасан аль-Басри (Алла оған разы болсын) айтты:

"Адамдардың көпшілігінен көрген нəрселерге алданбаған адамға, Аллаһтың рақымы болсын. Адам баласы, сен жалғыз өлесің, қабірге жалғыз кіресің, жалғыз қайта тірілесің, жалғыз есеп бересің..."

📚Қараңыз: [аз-Зухд 1557]
Ешқашан өзіңді жалғызбын деп ойламашы. Жалғыздық тек Аллаға ғана тән. Көңіл-күйің түскен уақытта сені бәрінен артық жақсы көрер мейірімді, ұлық Раббың барын есіңе алшы. Сен қанша күнәға батсаң да, кешіріп, мейірімін төгіп жатыр емес пе? Ол сені бәрінен артық жақсы көреді. Басыңа келген сынақ та оның мейірімі. Жалғызсыраған сәттеріңде жаратылғанды емес, өзінің Жаратушысын көбірек есіне алса екен дейді.Мені ешкім жақсы көрмейді деп ойлаған сәттеріңде сені бәрінен артық жақсы көрер ұлы Жаратушының жаныңда екенін біл. Жаның жалғызсыраған сәтте осыдан 14 ғасыр бұрын ең ерек адамның сен үшін көзінің жасын көл етіп дұға еткенін есіңе ал. Пайғамбарың(ﷺ) сені өз баласынан да артық көріп, үмбетім де егілмеп пе еді? Бұл дүниеде дәл қазір жаныңда ешкім болмаса да, ақыретте Кәусардың жанында Пайғамбарың(ﷺ) сені күтетінін ұмытпа!

Ей, жолаушы! Егілмеші! Көзіңнің жасын сүртші! Сені әлі алда көп нәрсе күтіп тұр. Раббыңа оның Жәннатына лайықты екеніңді дәлелдеші! Соңғы демің таусылғанша ата-анаң үшін жақсылықтар жасауға тиіссің. Олардың қараңғы қабірінің жарқырауына сенен өзге кім себепкер болмақ? Еңсеңді тік ұста! Жылағың келсе, дүние үшін емес, ақырет үшін жылашы. Өзіңнің, ата-ана, бауырларыңның және күллі мұсылман бауырларыңның қабірдегі, ақыреттегі күйін ойлап жыла. Жылауға тұрарлық нәрсе осы.

Сен жалғыз емессің, Айым. Жаныңда ұлы Раббың, жүрегіңде иманың бар. Жалғызбын деп ойламашы.

Сен мықтысың,Айым...

(көңіл-күйің түскен кезде, Раббысымен қауышқан жақындарыңды сағынғаныңда осы хатты оқышы)
Қызыма білмененнен білген, қараңғыдан жарық, зұлымдықтан мейірім күшті екенін көрсете алуым керек. Әлемнен қорқуды емес, сенуді үйрете алуым керек. Бірақ, ол үшін ең бастысы мұның барлығын алдымен өзім білуім керек.Себебі өзің білмегенді өзгеге үйрету мүмкін емес.

Торғын Жолдасбекқызы "Араша"
О, Аллаһ, прости меня за те грехи, в которых я покаялся, но совершал их снова... 💔
Насихат қаласаң Өлім жеткілікті
Изображение
إِنَّ اللَّـهَ وَمَلَائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّۚ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا

Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер. (әл-Ахзаб: 56)

Құрметті бауырлар Робиғул Аууал айына кірдік. Бұл ай Алла елшісі ﷺ дүниеге келген ай. Алла елшісіне салауатты күшейтейік.!

🔹https://t.me/utlubu
🔹https://t.me/utlubu

🔹https://instagram.com/abilaikhan.kz
Изображение
СҰРАҚ:
Білім талапкері сабақтан және кітап оқудан қалай демалса болады? Кейде шаршаймыз. Мүмкін сізде бұл мәселеде тәжірибе болар?

ЖАУАП:
Лекция тыңдасаңыз болады немесе спортпен айналыссаңыз болады. Немесе пайдалы кітаптар оқу, мысалы тарих кітаптарын немесе жан ұямен қонаққа бару. Жалпы айтқанда білім талапкері өз уақытына жұмыс секілді қарау керек. Мысалы, жұмыс сегіз сағатқа созылады.
✅ Әссәләму'Әлейкум уа рахматуллаһи уә бәрәкә туһу Құрметтілерім
-
✅ Алла қаласа алдағы 19.10.2020 күні, парақшаның негізін қалаушы Ахмад бауырымыз "Түрік тілінің базалық деңгейін яғни А1-А2" оқытады

✅ Оқу мерзімі 2-ай
Сабақтар Зоом арқылы өтіледі
Аптасына 4-мәрте


✅ Курс құны небәрі - 2990 теңге


✅ Тек 10 ер бала, 10 қыз бала қабылданады


@muqallid07 жазыңыздар
ҚАБІРДЕН ҚОРҚУ

Өлгенде қабірге түсетіндігінен қатты қорыққан бір бай қайтыс боларының алдында былай деп өсиет қалдырыпты: «Кім де кім мен өлгенде қабіріме бір түн қонып шықса, сол адамға байлығымның тең жартысын қалдырамын!»

Айтқандай-ақ көп уақыт өтпей бай қайтыс болыпты. Байды қабірге қоярда оның өсиеті бойынша жақындары қабірге бірге қонып шығатын адам іздестіріпті. Бірақ онымен бірге барып қонуға ел ішінен ешкімнің жүрегі дауаламаса керек. Бұған елдің жүгін тасып күнелтіп жүрген, бір құлаш арқанынан басқа түгі жоқ сіңірі шыққан бір кедей ғана көніпті.

Әлгі кедей баймен бірге қабірге түсіп жатады. Кеш бата ел аяғы саябырсығанда екі періште келіпті. Келген періштелер қабірдегі екеуге қарап: «Мына жерде екі адам жатыр екен. Біреуі – өлі, екіншісі – тірі екен. Өлісі қайда қашар дейсің, кел, тірісінен жауап алайық» деп кедей байғұсты бүкіл өмір бойғы істеген тірліктері үшін жауапқа тартса керек. «Мына арқанды қайдан алдың? Онымен не істедің? Қашан, қай жерге не апардың? Бұл өзіңдікі ме, өзгенікі ме?» деген сұрақтарға жауап берумен пақыр-екең таңды әрең атырыпты. Бір ғана арқанға жауап берем деп қиналған кедей байғұстың есі шығып, үсті-басы әбден қара терге малшыныпты. Бір ғана арқанның есебін бере алмай есі шыққан ол ертесі өзін «Байдың жарты байлығына ие болдың!» деп, құттықтай келгендерге: «Ойбай-ау, мен түгім жоқ тақыр кедей бола тұра бір ғана арқанның есебін бере алмай таңды көрер көзбен әрең атырып әбден сілікпем шықты. Сендер маған қалайша сонша байлыққа ие бол дейсіңдер?! Қой, айналайын, ондай байлықтарың бар болсын. Аулақ!» деп азар да безер болып ат-тонын ала қашқан екен.

📚Құдайберді Бағашар-Тағылым тамшылары, 190-бет
🎙
📜 قال علي بن أبي طالب رضيۧ ٱللهۂَ عنۨــہهۂَ واصفا قيمة العلم:

“رَضينا قِسمَةَ الجَبّارِ فينا
لَنا عِلمٌ وَلِلجُهّالِ مالُ
فَإِنَّ المالَ يَفنى عَن قَريبٍ
وَإِنَّ العِلمَ باقٍ لا يزالُ”


🖋 Али Ибн Ади Толиб (رضيۧ ٱللهۂَ عنۨــہهۂَ)
білімнің мәртебесін баяндайды:

“Құдіретті Алланың үлестіргеніне разы болдық,
Біздерге ғылымды, ал надандарға мал-дүниені берді.
Ал, мал-дүние көп ұзамай жоғалады,
Расында, білімғой сол қалушы еш жоғалмастан.”

t.me/utlubu

https://instagram.com/abilaikhan.kz
Голосовое сообщение, 60 сек.
📜 قال ابن جني رضيۧ ٱللهۂَ عنۨــہهۂَ:

" لا تكاد تجد كتابا في النحو إلا والتصريف في آخره "

🖋 Ибн Жинни ( رضيۧ ٱللهۂَ عنۨــہهۂَ )айтады:

“ Наху ғылымынан қандай кітап табар болсаңда, сарф ғылымы соңында тұрады “

📌 Бұл жерден түсінетініміз сарф ғылымына қатты көңіл бөлу керек екенін аңғарамыз.
Себебі сарф ғылымы наху ғылымынан қиын екенін айтты.

Ас саляму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!!!

Құрметті араб тіліне қызуғушы жандар.
Сіздерді сарф сабағынан өтетін кезекті курсымызға шақырамыз!!!
Бастауыш деңгей “Әмсилә” кітабы бойынша өтіледі.

📹 Курс зум қосымшасы арқылы болады.

Сабақ аптасына 2 рет болады.

❗️Үй тапсырмасы қадағаланып сұралады

🧕🏼👳🏻‍♂️Ұлдар мен қыздарға бөлек топтар ашылады.

Орындар санаулы 10 адам ғана.

Курс құны: 4000 тг 💳

🔹https://t.me/utlubu
🔹'/@utlubu' target='_blank' data-info='https://t.me/utlubu' class='text-underlined'>https://t.me/utlubu

🔹https://instagram.com/abilaikhan.kz
Изображение
‼️ Дәрістің жүру барысы:

🔹Аллаһтың ﷻ сөзі мен Оның Елшісінің ﷺ хадисін дұрыс түсініп, соған сай амалда болуға ниет ету,

🔹Күніне Құран Кәрім кітабынан ең кемі 10 аяттан 100 аятқа дейін оқып отыру,

🔹Күнделікті зікір бекітіп, соған тұрақты болу,

🔹Парыз/уәжіп амалдарына бекем, сүннетке ынталы болу,

🔹Дұғада әрдайым дін еңбегіне қабыл болуын сұрау,

🔹Ілімнің төңірегіндегі барлық амалда әдеп сақтау,

🔸"Наху мир" мәтінін (арабша, қазақша, орысша (әркім қалаған тілінде)) жаттау (тапсыру жолын кейін хабарлаймыз),

🔸Дәптер (үлкен) бастап әр дәріс бойынша конспект жазу (ол да тексеріледі),

🔸Белгілі бір сабақтар сайын болып тұратын (гугл форматындағы) тест сынағынан өту,

🔸Сөйлемдерге жасалған грамматикалық талдауды жаттап алу/тапсыру,

🔸Күнделікті опросқа тұрақты/шынайы жауап қылу,

🔸Жауапкершілік ұстаздың емес, өз ұятыңыз бен Раббыңыздың алдында екенін ұғыну.

‼️Белгілі уақыттан кейін канал жабылып, ары қарай өз жұмысын жабық күйде жалғастырады.

Canal:
https://t.me/taammul53l57
Ал бисмилля, кітаптың басылып шығуына себепкер болыңыз. Бұл кітаптан пайда алған әрбір адамның сауабы сізге де барып тұрады. КІТАП БАСЫЛЫП ШЫҚҚАСЫН ТЕГІН ТАРАТЫЛАДЫ👍
Изображение
🔉🔉🔉

Оффлайн түрде (телеграмма парақшасында), сарф - араб тілі морфологиясынан сабақ өтеді. Тек әйел адамдарға (яғни қыздарға).

Талап: дұрыс ниет, Құран оқу білу, сабырлық, толықтай тәртіпке бағыну. Дәрістер тегін (біз дәрістерге ақша алмаймыз). 24/6 сабақ әр түрлі уақытта беріледі, жұма күні демалыс. 15 адам алынады, үлгерген адам үлгерді, кім үлгермей қалса ИншаАллагъ он күннен кейін қайтып басқа топ ашылады. Қазір екі топ сабақ алып жатыр. Кім алдын үлгермей қалды, баяндап айтуынызды сұраймыз. Ер адамдар мазаламаған дұрыс болады, Аллагъ Тааля көруші әр нәрсені, лас ниеттен сақ болайық. Аллагъ Тааля разы болсын баршамызға.
💬 Иманды жаңартып, арттырып тұрудың маңыздылығы...

Аллаһ Тағала мұсылмандарды имандары мен тақуалықтарын арттыруға бұйырып, қасиетті Құранда былай деген:

﴿وَتَزَوَّدُوا۟ فَإِنَّ خَیۡرَ ٱلزَّادِ ٱلتَّقۡوَىٰۖ وَٱتَّقُونِ یَـٰۤأُو۟لِی ٱلۡأَلۡبَـٰبِ﴾

﴾Жолазықпен қамданыңдар, ал жолазықтың ең жақсысы – тақуалық﴿.
Бақара сүресі, 197-аят.

Сондай-ақ, хадистердің бірінде Аллаһ елшісі де (ﷺ) өз үмбетіне имандарын жаңартып тұруларын өсиет етіп кеткен:

ﺇﻥ اﻹﻳﻤﺎﻥ ﻟﻴﺨﻠﻖ ﻓﻲ ﺟﻮﻑ ﺃﺣﺪﻛﻢ ﻛﻤﺎ ﻳﺨﻠﻖ اﻟﺜﻮﺏ اﻟﺨﻠﻖ، ﻓﺎﺳﺄﻟﻮا اﻟﻠﻪ ﺃﻥ ﻳﺠﺪﺩ اﻹﻳﻤﺎﻥ ﻓﻲ ﻗﻠﻮﺑﻜﻢ.

«Ақиқатында, сендердің іштеріңдегі (жүректеріңдегі) имандарың үстеріңдегі киімдерің тозатыны, ескіретіні сияқты тозып, ескіріп отырады. Сондықтан, Аллаһтан әрдайым жүректеріңдегі имандарыңды жаңартуын сұраудың үстінде болыңдар».
📚 Табарани (14668), әл-Хаким (5).

Осы тұрығдан, имандарына ең берік абзал жандар (сахабалар) бір-бірін имандарын арттыруға үгіттесіп отырған. Мәселен, мүміндердің әмірі Омар ибн Хаттаб (Аллаһ одан разы болсын) өзінің жолдастарына:

تعالوا نزدد إيمانا.

«Келіңдер, (бізбен бірге отырып, ақиқат пен сабырды үгіттесіңдер), имандарымызды арттырайық»- дейтін болған.
📚 Мусоннаф Ибн Әби Шейба (11/26).

Ал, Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ одан разы болсын) болса, келесідей дұға қылумен өткен:

اللهم زدني إيمانا ويقينا وفقها.

«Аллаһым! Мені менің иманымды, яқинымды (айқын сенімділігімді) және діндегі түсінігімді (білімімді) арттыра гөр».
📚 Абдуллаһ ибн Ахмад «Әс-Сунна» (1/368).

Алдыңғы өткен ізгілеріміздің имандарына алаңдап, бір-біріне ақиқат пен сабырды, тақуалық пен иманды үгіттесулері тектен-текке емес, өйткені, олар осы нәрсені үгіттеспегендерден басқасының барлығы ақыретте қасірет шегетінін тым жақсы түсінген. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿وَٱلۡعَصۡرِ * إِنَّ ٱلۡإِنسَـٰنَ لَفِی خُسۡرٍ * إِلَّا ٱلَّذِینَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّـٰلِحَـٰتِ وَتَوَاصَوۡا۟ بِٱلۡحَقِّ وَتَوَاصَوۡا۟ بِٱلصَّبۡرِ﴾.

﴾Асырмен (куақытпен) ант етемін! Расында, адамдардың барлығы зиянда, үлкен қасіретте. Тек иман келтірген, ізгі амал жасаған әрі бір-біріне ақиқатты және сабырды үгіттескендерден басқалары﴿.
Асыр сүресі, 1-3 аяттар.
@bauirjanaliuli парақшасынан
Изображение

Найдено 293 поста