"Байқа! Алаяқ!" — егде жастағы адамдарға көшеде кезіккен, болмаса телефон шалған бейтаныс адамдарға сене беруге болмайтынын түсіндіруді мақсат еткен фильм.
Қазір банк шотынан ақша ұрлау, адамның көңілшектігін пайдаланып алдап кету өршіген заман. Осындай алаяқтық істердің егжей-тегжейін комедия арқылы, отбасы қарым-қатынасына құрылған сюжет арқылы түсінікті тілмен беруді шешіпті авторлар.
Абсурд тұстары да, келіспей қалған жерлері де бар енді. Бірақ әке-шешеңді ертіп бір күліп қайтуға болады деп ойлаймын.