Телеграм канал 'Халық жаңалықтары'

Халық жаңалықтары


21'678 подписчиков
0 просмотров на пост

Жаңалық бізден, әрекет сізден!

Сұрақтарыңызды немесе ұсыныстарыңызды осы жерге жазыңыз @HalykAdmin_bot

Детальная рекламная статистика будет доступна после прохождения простой процедуры регистрации


Что это дает?
  • Детальная аналитика 251'217 каналов
  • Доступ к 110'686'111 рекламных постов
  • Поиск по 436'156'791 постам
  • Отдача с каждой купленной рекламы
  • Графики динамики изменения показателей канала
  • Где и как размещался канал
  • Детальная статистика по подпискам и отпискам
Telemetr.me

Telemetr.me Подписаться

Аналитика телеграм-каналов - обновления инструмента, новости рынка.

Найдено 67 постов

Этнический казах в парламенте Узбекистана пользуется популярностью

... По мнению Юлдашева, на итоги президентских выборов повлияет не коронавирус, а цены на продукты.
- Народ традиционно дисциплинированно ходит на выборы. Сейчас действующего президента поддерживают от 40 до 60%. Большинство населения не хочет за него голосовать. Лично мне импонирует Расул Кушербаев (узбекский политический деятель казахского происхождения, редактор, журналист, депутат Законодательной палаты Олий Мажлиса – авт.). Если голосование пройдет без фальсификаций, может случиться, что Мирзиеева не изберут, - прогнозирует блогер.
Новости соседей не очень хорошие. Морковь за 1 доллар ничего не напоминает?
@abzhannews
Web-страница:
Как пандемия повлияет на президентские выборы в Узбекистане?
27 июля на заседании Законодательной палаты Олий мажлиса Узбекистана депутаты в первом чтении дополнили статью 28 Закона «Об охране здоровья граждан» нормой …
Қосшы ауылына қала мәртебесі берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жаңа жарлығы жарияланды.

Құжатқа сәйкес, Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылатын болады.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР заңының 9-бабына сәйкес:

✅Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

✅Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын.

✅Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Ақтау
Видео/гифка, 36 сек,
Бүгін Токио Олимпиадасында ерлер арасында ауыр атлетикадан жүлде жиынтығы сарапқа салынды. 61 килода төрт жылдықтың басты додасына аттанған Игорь Сон 294 келіні еңсеріп, қола медаль алды.
Изображение
Елдос Сметов екі дүркін әлем чемпионына жол берді

Дәл қазір Токиодағы «Ниппон Будокан» аренада Елдос Сметов жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы жапониялық дзюдошы Наохиса Такатоға жол берді. Енді отандасымыз қола жүлде үшін таласады. 
Изображение
Болашақ әкім өмірімді жақсы жаққа өзгертемін,- дейді...

PS: 25 шілде ауыл әкімдерін сайлау өтеді
Видео/гифка, 9 сек,
Түркістан облысында жүк көлігі көпірден ұшып кетті

Жол апаты Ақсу ауылынан 5 шақырым жерде болған.

25 жастағы Volvo жүк көлігінің жүргізушісі белгісіз себептерге байланысты рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, қоршауды бұзып, көпірден аударылған. Жүк көлігі өртеніп кетті.

Жүргізуші көліктен секіріп үлгерген, бірақ оның серігі отқа оранып, қайтыс болды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жүргізуші мен оның серігі - Қырғызстан азаматтары.
Изображение
Құрбан айтта қанша күн демаламыз

Биыл Құрбан айт мерекесі қажылықтың аяқталатын кезеңі - 20 шілдеге тура келеді, деп хабарлайды.

Бұл күн сейсенбіге сәйкес келеді және демалыс күні болып есептеледі. Биыл демалыс күнін ауыстыру деген болмайды. 19 және 21 шілде - жұмыс күндері.

Алайда, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қазақстандықтар бұл күнді онлайн режимде атап өтуге мәжбүр болады.

Сол себепті де Нұр-Сұлтанда дәстүрлі түрде Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын базарлар мен шаруа қожалықтарының жұмысы тоқтатылады. Алматыға малдың әкелінуіне жол бермес үшін қаланың кіре берістеріне бекеттер қойылады, делінген ҚМДБ сайтында.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлының айтуынша, 20 шілде күні таңғы сағат 7-де қатаң санитарлық нормалардың талаптарын сақтай отырып, "сары" және "жасыл" аймаққа енетін өңірлерде 10 минуттық Құрбан айт намазы оқылады.
Түркістан облысы Келес ауданындағы Абай ауылында ата-аналар мен өтініш берушілердің көпшілігі 086 сертификаты үшін емханаға басып кірді.
Видео/гифка, 32 сек,
📣 4 өңірде карантиндік шараларды күшейту бойынша

ВАК ел бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің 55%-ын құрайтын Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, Қарағанды және Атырау облыстарында карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады:

🔹«Ashyq»-қа қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және микроавтобус тасымалдары уақытша тоқтатылады.

🔹Жабық жағажайлар мен аквапарктардың, аттракциондардың қызметі тоқтатылады.

🔹Демалыс күндері «Аshyq»-қа қатысатынына қарамастан, қоғамдық көліктің, СОСО-ның, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, спорт объектілерінің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, фудкорттардың (тамақ жеткізумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі), фитнес-орталықтардың, кинотеатрлардың, білім беру орталықтарының, ХҚКО-лардың, Қазпошта бөлімшелерінің, діни нысандардың жұмысына тыйым салынады.

🔹Жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін балалар ойын-сауық орталықтарының, СОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, ашық және жабық базарлардың қызметі шектелген.

🔹Жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін («Ashyq» қатысушылары – сағат 20:00-ге дейін) қоғамдық тамақтану объектілерінің, фудкорттардың, фитнес-орталықтардың, кинотеатрлардың қызметі шектеледі.

❗️Вакцина алған және соңғы 3 ай ішінде коронавирустан жазылып шыққан адамдарды қоспағанда, барлық ұйымдардың 80% қызметкері үшін қашықтан жұмыс істеу форматы енгізіледі.

Премьер-Министр өңірлердің әкімдіктеріне, әсіресе Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.

КВИ таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев 15 шілдеден бастап тексеріс болмайтынын айтты.

"Қарастыру мерзімі 19 шілдеге дейін. 19 шілдеден кейін қызмет көрсету саласы үшін вакцинация мерзімін ұзартудың жаңа алгоритмі белгілі болады. Кеше ВАК міндетті вакцинация мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік органдар мәселені қарайды және қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін ұсыныстар енгізеді. 15 шілдеден бастап тексеріс болмайды", - деді Байтанаев.
Изображение
Индустрия министрлігі Қазақстанда баспана қашан арзандайтынын айтты

Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, қазір елдің жылжымайтын мүлік нарығында бағаның тұрақтануы байқалады.

"Қаңтарда жаңа тұрғын үй бағасы 3,8%-ке, екінші нарықтағы баспана бағасы 7,2%-ке өсті. Маусымда екінші нарықтағы үй бағасы 1,2%-ке өссе, жаңа үйлер 0,9%-ке арзандады. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерін пайдалануға байланысты тұрғын үйге деген үлкен сұранысқа орай туындаған дүрлікпе қазір тұрақталып жатыр. Маусым-шілдеде бағаның тұрақтануын көріп отырмыз. Жеке болжамыма сай қыркүйекте баға төмендейді", - деді

Өскенбаев цемент, арматура, кірпіш, газ-бетон сияқты негізгі құрылыс материалдары бағасының күрт өсуі бұрын да тіркелгенін, алайда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты тұрғын үй құны өсіп қана қоймай, кейде төмендегенін атап өтті.
Изображение
Жасөспірім кішкентай қарындасын терезеден лақтырып жіберді

Ресей астанасы Мәскеу тұрғыны жаңа туған қарындасын терезеден лақтырып жіберді. 

Алдын ала анықталған ақпарат бойынша анасының өз жұмыстарына көңілі бөлінген сәтте 13 жасар бала сәбимен бір бөлмеде қалып қойған. Жасөспірімнің психикалық ауытқулары болған.

Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Болған жағдай толықтай зерттелуде.
2021 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:

🔴 «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

🟡 «Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

🟢 «Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

♻️♦️♻️
Изображение
Шымкент – Алматы бағытындағы ұшақта 9 жасар бала көз жұмды

Шымкент – Алматы бағытындағы ұшақта 9 жасар бала көз жұмды. Air Astanа әуе компаниясының баспасөз мәліметінше, қайғылы оқиға 9 шілде күні болған.

Белгілі болғандай, ақ қан дертіне шалдыққан балаға бұған дейін ауыр ота жасалған екен. КС 972 рейсіне отырар сәтте бала өзін нашар сезінгенгендіктен, оны экипаж оттегі аппаратына қосқан.

Бала аппараттың көмегімен 30 минут тыныстап жатқан, алайда артынша тынысы тарылып, көгере бастаған. Ал ұшақ төмендеген кезде есінен танып қалған.
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар 
саны көбейді


Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты. Коронавирустан 38 науқас, COVID-19 белгілері бар пневмониядан үш қазақстандық көз жұмды.

11 шілдедегі мәлімет бойынша 39 619 адам коронавирус инфекциясынан (38 171 КВИ+ және 1 448 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 910 пациент стационарда, 26 709 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
♻️795 адамның жағдайы ауыр
♻️175 пациенттің жағдайы өте ауыр
♻️102 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы республикада коронавирус инфекциясын 454 825 қазақстандық жұқтырды.
Осы ақпараттан кейін әлеуметтік желілерде мешіт қызметкерлерін кіналайтын түрлі теріс пікір тарап кетті. Біріншіде, бала зорлады деген дерек әлі нақтыланған жоқ. Екіншіден, бұл оқиғаның "Нұр-Мүбарак" мешіті және жатақханамен тікелей қатысы жоқ екенін айтқым келеді. Себебі аталған ғимараттар 6 гектар жерде орналасқан, осындай үлкен аумақты күзету үшін "Нұр-Мүбарак" университеті арнайы лицензиясы бар күзет агенттігімен ақылы негізде келісімшартқа отырған. Сондықтан осы аумақты күзету ісі агенттіктің мойнында

дейді "Нұр-Мүбарак" мешітінің бас имамы Кайрат Жолдыбайұлы.
Видео/гифка, 93 сек,

Найдено 67 постов