Телеграм канал '🖇𝗞𝗼𝗿𝗲𝗮𝗻_𝗳𝗮𝗻_𝗳𝗶𝗸𝗲𝘀🖇'

🖇𝗞𝗼𝗿𝗲𝗮𝗻_𝗳𝗮𝗻_𝗳𝗶𝗸𝗲𝘀🖇


233 подписчиков
116 просмотров на пост

𝙷𝚎𝚕𝚕𝚘 𝚔𝚘𝚜𝚑 𝚔𝚎𝚕𝚍𝚒𝚗♨️
𝙺𝚎𝚛𝚎𝚖𝚎𝚝 𝚏𝚊𝚗𝚏𝚒𝚔𝚝𝚎𝚛𝚖𝚎𝚗 𝚝𝚊𝚗𝚢𝚜𝚊 𝚘𝚝𝚢𝚛💜
𝙱𝚕𝚍: @Kooky_nk
Бас админка: @shopika_06
Цель: 300 под💘
Тапсырыс үстелі: @Tapsyrys_usteli_fanfik
Аякталған фанфиктер: @ayaktalgan_fanfikter_korean

Детальная рекламная статистика будет доступна после прохождения простой процедуры регистрации


Что это дает?
  • Детальная аналитика 289'162 каналов
  • Доступ к 140'257'897 рекламных постов
  • Поиск по 554'444'066 постам
  • Отдача с каждой купленной рекламы
  • Графики динамики изменения показателей канала
  • Где и как размещался канал
  • Детальная статистика по подпискам и отпискам
Telemetr.me

Telemetr.me Подписаться

Аналитика телеграм-каналов - обновления инструмента, новости рынка.

Найдено 171 пост

#Скрипка үні 236 под болғанда 4 - бөлім шығады. 4 - бөлімді уже аяқтайын деп қалдым тез-тез достарыңызды шақырыңыздар😊❤️
— 10 минут бойы күттім ғой, — Хе Ен енді келген Юнгиге. Юнги үндемеді.
— Бірден айтайын сен маған ұнамайсың, өз сүйгенім бар, — Хе Ен бәрін басынан шешіп алғысы келгендей.
— Құдды сен маған ұнайтындай, — Юнги аларып. Одан кейін ешкімде сөйлемеді. Алдын-ала қойылған тамақтарда сол күйі тұр. Юнги тек су ішумен болды. Кейін алдына дайын тұрған тамақты төгіп алды. Хе Ен ақырын орнынан тұрып:
— Бәрі дұрыс па? — деді.
— Дұрыс, тек кездесуді осы жерден аяқтайық. Ақыры екеуміздің де сөйлесуге құлшынысымыз жоқ, — арба дөңгелегінен сүйреп, сыртта күтіп тұрған қызметкерге тартты. Хе Ен да кездесудің осылай тез әрі оңай аяқталғанына іштей қуанып қойды да, көп бөгелмей үйіне тартты.

Жол. Бағанағы жолмен үйге қайтып барамыз. Үстіме төгілген тағамды сүрткенде жоқпын. Енді... Енді ертең химиялық тазалау-ға апаратын болсам несіне әуре боламын?

Эвелина үйге келді де жұқа, жерге салынған төсекке құлай кетті. Апасы мен Мираны барынша оятып алмауға тырысты. Бірақ апасы ақырын орынан тұрып:
— Эвелина? Қызым келдің бе? Сен кете салған бойда саған хат келген-ді. Тікелей саған қатысты болғандықтан ашып оқымадым, — деді әлдебір ақ парақты ұстата.
— Мәссаған, ертең берсеңізде болатын еді ғой. Ұйқыңызды бөлдім ау, — деді сәл ыңғайсыздана. Хатты алды да, сыртқа шықты. Кеш салқынымен отырып, хатты аша бастады.

Біз адамдардан өте көп нәрсе күтеміз, иә? Жылулық, мейірім мен махаббат. Бірақ барлығынан бірдей ол қасиетті көре бермейміз. Қатты үміттенеміз. Үмітіміз ақталмаса өзімізді нашар сезініп, не істеріңді білмей кетеміз. Солай өзімізді жоғалтып аламыз. Бүгіннен бастап былай істейік.. Адамдардан ешнарсе күтпейік. Жақын досымыздан да. Әйтпесе жүрегіңе салынған кішкене тіліктерден бір күні азап шегесің. Маған қатты байқалады. Ауырлық пен шаршаңдық. Шаршамдың ба? Үміттен! Алайда соған тұрарлық адамдардан. Эвелина үміт пен көңіл атты нәрселерден онша тәжірбиесі жоқ. Бірақ...Бірақ жақын арада бұл нәрсені де басынан өткізетініне сенімдімін.

#ARMY_girlツ - оқиға түсінікті болып жатыр ма?
💢 NEW FANFIC 💢

Тақырыбы; #Скрипка үні

Басты рөлдерде: Мин Юнги, Фраэль Эвелина.

Жанры; Мелодрама , романтика , драма т.б.

Автор: #ARMY_girlツ

Пролог: маған пойыз қағидасы қатты ұнайтын. Өзін күтпегенді, ол да күтпейді. Бірақ....әттең, осы қағиданы өз өмірімде қолдана алмадым...

ᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔ

3-бөлім


Кеш. Көлік іші. Іштей ашуланып отырсам да сыртқа білдірмеуге тырысудамын. Ын отбасымен кездесуге титтей де болсын құлшынысым жоқ. Осындай кездерде басымнан сипап, жұбататын анамды сағындым....

#еске_түсіру

Терезе алдында ойнаған балаларға көз тастаған балақайдың көздерінен жас білінеді. Кенет бөлмеге орта жастағы әлдебір әйел кіріп:
— Балам? Бәрі дұрыс па? — деді нәзік үнімен. Кішкентай бүлдіршін анасының сөздеріне шыдай алмады ішіндегі жастарды ұстай алмады. Көзінен ытқып шығып жатқан жастарды сүртуге де тырыспады. Анасы да артық сөзсіз жанына келді. Құшағын ашып, бүлдіршінін құшарлана иіскеп алды. Ұзын саусақтарымен басын сипап жұбатты. Біраз уақыттан кейін ғана:
— Олар мені өз ойындарына қоспайды, — кішкене бала тіл қата....

#аяқталды

Көлік көше шетіне тоқтады. Құрғақтанып үлгерген кастюм'ын көтеріп Юнги көліктен шықты. Әрине қызметкер көмегімен. Салқын жел жүзіне есіп денесін біраз шымырлатып жіберді.
— Химиялық тазалау осы жерде ме? — деді өзінен кейін көліктен шыққан қызметкерге қарап.
— Иә, осы жер. Қаласаңыз мен...
— Жоқ, өзім, — сөзін аяқтатпастан бірден тіл қатты. Сондағысы кездесуді барынша шегергісі келіп еді. Кішкене-ескірген қағазға «химиялық тазалау» деп жазылған дүкен ішіне арбаны сүйрете ене кетті.

Тым-тырыс. Кез-келген клиентті жібермеуге тырысатын сатуышының ізі де жоқ.
— Кхм-кхм, мұнда біреу бар ма? — деді Юнги ақырын. Кенет көзі орындық үстіндегі ұйқыдағы аруға түсті. Бейнесі таныс. Анасына қатты ұқсайды. Алыстан ақырын бақылады.

Орындықтағы ұйқы құшағында жатқан таныс бейнені көргенде жүрегім ауырып кетті Шарлота Джули. Анамның есімі қайта-қайта аузыма түсіп, қалай дауыстап айтып жібергенімді байқамай қалдым. Мүмкін емес. Осыншалықты ұқсастық болуы мүмкін емес.
Әлгі бикеште пеш жанынан жаңа ұйқыдан тұрған мысықтарша керілді де, ақырын көздерін ашты. Әлбетте мүгедек арбасында отырған мен оны шошытып алдым. Оған бағытталған жанарларымды тайдырдым да:
— Жұмысшы қайда? — дедім ақырын ғана.

Ақырын дегені өзіне ғана. Дөрекі әрі суық. Эвелинаның ол жайлы алғашқы ойлары.
— Ыыы.. Жұмысшы? Жұмысшы менмін, — деді Эвелина бірден есін жиып, орнынан атып тұрды. Юнги оған сәл бүртүрлі қарады да:
— Жұмысшылар қашаннан бері жұмысында ұйықтайтын болған? — сыбырлап. Әлбетте, Эвелина бұны анық естіді. Бірақ:
— Не тазалау қажет? — бар ашуын іште сақтап.
— Кастюм. Қолыңнан келеді ме?
Эвелинаның бұл сұрақты бүгін төртінші рет естуі.
— Келеді! — сәл зілденіп.
Юнги қолындағы кастюмды бикешке ұстатты.
— 15 минут, — Эвелина кастюмды алды да келесі бөлмеге кіріп кетті. Біршама минуттардан кейін Юнгидің іші пыса бастады. Арбасын ақырын сүйреп, арнайы үстелге келді. Үстел үстінде оқуға арнаоған бірнеше газеттер мен журналдар жатты. Бірақ Юнгидің көңілі ең шетіндегі кішкене кітапша тәрізді нәрсеге ауды. Қолын барынша созып, әрең алды.
Алғашқы бетіндегі қою-қара сиямен жазылған «кактус секілді нәзік бол» атты жазба оның көздеріне оттай басылды. Әрине басында біртүрлі көрінгенімен, өте ерекше еді.
«Мен Эвелина Фраэль» деп басталған кітапшаны қолынан біреу жұлып алды.
— Біреудің мүлкіне қол тигізуге болмайды деп үйретпеген бе? — Эвелина сәл ашулана. Юнги оның кітапша не журнал емес жеке күнделік екенін енді ғана аңғарды.
— Ортақ үстелде тұрған соң алып оқыдым, — байсалдана. Эвелина үн қатпады. Үстел үстіне қалдырған өзі ғой.
— Кастюм дайын, сізден 260 вон, — тақырыпты дереу басқа жаққа бұрып.
Юнги қалтасынан ақшаны шығарды да бикешке ұсынды. Кейін арбасын сүйретіп шығып кетті. Неге екені қайта келетініне сенімді болды.
— Ақымақ, дөрекі неме, — Эвелина артынан бұрқылдап. Кейін жұмыс уақыты аяқталғанын байқап, ол да шығып
— Ыы.. Есімім Эвелина.. Фраэль Эвелина, — деді жымиып.
— Тамаша есім. Айтпақшы Эвелина мына ұялы телефон арқылы кей адамдар тапсырыс жасайды. Сирек болғанымен, жаман емес, — деді үстел үстіндегі ұялы телефонға көз тастай. Эвелина сәл таңғалып қалды. Телефон атаулысын жиі естігенімен, өте сирек кездестіретін. Әкесінен хат алмасу арқылы жағдайын біледі. Эвелина ақырын басын изеді. Дәл осы сәтте бұл бикештен асқан бақытты жан болмады, сірә. Үйге барып, куанышты жағдайды бөліскенше асықты.

— Ешқашан! Өлсемде Ын отбасымен кездеспеймін, — Юнги бой бермей.
— Бұл талқыланатын нәрсе емес! Айттым, бітті, — Мин мырза Юнгиден көзін алмады.
— Қарапайым адамдар секілді болмағаным үшін бе? Осының бәрі сол үшін бе? «Өзің қалаған адамға үйлене алмайсың, себебі мүгедексің». Дәл осылай айтқың келді ме? — Юнгидің зілді даусы үй ішін алды.
— Сандырақтама! Сені ауқатты, текті әулетпен байланыстырмақпын. Бүгін кешке оралықтағы мейрамханаға барасың. Хе Ен да бұл нәрседен хабардар деп үміттенемін, — қырлы кастюм шалбар киген ер адам бұл әңгіменің нүктесін қойғандай. Юнгиде ары-қарай сөйлеуге батпады. Отты жанарымен әкесіне көз тастады да:
— Шық, бөлмені босат, — ашуланғанын жасыруға да тырыспады. Әкесі оған үш секундтық көзқарасымен қоштасқандай болды да, шығып кетті. Юнги ақырын ғана үстел үстіндегі суретке қол созды.
— Анашым, мені де сол кезде алып кетуің қажет еді ғой... — суретті аққұба саусақтарымен сипай.

Эвелина қуаныштан секіріп қойды да, жұмысына кірісті. Бақыттан басы айналып, әндетіп жүріп демде тапсырылған киімдерді жуып тастады.

Кеш.
— Дайынсыңдар ма? — бөлмеге кірген Мин мырза үймелеп тұрған қызметшілерге көз тастады. Аяңдай басып, ортасына үңіліп еді қара өңді келген кастюмдегі қызыл дақтарды көрді.
Оны байқаған қызметшілер тіз қатар тұра қалды. Арасынан біреуі суырылып шығып:
— Кешіріңіз, өтінемін. Юнги мырзаға әкелген шырынды төгіп алдым..... Бірақ әдейі емес, кешірім сұраймын, — деді басын қайта-қайта иіп. Даусынан діріл байқалады. Бұл үйдегі әр қызметші үшін заттардың құны бағалы еді. Өмір бойы жұмыс істеседе таппайтын ақшасына Мин отбасы болмашы зат сатып алатын. Мин мырза сөйлегелі жатқанда:
— Менде бәрі жақсы. Орталықта химиялық тазалау бар. Кездесуге де әлі уақыт бар. Тазалаған бойда, сол жақтан киіп шыға саламын, — салмақты жүзде Юнги. Мин мырза баласының райынан қайтқанына сәл жылыды да, келіскендей болды.

Эвелина жұмыстарды бітіріп шеттегі орындыққа жайғасқан болатын. Сол бойында көзі ілініп кеткен-ді.

Іс-түссіз, хабарсыз кеткен адамдарды іздейміз, ақырында таппаймыз. Бірақ белгісіз уақыттар өткенде ол қайта оралады. Бірінші ойымызға келетіні «мен сені іздедім. сағындым ғой. қайта аман-сау екеніңе қуаныштымын» бірақ тек ойымызға келеді. Тілімізді тістеп, өміріңде қайта пайда болғанына налитынымызды жеткіземіз. Ол бір жанда өзін әлемдегі ең кінәлі адам сезініп жапа шегеді. Неге? Неге бұлай? Ұзақтан бері көрмеген адамға жүгіріп барып, жылы құшағына кіріп кетпейтіндігімізге не кедергі? Жейдесіне сіңген иісін иіскеп, қатты сағынғанымызды неліктен айтпаймыз? Енді кетпеуін сұрап, жанымда мәңгі бол деп айта алмаймыз ғой.. Соншалықты намыстымыз ба? Иә..... Өкінішке орай кербездігіміз ұстап, әрқашан жалған эмоциялар көрсетеміз. Бәлкіім... Бұл да дұрыс шығар. Ол адамда сол нәрсеге үйреніп өміріңде бірнеше рет ғайып болып, сезіміңді одан әрі суытар.. Бетпердені тақпасақ, жұрт алдында үнемі күліп жүрмес едік, жүрекке тиген әр бір сөз үшін жылайтын едік... Бетпердеңді тақ, адамдар арасында ойнаймыз, Эвелина.....

Парақ беттерін бірінен соң бірін алып, оқып отырған ару көзіне таныс есімдер түсе бастады. Ары қарай оқуына да сол нәрселер себеп еді.

#ARMY_girl - Өтінем пікір қалдырыңыздаршы ұнап жатыр ма?
💢 NEW FANFIC 💢

Тақырыбы; #Скрипка үні

Басты рөлдерде: Мин Юнги, Фраэль Эвелина.

Жанры; Мелодрама , романтика , драма т.б.

Автор: #ARMY_girlツ

Пролог: маған пойыз қағидасы қатты ұнайтын. Өзін күтпегенді, ол да күтпейді. Бірақ....әттең, осы қағиданы өз өмірімде қолдана алмадым...

ᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔ

2-бөлім

Көз жасына жиылған қиындықтар жылау арқылы төгіліп кетер, бәлкім. Бірақ, жүрекке түскен ауыртпашылық пен дақтарды жуып кетіру оңай емес. Тым бақытты болып жүріп, өмірдегі ең қайғысы көп адамға айнала аламыз. Оған себеп те көп. Алайда көңіл кіршіксіздігіне көңіл бөлетін адамдар аз. «Көңіл», «сезім» атты аппақ айдынды үлкен қара дақтардан сақта.

— Рахмет қызым, рахмет — бетін әжім басқан қарт жымиа.
— Мира қайда? — деді үй ішіне көз тастап.
— Құрбыларымен ойнауға кеткен, қазір келіп қалар, — деді апасы. Кейін шәй ұсынып, бірге шер тарқасты.

— Ын Хе Ен! Не Лондонға оқуға кетесің не болмаса Мин мырзаның баласымен кездесуге барасың! — шашы иығынан асқан қызына әкесі зекіп берді.
— Бірақ.. Бірақ мен басқа адамды сүйсем ше? Маған жаның ашымайды ма, әке? Соншалықты қатігез болғаның ба? Оның үстіне... Ол.. Мүгедек, — жас ару соңғы сөздерді тұтығып, әрең айтты.
— Хе Ен, тіліңе ие бол! Лондонға кететін ойың болмаса, кездесуге дайындала бер, — есік тырсыланан бұрын әкесінің айтқан сөздері Хе Енды шошытып алды. «Мүгедек» деп айтқанына іштей өзін де кінәлап қояды, негізгі оны меңзегісі келмеген.
— Жек көремін бәрін, — осы сөздерді айтып үстел үстінде тұрған суды қылғытып жіберді.

Дәл осы кезде торланып тұрған аспаннан жаңбыр тамшылай жөнелді. Жаңбыр тырсылы терезеге тиіп, жел оны ұшырып әкетердей. Хе Ен терезеден сыртқа көз тастап:
— Сезімсіз болып барамын, іштей өліп барамын, — көзіндегі жастарды барынша ұстап.

— Олай болса мен тұрайын... Асыңыз әдеттегіден де дәмді болыпты, — Эвелина күлімдеп.
— Ас болсын, қызым. Өзіңді көп қинап жіберме. Әр жексенбі сайын тапқан жәрмеңке табысын бір нәрсе етіп жеткізерміз, — олай еместігін біліп тұрсада, немересін жұбатқысы келіп.
— Жоға, мүлде қиналып жүрген жоқпын. Оның үстіне жақында Мираның сабақтары басталады, басқа балалардан қалып қалғанын қаламаймын, — деді әлсін жымиа.

Өткінші жаңбыр болды ма екен, сәл басылып қалыпты. Әйтседе жаз жаңбыры жылы болады ғой. Эвелина әдеттегідей жұмыс іздеуге шықты. Ауқатты адамдардың арасында жұмысқа ілініп кету оңай емес-ті. Арасында артқы жағы ашылайын деп тұрған аяқ-киіміне қарап қояды. Құдды көше кезіп жүрген әр адамның көзі сол нәрседе секілді. Бірде көзі көше шетінде тұрған дүкен секілді нәрсеге түседі. Көзін ашып-жұмып сыртындағы жазуды әрең оқыды.
— Х.. химиялық... тазалау, — жақындай келе көзі жетті. Іштей мың ойланып ақырын есігін ашты. Ешкім көрінбейді.
— Кхм, кхм. Мұнда біреу бар ма? — Эвелина жан-жағына жалтақтай.
— Егер киім тазалауға келсеңіз, босқа үміттенбеңіз. Қазіргі уақытта жұмыс жасамаймыз, — ұзын етекті егде жастағы әйел.
— Жоқ... Мен жұмыс бойынша сөйлесейін деп едім,.. — деді Эвелина сәл қысыла. Екі күн бұрын жұмыс іздеп барған дүкеннен қуып шыққанын есіне түсіріп.
— Жұмыс деймісің? Жасың қаншада? — жылы жүзі жайланып.
— 19, — Эвелинада үміт пайда болып.
— Айгу, тым жассың ғой. Қолыңнан келеді ме? Бұл жерде кішкене жейдеден, алып көрпе тазалау үшін көп адамдар келеді. Аудандағы жалғыз химиялық тазалау орны, — сәл күдіктеніп.
— Иә, әрине! Барлығын жасауға дайынмын. Қолымнан бәрі келеді, — ұзын жеңді көйлек жеңін ақырын түріп қойды.
— Өзіңе сенімді болсаң болды. Есімім Хира Дженнет, — деді қолын ұсынып. Эвелина қуанып қолын алды.
— Бүгіннен бастап жұмысқа кіріссең болады. Жалпы жұмыс істемей тұрғанымызға көп болды. Қартайдым, барлық тапсырысты уақытында орындау мүмкін емес, — деді күліп, көптен бері ашылмаған перделерін ашып. Сәл қараңғы дүкен ішіне жан кіргендей болды.
— Мені Хира әжей дей бер, сенің есімің қалай?
Қыɜдᴀᴩғᴀ ᴀᴩнᴀᴧғᴀн ᴋᴀнᴀᴧ¡
Изображение
Есіктен сығалап тұрғанда есік сықыры естілді. Әлгі жігіт скрипкада ойнауын тоқтатып бірден артына қарады. Ал бикеш қашып үлгерген болатын. Келген ізімен жүгіріп, ғимараттан шығып кетті. Шыға сала есікке сүйене жерге отырды. Жүрегі кеудесінен шығып кететіндей.

— Мырза, сізде бәрі жақсы ма? — деді жүгірген дауысты естіп, жетіп келген қызметші. Жігіт үндемеді. Соңғы рет ғимаратқа бөтен адамның кіргені есінде жоқ. Негізінде бикештің жүзін көріп үлгерген жігіт оны тағы келіп қалады-ау деген үмітпен скрипкада ойнауын жалғастырды. Ол әлгі бикешті көргенде біраз таңғалғаны да бар. Біраз емес қатты таңғалды деу дәлірек. Себебі ол анасы қатты ұқсайтын. Иә, иә. Анасы француз аруы. Ол кісі дүниеден өткеннен кейін Францияда қалуды құптаған еді. Ал әлгі бикештің құлақ түбіне скрипка үні қайта естілді.. Ол скрипка үні тек сол бикешке арналғандай. Бәлкім қайта іздеп келер, сол үнді қайта жақыннан есту үшін?

Ғимараттан жүгіріп шыққан ару қораптарды көтерді де, жүгіре жөнелді. Ойынан бір сәтке шынайы өмір шығып, қиял жетегінде кеткен-ді. Бірнеше көше жаяу жүріп, үйге әрең жетті. Өте сирек кездесетін көліктер адам құнымен тең дерсің. Сиректігіне қарамай көше бойынан ізін суытқан емес.

— Апа, мен келдіім, — әлгі бикеш жеңіл аяқ-киімін шешіп жатып. Арғы бөлмеден жасы келген әлдебір әйел:
— О, келдің бе, Эвелина? Кешіктің ғой, — деді.
— Ия, сәл тұрып қалғаным рас. Бірақ жәрмеңкеден шыққан табыс аз емес, — деді күліп. Қалтасынан аз-маз ақшасын шығарып, апасына ұсынды. Апасының езуіндегі күлкі ұлғайып, немересін ақырын ғана құшақтай алды.

#ARMY_girlツ - жаңадан келген админкамын қолдау күтем!
💢 NEW FANFIC 💢

Тақырыбы; #Скрипка үні

Басты рөлдерде: Мин Юнги, Фраэль Эвелина.

Жанры; Мелодрама , романтика , драма т.б.

Автор: #ARMY_girlツ

Пролог: маған пойыз қағидасы қатты ұнайтын. Өзін күтпегенді, ол да күтпейді. Бірақ....әттең, осы қағиданы өз өмірімде қолдана алмадым...

ᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔᚔ

1-бөлім

Шуақты, керемет күн. Үй ішіне түскен сәуле де керемет. Сандық ішін ақтарып отырып, әлдебір кішкентай қобдишаны тапқан 12 жасар ару оның ішінде не бар екеніне асықты. Жүгіріп барып үйде ешкім жоқ екенін тексерді де, қайта қобдиша жанына келді. Ақырын, ептілікпен ашып, ішіндегі қағаздарды көріп аң-таң болды. Бір кітаптай болатын қоңыр, ескірген парақтарды қобдиша ішінен шығарды. Көптен бері қозғалмаған ау шамасы, бұрқырап шыққан шаң аруды түшкіртіп жіберді. Парақтарды біртіндеп ашып, оқуға бекінді. Алғашқы тұрған «Фраэль Эвелина» деген есімді кәріс қызы акцентпен әрең оқыды. Бірақ ары қарай оқуға деген құлшынысы арта түсті. Бірікпеген, ескі парақтағы не нәрсе екені маған да қызық. 12-жасар кәріс аруымен парақтағы не нәрсе екеніне бірге куә болайық..

• 1873 жыл. Әдеттегі күндерімнің бірі еді. Терезе алдында көше бойына көз тастадым. Париж көшесіндегі қарбалас.
— Мырза, қаласаңыз сыртқа шығып серуендеп қайтайық, — деген қызметші даусы ойымды бөліп жіберді.
— Кет, — дедім терезеден көз алмай. Мезі қылған, құлағыма жауыр болған сөздерді олар айтудан жалықпайды, тіпті... Ақырын мүгедек арбамды кері бұрдым да, үстел үстіндегі түймедақ салынған құмыраға көз тастадым. Жиіркенішті. Жек көремін, гүлдерді. Бар күшіммен итеріп жібердім. Құлақ жаңғыртқан дауыс сарай тәрізді үй ішін алғанына сенімдімін. Құмыра бірнеше бөлікке бөлініп, ішінен су еденге жайыла берді. Кері терезеге қарадым да, қабырғаға тіреліп тұрған скрипканы қолыма алдым.
Ақырын мойныма тақап, ойнауды бастап кеттім.

Қолындағы көп қорапты әрең көтеріп бір бикеш келеді. Жексенбі болған соң, жәрмеңкеден қайтып келе жатыр, шамасы. Тізеден асқан қоңыр көйлегі үстіне құйып қойғандай. Теңселіп, құлап қалардай. Бірақ бикеш назары кенеттен шыққан скрипка үніне ауды. Бұл жерден бірінші рет өтуі емес, сонымен қатар бірінші рет скрипка үнін естуі де емес. Құрыған дүние құрып кетсін деді ме.., скрипка үніне қарай ұмтылды. Құлағына майдай жаққан, бұл не дауыс екенін білгісі келген бикеш қолындағы көп қорапқа да мән бермеді. Мейлі бұл үн радиодан шықсын әлде адам орындасын, мейлі! Тек ғажап үнді жақыннан есту.. Әсем әуен үлкен бір ғимаратқа тірелді. Қораптарды шетке таман қойды да, есікті ақырын аша бастады. Қап-қараңғы ғимарат ішіне есік арқылы күн сәулесі түсті. Қара туфли киілген аяғын аяңдай ішке басты. Бойында үрей де бар, еді. Бірақ әлгі үнге деген қызығушылық басымырақ еді. Батылдығын жиып, ары қарай жүруге шешім қабылдадым. Сарай тәрізді ғимаратта адасып кету ғажап емес-ті. Қайтар жолда адасып кетпеу үшін, барынша мұқият болуда. Ақыры дауыс бір бөлмеден анық естілді. Бикеш аяғының ұшымен барып, есіктен сығалады. Дәл осындай көріністі көремін деп ойламаған еді.

Қара-қоңыр ағаштан қиылып жасалған мүгедек арбасында әлдебіреу отыр. Терезе алдында. Мойнына тақаған скрипканы әрлі-берлі ойнақтатып ғажап бір үн шығаруда. Сол бір жан бұл дауысты мәңгі естуге бар дерсің. Өнер бағалайтын адам ғой ол. Есік тесігінен бөлме ішіндегі басқа нәрселерге көз тастады. Бірнеше сыныққа бөлінген ваза. Жанында солуға сәл қалған түймедақ. Ваза ішінде тұрған ау шамасы. Және еденге жайылған кішігірім су. Бикеш үшін ваза ішінде түймедақ пен судың тұрғанын, оны әлгі жігіттің сындырып тастағанын түсіну қиын болмады. Бірақ неге? Қарапайым адамдар секілді жүре алмағаны үшін шамданғаны ма? Және бөлменің тағы бір бөлігінде қылқаламдар мен ақ парақтар жатты. Ақ парақ шималанған. Әлдебір түсініксіз сурет салынған. Анық қарасаң әйел адамның пішініне ұқсайды. Шетінде «Шарлото Джули» деп жазылған. Әлбетте әлгі бикеш бұны оқи алмады және ол суреттегі әйел әлгі мүгедек жігіттің ғашығы деп ойлады. Әсте олай емес. Ол жігіттің анасы. Дәлірек айтқанда анасының жас кезі.
:: Сᴀғᴀн ᴀᴩнᴀᴧғᴀн💗.
Изображение
Сәлем достар.Мен Дами.Көптен бері фанфик салынбай кетті.Кешірім өтінемін.Бізде сабақ.Сондықтан уақыт жоқ.Ары кетсе демалыс күндері ғана уақытымыз болады.Мен де ҰБТ ға дайындық ештеңеге көңіл бөлмеймін.Алда қызықты оқиғалар болады.❤️
Джехён:
--Ия ия.Ауруханадан қашан шығамын?
Джин:
-Ертең.
Джехён:
Туууууй.
Джин:
-Туйлама мен кеттім ертең алып кетемін.Еркелігіңді көрсетпе.
Джин:
-Сау бол.
Джин жымия палатадан шығып кетті.Өз үйіне де қайтты.

***

Чимин:
--Ол тәуірме?Қашан келеді екен.
Джин:
--Тәуір болды.Тамағын беріп кеттім.Ертең шығады екен.
Чимин:
--Аа.
Бәрі тамағын ішіп отыр.Тапсырыс берген болатын.
Намджун:
--Джехённің тамағына жетпейді екен.
Техён:
--Осы сен тамақты ойлап жүреді екенсің.
Намджун:
--Жай айттым ғой.
Чимин:
--Осы сен оған ғашық болып қалдың.
Намджун:
--Осы аузыңа келгенін неге айта бересің.Мен оған ғашық емеспін.Ол қызметші.Ал мен қызметшіге қарамаймын.
Чимин:
--Оу болды болды түсіндік.(күле)
Тамағын ішіп болып бәрі бөлмелеріне кіріп кетті.

Дами:Бұл бөлім ұнадыма?

Барьер: 15 ком
Солай кереметтей етіп тамақ жасауға кірісті.Беріліп кеткен.Тамағын жасауда.Болып дастархан жайып бәрін ұқыпты, тиянақты түрде істеп шықты.Бәрі бөлмелерінен шықты.Дастарханды көре сала бәрі дастарханға жайғасты.Тамақтың дәмін көре сала бәрі сүйсіне жеді.
Намджун аузына тамақ сала:
--Ммм..қандай дәмді.Қолың дерт көрмесін.Айтпақшы атың кім?
Джехён:
-Атым Джехён болады.
Намджун:
Мен Намджун.
Джехён:
Танысқаныма қуаныштымын.
Хосок енді бөлмесінен шықты.
Хосок:
--Уф басым ауырып тұр.Тамақ барма деп көзін ұқалай.
Джехён:
-Мырза келіңіз тамақ дайындадым.
Хосок:
--Мына қыз кім өзі?Мырза дейме.
Намджун:
--Ол қызметші ғой.
Хосок:
--Аа жарайды.
Бәрі асын іше сала,өз бөлмелеріне кіріп кетті.Ал Джехёнға дастархан жинау қалды.Ол жинастыра бастады.Үйді жинауға кірісейін деді.Бірақ үй тым үлкен еді.Джехёнға ауыр болары анық.Джехён ісін бастай бергенде басы айналып жерге құлап түсті.Бұл дыбысты ести бәрі бөлмесінен шығып келді.Бәрі оған қарай жүгіре келді.Джин оны көтере машинасына отырғыза ауруханаға апарды.Дәрігер Джехёнді тексеріп жатқан еді.Дәрігер оны тексеріп болысымен сыртқа шықты:
Дәрігер:
--Сіздер оның кімі боласыздар?
Джин:
--Ол біздің үйде қызметші.Оған не болды?
Дәрігер:
--Ол тамақ ішпеген және де көп жұмыс істегенге ұқсайды.Қазір дәрылерін жазып беремін.Өзіңізбен тамақ алып келіңіз.
Джин:
--Жарайды жүріңіз.
Чимин:
--Бірінші күннен осындай болса?Қалған күндері не болмақ?
Техён басын қаға:
--Тыныш отыршы.
Чимин:
--Айщ,енді шынымен де айтып тұрмын ғой.
Намджун басын тағы бір мәрте қағып жіберіп:
--Тыныш отыр деген соң отырсайшы онсызда өзіміз қобалжып отырсақ.
Чимин:
--Ой не болды сонша басымнан бас қалмайтын болды ғой.Кеттім үйге барамын.
Намджун:
--Ия шыныменде үйге қайтшы миімізді жеп қойдың ғой.
Чимин жұлқына шығып көлігіне отыра кетіп қалды.
Джехён оянды.Дәрігер жігіттерге айтып тамағын беруін тапсырып кетіп қалды.
Джин
--Мен берейін.
Бәрі:
--Жарайды.Біз кете береміз.
Джин:
--Жарайды.
Джехёнға тамағын беріп отырды.
Джин:
--Неге тамақ ішпейсің?
Джехён:
--Үлгермей қаламын ба деп ойладым...
Джин:
--Келесі жолы тойып келші.Басымызды бәлеге қалдырарсың.
Джехён:
--Әдейі істеді дейсің бе жемеймін.
Джин:
--Же бол бол!
Джехён:
--Ой аузыма толтырдың ғой қақалып өлсін дейсің бе?
Джин:
-Онда тез жемейсің бе?
Жаңа фф
Атауы: #Біздің сүйікті ханшайым
Автор: #Moldir6
Қала: Корея
6-бөлім
#Түс
Чимин Лейланы көлігіне отырғызып алдыда үйіне тартты
Ол ар жетті
Чимин: Лейла мүмкін ата-анамызға үйленетінімізді айтайық
Лейла: ия біраш менің мамам парижде ғой
Чимин: оны осында алып келеміз
Лейла: ия бірақ
Чимин: жоқ лейла ештеңе айтпа кірейік ішке олар бірден чиминнің ата анасының бөлмесіне кетіп бара жатты
Чимин(анасы): сен сұлу қызсың бірақ сен қызметшісіңғой балам бұ л қа қалай...
Чимин: мама бұл өмір бойы қызметші болып өтпейді ғой енді ол ханшайым болады
Чимин(әкесі): жақсы балам бұл енді сенің өз таңдауың ғой мен келістім ертең тойларыңда өткізейік
Чимин(мамасы): бірақ...
Чимин(әкес): жоқ той болады дайдала беріңдер мен осы сәтті қанша күттім қызым сен ата анаңды шақыр а бер
Лейла: менің тек анам бар...
Чимин(әкесі); жақсы анаң бар болса оны шақыр
Лейла: жақсы
Чимин(мамасы): қызым саған той көйлек дайындап қойдым бұрыннан сақтап жүрген көйлек бар чимин үйленгенде келіншегене кидеремін деп сақтап қойғанмын
#таң
Қызметшілердің барлығы асығыс барлық жерді сәндеп дастархан жайып әлек болып жүр ал лейла болса макияж жәнп шашын жасап жатыр ал чимин болса лейланың анайсын ұшақтан күтіп алуға бара жатыр еді ол оны күтіп машинасына отырғызып үйге алып келе жатты үйге келді
Лейла: мамааа
Айрин ханым: қызыммм
Екеуі құшақтасты
Айрин ханым: қызым хаттағы сөздер распа
Лейла: рас мама мен тұрмысқа шығам сізді алып келген жігітке😄
Айрин ханым: қызым сен кетсең мен не қылам
Лейла: алаң болмаңыз мама чимин бәрін шешіп қойды

@Moldir6
6-бөлім аяқталды❤️
#Таңдау

-Жаз бойы не істеуге болады.Жұмыс жасасамбекен.Ия деп іздей кетті.
Телефонын ашып жұмыс іздеуге кіріседі.Әрі іздеп бері іздеп ешқайсысын жасай алмайды екен.Осылай бір жұмысты көріп оқи бастады.Бұл қызметші жұмысы еді.Ол * осындай мекенжайға келу керек еді.Жәнеде оған бұл жұмыс ұнады.Сондықтан киім киіп сол жерге беттеді.

#Хён_вилласы

Есік қоңырауын естіген Техён барып ашты.Ашып қараса алдында бір қыз тұр екен.

Джехён:
--Сәлеметсіз бе?Бұл хён вилласыма?
Техён:
-- Ия сен кімсің?
Джехён:
--Мен хабарландыруды көріп келіп отырмын.Сіздерге қызметші керек екен.
Техён:
--А ия кел.
-Джехён кіріп келгенде 2 жігіт телефон шұқылап отыр.Ал 1 еуі кітап оқуда.Ал 1еуі тамақ ішіп отыр.Ал 2 еуі плэйстейшн ойнап отыр.Джехён ішінен:
-Мында жігіттер көп екен.Әрі сымбатты.Сонда олар 1.2.3.5.6.. 7 еума?О Құдайым.Қайда келгенмін.

Техён:
--неге қақшиып тұрып қалдың?Отыр мында.
Джехён:
--А ия.
Чонгук:
--Мына қыз кім өзі?Көңілдесің бе?деп күлді.
Джехён ішінен жындансада білдірмеуде.
Джин:
--Солай шығар.
Техён:
Сендер немнеге білмей сөйлей бересіңдер.Бұл қыз жұмысқа тұруға келді.деп тістене сөйлей.
Чонгук:
--ашуланбаңыз.
Техён:
--Қойшы болды.Ал өзіңді таныстыр?деп қызға көзін тастай.
--Мен Ли Джехён боламын.18 жастамын.Мектеп бітіргенмін.Енді университетке оқуға түсемін.Орта таптанмын.Өзім жалғыз тұрамын.Жетеді дееген ойдамын.
Техён:
--Түсінікті жалғыз тұрамысың?Жарайды.Жұмысқа қабылдандың ертеңнен бастап жұмысты баста.
Джехён:
--Рахмет.Жақсы.ішінен қуануда.

Үйіне қуана жетті.Рамён жасап жатыр.Жеп алып әкесіне хабарласты.

Чон Сок:
--Ия қызым не болып қалды.
Джехён:
--Әке қалайсыз?Мен жұмыс таптым.Керемет жұмыс екен.Ертеңнен бастайтын болдым.
Чон Сок:
--А?Қызым сені естімей тұрмын кейін хабарласамын.
Ой әке куанышымды айтайын десем.Жарайды.Джехён ұйқыға кетті.

***
Техён:
--Үйге ертең қызметші келеді.Таңғалып қалмаңдар.
Намджун:
--Мен бұны білмеппін жарайды.
Бәрі:
-Жарайды.
Тамақтарын ішіп бола ұйқыға кетті.

#Таң
Джехённың бетіне күннің шуағы шағыласа оянды.Есінеп,керіліп созылып жатыр.Тұрып сағатқа қарап 6:30 болыпты.Тез тез киініп тамақ ішпей шығып кетті.Есікті аша кіріп қалды.Бірінші таңғы астарын жасайын деп кірісіп кетті.Кейбір заттарды көзімен қарап шықты.
Жаңа админкадан фф
Атауы:Сенің күлгенін...
Басты рөлде: Ли Сеон,Мин Юнги
Қосалқы рөлде: Ким Тэхён,С/е
Триллер:Бір ұл бір қыз компьютерлік ойын ойнап жүріп танысуы,үйленуі.

~Таныстырылым~

Ли Сеон Қытайда туылған,18 жастағы қыз.Ол өте сүйкімді,кез-келген адамды өзіне баурап алады.

Мин Юнги Корея да туылған,19 жастағы жігіт.Ол қабағы түйюлі,әр адамды жақтыртпай жүреді.Бірақ ол сырт көзге солай көрінгенімен іштей мейірімді,махаббатқа адал жігіт.

С/е ол Ли Сеонның құрбысы,әпкесі.
Әрқашан Сеонды қолдап қорпаштап жүреді.Сеонның жалғыз әпкесі десекте болады.Ол әдемі,сұлу кейде сұхбат беріпте жұмыс жасайды(әрине ол қаншалықты бай болғаны мен кәдімгі адам ретінде өмірін сүреді)

Ким Тэхён ол С/енің жігіті.Олар айырылысып қайта қосылып жүреді(өте қызық адамдар).Тэхён бай,көрікті сабырлы(анда-санда).

~Таныстырылым аяқталды.

1 бөлім.

Арайлап таң атты
–Ал Сеон компьютерлік клубта.
–С/е:Қап Сеон қайтадан компьютерлік клубқа кеткен ба?
–С/е бірден машинасына мініп компьютерлік клубқа кетті.
–Сеон ойынын аяқтағанда С/е келді.
–С/е:Сеон не істеп отырсын?
–Сеон:ойынды аяқтап болдым.
–С/е:Сеон үйде жоқ екеніңді білгенде қорқып кеттім.
–Сеон:Әпке мен үйде жоқ болсам осы жерден таба аласын.
–С/е:енді осы жерге күнде келемін.
–Сеон:қалауың болсын.
–С/е:айтпақшы ертең ¿¿¿¿ пен басқа команданын ойыны болады барасынба?
–Сеон:әрине барамын
–С/е:онда екі орынға билет аламын
–Сеон:ия
–Сөйтіп келесі күнде өтеді.
–Сеон:Әпкееее тұрррр. Бүгін ойын боладыыы.
–С/е:Ойбай таң атпай не болды үйді басына көтеріп.
–Сеон:бүгін ойын болады
–С/е:Білемін айтпақшы мен екі билетті ¿¿¿¿-ке алдым
–Сеон:Урааа мен онсызда олардың фанатымын
–С/е:онда дайындалайық
–Сеон:жарайды
–Ойын басталды ал екеуі олардың ойынына қарап отыр

1 бөлімнің соңы.

@Mulan_aal

Келесі бөлім шығуы үшін:10 ком,2под.
Балалық шағымның ең соңғы жылы хикаясы

~Таныстыру~

Соли-Кəмелет жасқа толмаған 17 жасар қыз.11 сынып оқушысы кішкентай кезінде анасы қайтыс болып əкесі 2 рет үйленген.Өгей анасынан 6 жасынан бері қорлық көріп жүр.Орташа бай отбасы.Əкесінің жүрегі ауырады,азғантай ғана ғұмыры қалды.Балалық шағын баалдай тəтті өмір емес,қиындықпен өткізуде.

Джонсок-Солидің əкесі.Айықпас жүрек дертіне ұшыраған.Өмірінің небəрі 1-2айлық қана күні қалды.Екінші əйелінен қызының қалай қорлық көріп жүргенін білмейді.Жасы небəрі 40-та.

Кан Сэ Бек-Джонсоктың досы.Көп уақыт бұрын Америкаға көшіп кеткен.Жасы 42 де

Кан Мира-Кан Сэ Бектің əйелі.Мейірімді жүрегі жылы жан.Джонсоктың бұрынғы əйелі Ханнамен жақын құрбы болған.Жасы 38-де

Кан Джон-Жасы 19 да.Солидің көп бұрындағы досы.Кан Сэ Бек пен Кан Мираның баласы.Сымбатты

Клара-Өте қу əйел.Жасы 39-да.Көптеген еркектің басын айналдырып байлығын білдіртпей алып алатын жеккөрінішті адам.

~Таң~
1-бөлім.

Əдетте бүкіл фанфикте таң арайланып атады емес-пе.Ал бұл фанфикте таң ешқашан арайланып атқан емес.Неге дейсіздер ғой?Бұл үйден мейірімділік,жылулық,сүйіспеншілік,мейірбандық сияқты жылы мінездер аяғыда қашып кеткен.Тек енді бұнда өгей ананың қорлығы,байлыққа құныққан сұм əйел,өмірден түңілген бойжеткен, өмірден үмітін үзген ауруханадағы дертке шалдыққан адам ғана қалды.
Басты кейіпкер Соли орнынан өте ерте тұрды.Əрине ерте тұрмаса өгей анасының таяғының дəмін тағы сезер еді.Ал бұл қыз оны қаламайды,əрине таяқ жегенді кім қалайды?Əттегі таң.Бүгін қарғыс атқан миллионыншы күн шығар.Басты кейіпкеріміз орнынан сүйретіле тұра көзін ұқалап,ұйқысын қиы алмай душқа кіріп кетті.Салқын сумен бетін жуып жеңілдегендей сүлгімен бетін сүртіп жоғарғы қабаттан астыға түсті.Бақытына қарай сүйікті "өгей анасы" əлі орнынан тұрмапты.Ас бөлмесіне бару үшін ең алдымен өгей анасының бөлмесінің жанынан өту керек.Дəл сол бөлмеге жақындағанда арақ-шараптың,алкагольді ішімдіктердің иісі мүңки жөнеледі.Бұл иісті иіскеудің өзі жиіркенішті болса,бұл иісті сусындарды адам қалай ішеді?Басың айналып кетердей.Соли бұл иіске үйреніп қалған.Тіпті,бір күн иіскемесе өліп кетердей,өте жағымсыз иіс.Əкесі ауруханаға түскеннен бері өгей анасы құтырып алды.Солиді қызметші сияқты жұмсап,адам ретінде қарамады.Қарсыласса оңдырмайды.Соли бұған үйреніп қалған өйткені,Клара оған "Егер əкеңе бұл жайлы ттіс жаратын болсаң əкең мезгілінен бұрын өледі.Əрине,Кларадан барлығын күтуге болады,сондықтан Соли əкесін аз болсада көргісі келеді.Соли Ас бөлмесіне барып таңғы ас басады,яғни Клараға.Не үшін екені белгілі.Дайын болған тағамдарды үстіл үстіне қойып жатты.Аздан соң Клара да жуынып-шəйініп келді.Солиге ала көзін атта орындыққа барып отырды.Соли оның жанына келе
-Бүгін əкеме барамыз ғой ия?-деді аянышты дауыспен
-Ия,ия барамыз баршы енді-деді ашулана даусын көтеріп.Соли қуана жоғарыға қарай жұгіріп бара жатқаны сол еді.Артынан өгей анасының
-Əйй,тоқта мына жерді кім жинастырады?Мен бе-деді зілді дауыспен
Соли артына бұрыла көзін төмен салып қайта үстел жанына келді.Клара болса маңғаздана жоғарыға көтеріліп кетті.Соли ыдыстарды жуып,үстел үстін реттеп болып,жоғарыға көтеріліп таза киімін киіп,шашын екі жаққа өріп,бетіне крем жақты.Аздан соң жүрексінсе де өгей анасының бөлмесіне кірді.Кіргенде түрі ужасс бөлмесі шашылып жатыр заттары бір бөлек,киімдері бір бөлек айдалада жатыр,оның үстіне бөлме аурасы Солиге ұнамай кетті.
Клара-Неге келдің ткз айт-деді зілді үнмен.
Соли-Мен сізге өзімнің дайын екенімді айтуға келген едім.Ауруханаға бара берсек болады
-Жақсы,енді тез кет мен қазір шығамын
-Жақсы-деп Соли бөлмеден шығып кетті.Дəлізде таза ауаны тыныстағанына -Уффф-деді ауыр тыныс ала.Не дегенмен бөлменің іші мен атмасферрасына шыдай алмады.Əйел адамы үй шаруасына осылай олақ болғаны дұрыс па?

~Аурухана~
Олар тиісті кабинетке кіріп еді Клара ролге ене кетті:
-Жаным,сені ойлап күндіз күлкіден,түнде ұйқыдан айырылдым-деді өтірік жылай төсекте жатқан күйеуінің жанына жетіп келе.
Соли болса басын шайқай əкесінің жанына жүгіріп келді
-Əкее-деді əкесін құшақтай

1-бөлім соңы.
#~Milana_missing
Жаңа фанфик
Атауы-Балалық шағымның ең соңғы жылы хикаясы
Автор- #~Milana_missing
Осы фф ны толық аяқтаймын.
Ролдерде-Джейсон,Клара,Джонсок,Соли,Дима,Чонгук,Мира,Керім т.б
Жанр-аянышты,трагедия т.б.
@ayaktalgan_fanfikter_korean
Каналымызды аяқталған фанфиктер каналы❤️тіркеліп өзыныз бастаған фанфиктін ізын таппай калсаныз кырып көрініз❤️
@Tapsyrys_usteli_fanfik тапсырыс үстелы.Кез келген админка га тапсырыс бере аласыз.Шарттары канал ішінде.
Кайырлы күн❤️Көптен бері актив бола алмаудамыз.Оның бірден бар себебі ол сабак.Сабакка немкурайлы қарай алмаймыз.Бір жағынан канал быр жағынан сабак болып тур.Сондыктан уакытша болса да актив болмаймыз.Тек демалыс күндері ғана актив бола алуымыз мүмкін.

Найдено 171 пост