Телеграм канал 'BENIMDUNIYAM?'

BENIMDUNIYAM?


1'242 подписчиков
527 просмотров на пост

сенің жарық дүниең

Детальная рекламная статистика будет доступна после прохождения простой процедуры регистрации


Что это дает?
  • Детальная аналитика 527'729 каналов
  • Доступ к 193'244'344 рекламных постов
  • Поиск по 880'434'927 постам
  • Отдача с каждой купленной рекламы
  • Графики динамики изменения показателей канала
  • Где и как размещался канал
  • Детальная статистика по подпискам и отпискам
Telemetr.me

Telemetr.me Подписаться

Аналитика телеграм-каналов - обновления инструмента, новости рынка.

Найдено 40 постов

-Сіздің сүйікті гүліңіз қандай ? - деді ол.
-Пион ,- деп жымидым мен .
- " Пионды бір жыл баптап , жиырма күн сүйесің " дегенді естуіңіз бар ма ? Сіз сияқты екен . Сізге де хат жазып жүргеніме бір жылға жуықтады. Жиырма күнім бүгінгі жауап екенін сезіп отырмын. Бірақ пионның тамырын қайнатып ішсе, ол адамды тыныштандырып , ұйқысын қалыпқа келтіреді. Ал,сіз керiсiнше ұйқымнан айырып , тынышымды алдыңыз , - деді ол.
- Ақынсыз ба?)
Сізге ақындар да , ақылдылар да ұнамайтынын бiлем. Бірақ неге пион ? Сіз қарапайымдылықты жақсы көруші едіңіз ғой...
- Кез - келгеннің бақшасында өспеген жақсы ғой.)

Көп ұзамай үйімнің алдында “Бұл періште гүлі. Сіз сияқты .. Бірақ менің бақшамда гүлдемейтініңіз өкінішті.." деген жазуы бар бір қорап пион гүлі тұрды.
Изображение
“Пәленбайдың қызының қолынан бәрі келеді екен, торт, бәліш, самса пісіре алады. Ертең барған жерінде қор болмайды…”

“Анашыыыым..” деймін мен үнемі, қазір тек бәліш пісіріп, қарап отыратын заман емес қой. Әр кісіде әртүрлі потенциал болады. Аллаһ солай жүректеріне махаббат құйып, сол істі құлына арнайы жаратып қойған. Қабілет-қарым әртүрлі болады: біреу үй шаруасына пысық, біреу есеп шығарғанса шемішкедей шағады, енді біреуі тазалықты сүйеді. Бір қыз баланың бойындағы талантты байқай сала, бүкіл қыз баласынан соны талап ету- қоғамның ең үлкен қателігі. Жұрттың баласы да адам, оны идеализировать етіп, мінсіз қылудың қажеті жоқ. Қазір білім мен ғылымға көңіл бөлетін, соның шаужайынан тас қып ұстап, жібермей қоятын заман. Тұрмысқа шыққанда, “сен бірдеңе пісіре аласың ба?” демейді, біліміңе, даналығыңа, көкірек көзіңнің ашықтығына қарайды. Әйтпесе, небір үй шаруасына тас-тұйнақтай қыздарды көрдім. Солар қазір маған не дейді, білесіз бе? “Оқып, біліп бар, үй шаруасы ешқайда қашпайды” деп айтады. Өйткені, үйдегі жылылықты ұстап тұру-біздің ДНК-мызда бар нәрсе. Барған соң автоматты түрде міндетіңе кірісіп кетесің. Онда да ниетті туралап, “ел-жұртқа ұнау үшін емес, бір Құдайдың разылығы үшін жасайсың. Ал білім-күнде келетін мүмкіндік емес. Білімді Аллаһ Тағала өзі қалаған құлына ғана нәсіп қылады. Сондай ұлы нығметтен қағылып қаламын ба деп қорқамын..” деймін.
Дүние де өзі мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз..💚
Құрбыларым: -
Әсел, бізбен бірге молдас құрып отырсаңшы. Сен ғана аяғыңды жинап, артқа қарап отырсың. Тамақ тұрғанда артқа қарап отыруға болмайды.

мен:
-Маған ыңғайсыз..Жей берейінші осылай..

Басқа құрбым:
- Оның женственный бір заты бар, отыра берсін.


(😆😆😆)
жазып жібер💚
Изображение
папа: наның жүрек болып кеткен ба? пішіні жүрекке ұқсайды.

мен: иә, “шын жүректен пісірілген” деген мағына.🤣🫶🏻
если жизнь тебе не улыбается - қыдықта.
Начни даже если считаешь что ещё не готов начать... Верующий учится практикуя...
пианино сүйер қауымға😁

Жалпы инструменттердің ішінде пианиноға деген махаббатым ерекше. Жан-дүнием айта алмай тұрған сөзді мелодия жеткізеді. Ассоцияция пианиномен менде..❤️
Видео/гифка, 59 сек, IMG_2808.MP4
Ұмытайын десем, ойлай берем.
Ал ойлаудың өзі ұмытпау екен ғой..
Неге екенін білмеймін, мен əйелдер туралы,олардың жаратылыс-табиғатындағы мəңгілік мазасыздық жайында
көбірек толғанамын. Кейде менің əйелді түнгі бөлмеде маздап жанып тұрған шыраққа теңегім келеді. Олай дейтінім, шырақ бүкіл бөлмеге сəуле шашып, нұр таратады. Соның жарығымен үй ішінің күндізгі тіршілігі жалғасып, шаруасы істеліп, реттеліп жатады. Сағат сайын шырақтың майы азайып, бойы аласара береді. Ең соңғы тамшы майы сарқылып, білтесі біткеннен кейін, «ал, маған разы болыңдар» дегендей, кеудеден ақтық рет дем шығарғандай бір дір етеді де, шырақ сөнеді. Ол жанжағына үздіксіз жарық шашып, қараңғылықты қуалаумен бар өмірін өткереді де, мəңгі өшеді.

(с) Ә.Нұршайықов. Махаббат, қызық мол жылдар
Адамды Алла Тағала екі түрлі дүниемен сынаса керек: жақсы көрген және жек көрген нәрселері арқылы.

Жалпы өмірдің заңдылығы осында ғой: "Бармаймын" деген жеріңе мың барып, "кимеймін" дегеніңді тозығы шыққанша киесің.. Не нәрсені қатты жек көрсек, сол нәрсеге Раббымыз мұқтаж етіп қояды екен..

Ал кейде ең жақсы көрген, көңілге ұнамды істеріміз арқылы да оңбай сыналамыз. Неге? Себебі шамадан тыс жақсы көріп қойдық! Дәл солай дүниелік істеріміз бен уақытша адамды ұнатқанымыз тәрізді, неге Алланы да шексіз жақсы көріп, үнемі еске алып тұрмаймыз?! АллаҺу Та'ғаланың даналығы осында жатыр: Ол бізді қызғанады. Үнемі еске алып, шүкірлік ете жүргенімізді қалайды..

Түйін: Бір дүниені қатты ұнатып, я қатты жек көріп кетуден сақтану керек. Уақытшалық нәрселер ертең біздің оңбай сүрінуімізге сеп болады. Сынаққа сабыр ете алмасақ, әуелі осылардан сақтана жүрейік..

@aselqyzdan
Видео/гифка, 6 сек, IMG_2656.MP4
Видео/гифка, 8 сек, IMG_2657.MP4
Видео/гифка, 20 сек, IMG_2658.MP4
Видео/гифка, 6 сек, IMG_2659.MP4
Видео/гифка, 9 сек, IMG_2660.MP4

Найдено 40 постов