Телеграм канал 'Astana Daryny'

Astana Daryny


6'281 подписчиков
0 просмотров на пост

Центр развития одаренности и психологического сопровождения «Астана дарыны» акимата города Нур-Султан
https://astanadaryny.kz

Обратная связь в чате @intellectualevents

Детальная рекламная статистика будет доступна после прохождения простой процедуры регистрации


Что это дает?
  • Детальная аналитика 5'826'956 каналов
  • Доступ к 1'533'798'153 рекламных постов
  • Поиск по 5'728'921'484 постам
  • Отдача с каждой купленной рекламы
  • Графики динамики изменения показателей канала
  • Где и как размещался канал
  • Детальная статистика по подпискам и отпискам
Telemetr.me

Telemetr.me Подписаться

Аналитика телеграм-каналов - обновления инструмента, новости рынка.

Найдено 203 поста

Қалалық Қайым оқулары

2024 жылдың 19 сәуірінде «Астана дарыны» орталығы Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназиямен бірлесіп ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог, Семей қаласындағы Абай мұражайының негізін қалаушы, Қазақ КСР Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы Қайым Мұхамедхановқа арналған елордалық жалпы білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары арасында қалалық «Қайым оқуларын» (бұдан әрі – Оқулар) өткізеді.
Оқулардың мақсаты - мектеп оқушыларын ғалымның тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, көркемсөз оқу шеберлігін арттыру, шығармаларының рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Оқулар мемлекеттік тілде өтеді.
Оқулар екі кезеңнен тұрады:
І кезең – ғалымның өмірбаяны мен шығармашылығы бойынша тестілеу (Google форма).
ІІ кезең - 4 номинация бойынша өткізіледі:
1. «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» - шығармаларын жатқа оқу;
2. «Қауырсын қалам» – жас ақындар шығармашылығы;
3. «Қайраткер Қайым болмысы» - эссе жазу;
4. «Абайдың інісі, Алаштың ірісі» Қ. Мұхамедхановтың шығармалары бойынша буктрейлер жасау.
Өтетін орны: Астана қаласы, Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназия (Қорғалжын тасжолы 37/1).
Тіркеу уақыты: 08.30 -09.00.
Өтетін уақыты: 19 сәуір 2024 жыл, сағат 09.00.

Трансляция

Қауырсын қалам

Қайраткер Қайым болмысы

Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған

Абайдың інісі, Алаштың ірісі

Хаттамалар
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Менің алғашқы тәжірибем» қалалық байқауының қорытындысы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 15 наурыз – 15 сәуір аралығында мемлекеттік және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында «Менің алғашқы тәжірибем» қалалық байқауына 4 түрлі бағыт бойынша өтінім қабылдау жұмыстары жүргізілді. Ережеге сәйкес жеке және топтық құрамда 23 бейнематериал қабылданды.
Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі педагогика және жеке әдістемелер бөлімінің педагогтерінен құралған қазылар алқасының отырысы 2024 жылдың 18 сәуір күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында өтті.
Байқау қорытындысы бойынша І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 3 қатысушы иеленді. Бүлдіршіндерді құттықтаймыз!

Хаттама

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының 2024 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес «Ғылымдағы дебют» атты ғылыми жобалар конкурсы ағымдағы жылдың сәуір айының 12-ы күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында (Б.Момышұлы, 5) өтетіндігін хабарлайды.
Мақсаты: дарынды жастарды ғылымға, техникаға қызығушылығын арттыра түсу, ақыл-ой еңбектерінің беделін арттыру, оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілетін дамыту.
Конкурс 8-11 сынып оқушыларының арасында өтеді. Конкурсқа жеке және топтық жұмыс (2 адамнан тұратын) қатыса алады.
Конкурс 3 секция бойынша өтеді:
1 секция - «Жаңғыртылатын энергия – болашақ энергиясы» (физика, техника, Жер және Космос);
2 секция - «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» (химия, биология);
3 секция - «Архитектура. Құрылыс».
Ережеде барлығы нақты көрсетілген.
Ғылыми жоба конкурсына қатысушылардың міндетті түрде макеттері (макеттері іс барысында болуы керек) және т.б. болуы тиіс, қорғау (5-7 минут), екінші аяқ киімі болуы керек.
Тіркелу сағат 8.15-тен-9.00-ге дейін. Басталуы сағат 9.00.

Хаттамалар

ІІ «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы»
қалалық ғылыми жоба байқауы



2024 жылдың 12 сәуір күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қаныш Сәтбаев
атындағы №61 мектеп лицейімен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушылары арасында ІІ «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» қалалық ғылыми жоба байқауын (бұдан әрі- Байқау) өткізеді.
Байқаудың мақсаты: Қаныш Сәтбаев мұрасын кеңінен насихаттай отырып, Қазақстанның дамуындағы ғалымның ғылыми мол мұрасын дәріптеу.
Қатысушылар байқауға 2 бағыт бойынша қатыса алады:
1. Қаныш және жаратылыстану ғылымы;
2. Қаныш Сәтбаев мұрасы (тарих, әдебиет, музыка) .

Байқау 2024 жылдың 12 сәуір күні өтеді.
Өтетін орны: Оқушылар сарайы, Момышұлы даңғылы 5.
Тіркелу уақыты: сағ. 08:00-08:45 дейін.
Басталу уақыты: 09:00.

Трансляция 1 бағыт

Трансляция 2 бағыт

Трансляция

Хаттамалар

Найдено 203 поста