Телеграм канал '𝐀𝐦𝐚𝐧𝐚𝐭𝐲𝐦_🕊'

𝐀𝐦𝐚𝐧𝐚𝐭𝐲𝐦_🕊


1'222 подписчиков
0 просмотров на пост

Қош келдіңіз🕊

Детальная рекламная статистика будет доступна после прохождения простой процедуры регистрации


Что это дает?
  • Детальная аналитика 251'266 каналов
  • Доступ к 110'716'480 рекламных постов
  • Поиск по 436'277'763 постам
  • Отдача с каждой купленной рекламы
  • Графики динамики изменения показателей канала
  • Где и как размещался канал
  • Детальная статистика по подпискам и отпискам
Telemetr.me

Telemetr.me Подписаться

Аналитика телеграм-каналов - обновления инструмента, новости рынка.

Найдено 140 постов

Егер сіз жан серігін тапсаңыз - оған қамқорлық жасаңыз, жібермеңіз. ♥ ️🔐
Оқырманымыздан келген видео.😍🕊💫
Видео/гифка, 13 сек,
Осылай қалай жасайды кім біледі инстаграмға дайректке жазсаңыздар.😅
Изображение
Ерте тұрмысқа шығып, балалы-шағалы болып бақытты болып отырған келіншекті көрсең, Алла берекесін одан сайын арттыра түссін де. Дәл солай ерте шығып, жараса алмай, жолы екіге айырылған жанды көрсең, соған қарап ғибрат ал. Тіпті, біраз жасқа келіп шығып та балалы болып, балаларын салиқалы, тәлімді перзент қылып өсіріп отырған ата-аналарға қарап өзіңе бағыт ұстан. Әр нәрсе өз уақытымен, өз жолымен болады. Әркімнің тағдырында жазылған несібесі оған бір секунд та кешіктірілмей беріледі. Адам баласы оған жазылған ризықты тауысып бітпей бұл өмірден өтпейді.

♦️ ЖЕТІНШІ:
Қыз бала талап етпейді, қыз бала талап етіледі. Біз осы нәрсені түсінуіміз керек. Ешқашан мен адам көп жүретін жерде жүрмегендіктен не басқалар секілді қыдырмағандықтан, әдемі киініп кештерге бармағандықтан немесе әлеуметтік желіге сурет салмағандықтан осылай жалғыз жүрмін деп ойлама. Көп қыздар осындай ессіз ойлардың құрбаны болып кетіп жатыр...
Айтшы, өңдеп, екшеп, тазалап, бояп сурет салып, соған жазылатын пікір мен басылатын лайқтарға мұқтаж болатындай не көрінді? Өзіңді бағалай алсаң, өзіңді жақсы көре алсаң, өз-өзіңе сенімді болсаң болды емес пе?
Егер шынымен де тұрмысқа шығуға дайын болсаң, «әуелі тазалап ал іштің кірін» деп Абай айтпақшы, жүрегің мен жан дүниеңді ретте. Егер жаның таза болса, арамдықтан ада болсаң, Алла саған лайық жарды үйдің бір бұрышында отырсаң да жолықтырады.
Себебі, жасы қырыққа тақап қалған, қоғамдық істердің бел ортасында жүрген әрі белсенді, әрі пысық, оның үстіне көрікті, бірақ осы уақытқа дейін тұрмысқа шықпаған бір әйел маған: «Егер күйеуге шықпай жүруіме үйден көп шықпайтындығым, елдің көзіне түспейтіндігім, әлеуметтік желіде отырмайтындығым кінәлі десең қатты қателесің. Ондай "арзан" істерді таста, бойыңды одан аулақ ұста дегім келеді..

Иә, құрбым, Алла өмір берсе, біз осылай мәңгілікке қалып қоймаймыз, ерте ме, кеш пе, әлгі сұрап жүрген нәрсеміз орындалады, мұңайма!
Бірақ ең бастысы, сол кезде сүрініп қалмасақ болды... Өз миссиямызды орындай алсақ болды... Күйеудің, ата-ананың разылығын алып, ең маңызды міндетімізді атқара алсақ болды...
Бізді алаңдататын жалғыз жайт осы ғана болуы тиіс. Ойлан...
Гүл берген, тамақ ішіп отырған, сақина берген...
Ұсыныс жасаған. Неше түрлі шам жағып, аспанға от шашып сезімін білдірген...
Әлбетте, мұндай кезде сенің мұңың арта түседі. Менде де осындай болса екен дейсің. Мен де гүл алсам, мен де қыдырсам, кешке жігітім жұмыстан алып кетсе дейсің. Ол бүкіл уайымымды көтерсе дейсің...
Дұрыс шығар. Себебі, қыз баланың табиғаты сондай, ол - сыңғақ, ол – иілгіш. Ол біреуге арқа сүйегісі келеді. Ол жанында біреудің тіреп тұрғанын қалайды. Сенің мұндай жұпты іздеуің қалыпты нәрсе. Алайда, мен саған бір нәрсені айтайын. Біз бақытты күндерге қарай талпынуымыз керек, алайда, өткінші сезімге басы бүтін кіріп кетпеуіміз керек... Себебі, Құранда айтылғандай, бұл дүние – алдамшы рахаттың ғана нәрсесі. Ең бастысы, жарқ-жұрқ өмір бізді өмірге келгендегі ең басты мақсатымыздан адастырып жібермеуі керек.
Аяулы құрбым, мынаны біл: сенің алдыңда күліп-ойнап жүрген ол жігіт пен қыздың да ертең өмірінде реніштер болады, олар да келіспей қалып татуласып, күліп жүріп, қайта ренжісіп жатады. Және сен де өмір бойы осылай өзгенің бақытын сырттан ғана тамашалап отыра бермейсің. Өмір – алма-кезек. Күндер ауысады, жағдайлар өзгереді.
Сондықтан оған бола қатты таусылып кетпе, өз мақсатыңа, ұстанған бағытыңа берік бол дегім келеді.
Сосын осы ретте тағы бір өзекті мәселені айта кеткім келіп отыр. Себебі, бұл өте маңызды нәрсе. Өкінішке орай, көп қыздардан «қашанғы өстіп квартираны өзім төлеп жүрем, тезірек күйеуге шығу керек еді» дегенді жиі естіп жүрмін.
Сөйтсем, қоғамдағы осындай картиналар біздің күйеуге шығардағы ең басты ниетімізді өзгертіп кетіп жатыр екен. Сен дәл қазір өз-өзіңе шынайы түрде сұрақ қой: «Не үшін тұрмысқа шыққың келіп жүр?» Өз-өзіңнен: «Әй, пәленше, сен не үшін тұрмысқа шығайын деп жүрсің?» деп сұра. Іштегі даусың алдамайды. Егер іштегі даусың «жасым 25-тен асып барады ғой, енді бітті, шығу керек» немесе «туыстарым айта береді, құтылуым керек», ол болмаса «басымдағы мұңымды азайтайын, ақшаның проблемасын күйеуіме тапсырып, өзім сәл жеңілдейінші» дейтін болса, онда СТОП! Онда тоқта.
Отыр да дәл қазір НИЕТІҢДІ өзгерт. Алла Тағаланың ер мен әйелді жұп-жұп етіп жаратқандағы мақсаты - бір-бірінен тыныштық, тыным тауып, орнығуы, ұрпақ өрбітуі болғанын және Алла адал неке арқылы пендесін арамнан, күнәдан сақтағысы келетінін ұмытпа. Адам баласының ең соңғы тоқтайтын тұрағы Жәннат не тозақ болатын болса, күйеу - әйелдің Жәннаты не тозағы.. Әйел адам Жәннатқа күйеуінің разылығын алу арқылы кіре алады. Сондықтан күйеуге шығуға бел байласаң, сол адамның разылығын алу арқылы Жәннатқа кірейін, саналы ұрпақ тәрбиелеп өсіріп, артыма із қалдырайын деп мақсат қой.

♦️ БЕСІНШІ: әлбетте, мүлде жоқ емес, саған жан-жақтан ұсыныстар түсіп жатқан болар? «Қызды кім айттырмайды» дегендей, сөз салғандар болады. Алайда, ең үлкен көмекші «истихара» дейтін дұғаның бар екенін ұмытпа. Себебі, болашақта сені не күтіп тұрғанын Алладан басқа ешкім білмейді. Кейде мен «истихараны білмегенімде, осы күнде біреуге қателесіп «иә» деп қойып, өкініп отырар ма едім?..» деп ойлап қоямын. Әлбетте, бұл солай! Истихара намазын оқыған адамға Алла жол көрсетеді, оны көп жамандықтан құтқарып қалады. «Истихара» – таңдау жасай алмай қиналған пенденің күдігіне тоқтау салып, уайымы мен мазасыздығын сейілтетін ұлы көмекші! Ол – көңілдің жұбанышы. Біз киім алатын кезде, телефон не т.б сол секілді қымбат затты алар кезде барлығынан сұрастырып ақылдасып аламыз. Ал «күйеуге шығу» деген одан да маңызды болғандықтан, Алламен ақылдасқан адамның ұтылмайтынын есіңнен шығарма.

♦️ Құрбым, саған айтқым келіп жүрген АЛТЫНШЫ нәрсе мынау: әркімнің өз тағдыры бар. Біреудің маңдайына ерте шығу, ал біреуге кеш шығу жазылған.
Және әркім үшін сол қайырлы. Сондықтан дәл қазір шығып кетпедім екен деп күйгелектенбе. «Сол кезде маған біреу айтқанда... Сол кезде білгенде...» деме. Біріншіден, ол кез қайтып келмейді. Екіншіден, сен өзіңе бұйырғанды ғана көресің. Керісінше, саған уақыт беріліп тұр. Сондықтан айналаңа қарап, оң мен солыңды таны, зерделе.
Әй, тұрмысқа шыққысы келіп жүрген бойжеткен! Әй, жар іздеп жаны жабығып жүрген жан! Бүгін бір сырласайықшы. Себебі, мен де сен секілді әлі тұрмысқа шыққан жоқпын, мен де сен секілді «кім?» «қашан?» «қалай?» «қай жерде?» деген сұрақтардың астына көміліп жүрген бір пендемін.
Қазіргі сәттегі біздің басымыздағы бұл күйді сірә, бізден басқа ешкім түсіне алмайды. Сондықтан мен саған ештеңемді жасырмай ақтарылуға бел будым, ал сен мені мұқият тыңда, жарай ма?

♦️ Құрбым! Кейде айналаңнан ақыл сұрағың келетін немесе біреуден сәл де болса демеу, қолдау күтетін кездерің жиі болады, солай ма? Солай...
Бірақ үнемі өз басыңдағы халіңе шүкір айтып, өз-өзіңді ақылмен басқарып отырғаныңда "Негізі, қыз баланың ертерек тұрмысқа шыққаны дұрыс қой" деп ақыл айтып кететіндер табылады. Бұл да дұрыс шығар, әрине, онсыз болмайды. Бірақ сондай кезде қандай күйде боласың, соны айтшы? Иә, білемін, сыртыңнан күле салғаныңмен, ішіңнен күйіп кетесің. Жаның өртенеді. Себебі, сен ол нәрсені білмейді емес, білесің. Жай ғана білмейсің, бүкіл жан жүрегіңмен, алпыс екі тамырыңмен сезесің. Онсыз да сол нәрсе сенің жүрегіңді ауыртып, санаңа салмақ салып тұрғанда әлдекім келіп жараңа тұз себеді...

Бірақ мен саған бір нәрсені айтайын, құрбым! Сен осы үшін қуануың керек. Сен осы үшін шаттануың керек. Неге дейтін шығарсың. Себебі, мұсылманның өмірінде қандай қиындық болмасын, тіпті, тікен кіріп, соның ауырғанын сезсе де, Алла сол қиналғанына сай оған сауап жазады. Ал сабырлылық танытқаныңа бөлек сауап табасың. Тағы бір "плюсті" айтайын ба? Сен осыдан кейін сенің бүкіл өмірің, тағдырың әр минут, тіпті, секундына дейін басқаның емес, Алланың қолында тұрғанын, оны сен де, саған қатты жаны ашып жүрген әкең, ағаң, жақындарың да өзгерте алмайтынын түсінесің. Басыңнан бастап бақайшағыңа дейін сезінесің. Сөйтесің де, Аллаға қайтасың! Алламен байланысың күшейеді.
"Иә, Алла, сенің қалағаның болады ғой, мен әлсіз пенде екенімді мойындадым" дейсің. Сол сәтте иманың артады, сол сәтте Аллаға шынайы мойынсұнасың. Алла сені осылай тәрбиелейді!

Иә, құрбым! Біздің тағдырымыз біздің қолымызда емес, есесіне бізге өзімізден де артық жақсылықты қалайтын Алланың қолында! "Өзімізден де артық жақсылықты қалайтын" деген сөзге аса қатты мән берші!..

♦️ Құрбым, саған ЕКІНШІ бір нәрсені айтайын. Білесің бе, оңай келген нәрсенің ешқашан қадірі болмайды. Ал қиналып қол жеткізген затың қашан да бағалы болады. Сондықтан «Өзгелер еш қиналмай-ақ күйеуге шығып алады ғой, осы» деме. Алла бір істі тек жақсылық үшін кейінге қалдырады, бір істен тек жақсылық үшін мақұрым қылады. Бүгінгі әр сәтің – болашақта бағалап өтетін алтыннан қымбат күндерің үшін дайындық іспетті.

♦️ ҮШІНШІ айтатын нәрсем мынау: сен де, мен де дәл осы қалпымызда жүргенде "дұға" деген маңызды ғибадатқа аса ұқыпты болады екенбіз. Жоқ, мен тұрмыс құрған әйелдер дұға жасамайды деп отырған жоқпын, дегенмен, адамның анық бір нәрсеге қатты мұқтаж кезіндегі дұғасы ерекше ықыласты болады екен. Сол кездегі иманының деңгейі де тұрақты болатын көрінеді.
Тіпті, Құранда да анық аят бар ғой: "Қашан адамға бір зиян тисе, ол жамбастап жатса да, отырса да, түрегеп тұрса да Бізге жалбарынады. Ал қашан Біз одан зиянды кетірсек, ол түк болмағандай (Бізге жалбарынбағандай) өте шығады"- деген?! Демек, Алла осы арқылы біздің құлшылыққа ерекше ықыласты болуымызға мүмкіндік беріп тұр екен. Бізді «күллі ғибадатқа» жақындатып тұр екен! Ендеше, бұл мүмкіндікті, бұл сәтті өз пайдаңа қарай қолдан. Сенде осы арқылы Аллаға жақындай түсуге, Оның разылығына бөленуге мүмкіндік бар! Ал Алла разы болса, қалған бүкіл проблемаң өзі-ақ шешілетіні ақиқат емес пе?

♦️ ТӨРТІНШІ нәрсені айтсам ба, әлде айтпай-ақ қойсам ба деп ойланып тұрмын. Айтайын. Себебі, бұл бәріміздің басымызда бар тырнақшаның ішіндегі дерт қой, былайша айтқанда.
Инстаграм, Вконтакте, YouTube немесе кәдімгі парк. Осындай орталарда сенің көзіңе қол ұстасқан жастар жиі ұшырасады, солай ма? Иә!
" Аллаһтың назарында қуатты мұсылман əлсіз мұсылманнан сүйкімді жəне қайырлы. Негізінде екеуінде де хайыр бар. Өзің үшін пайдалы болған нəрсеге талпын. Аллаһтан жəрдем тіле, əлсіздікке салынба. Басыңа бір қиыншылық келсе:"Егер бұлай жасағанымда басыма бұл келмес пе еді!"-деме. "Аллаһ солай қалаған. Оның қалағаны болады!"-деп айт. Себебі, "егер" деген сөз шайтанның ісіне есік ашады."


Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ
Бұл өмір - жұтқан деміңді шығарғандай уақыт.

https://t.me/kaatib0
Адамдар, әдетте, кез-келген сәтте өз өмірінен кез-келген нәрсені тастай алатынын түсінбейді. Кез келген уақытта.

Карлос Кастанеда «Икстланға саяхат»
Изображение
Кешірім - бұл күлгін етікке тасталатын етікке қалдыратын хош иіс.

© Марк Твен
😍😍😍🏔🏡
Видео/гифка, 14 сек,
«ИМАНЫМ ӘЛСІРЕП КЕТТІ...» дейтіндерге кеңес:

🔵Парыз, нәпіл құлшылықтарыңа тиянақты бол.
«Әрі сондай намаздарын (уақытында оқып) ұқыптылық істегендер. Міне, солар – пейіштерде құрметке бөленетіндер!» («Мағариж» сүресі, 34,35-аяттар)
«Намаздарында жан-тәнімен беріліп тұратын мүміндер құтылды!» («Муминун» сүресі, 1-2-аят).

🔵Оразаңа бекем бол.
«Адам баласының тек оразадан басқа амалының барлығы өзі үшін. Ал, ораза - Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін» (Бұхари, Муслим).

🔵Алланың сөзі Құранды өте анықтап, мәніне терең бойлап оқы.
«Әйтпесе олар Құранды түсінбей ме? Немесе олардың жүректері құлыптаулы ма?» («Мұхаммед» сүресі, 24-аят)

🔵 «Оң қолыңның не беріп жатқанын сол қолың көрмейтіндей» жасырын жақсылықтар жаса.

🔵Өзгелерге қол ұшын соз, жәрдем жаса. «Кім бұл дүниеде мұсылманның қайғысын сейілтсе, Алла Тағала Қияметте оның қайғысын сейілтеді. ...Адам мұсылман бауырына көмектесіп бітпейінше, Алла Тағала оған көмектесетін болады» (Муслим)

✅Бұл дүниенің уақытша екенін жадыңнан шығарма.

Найдено 140 постов