кейбір құрбыларыма қарап, махаббатпен күйеуге шыққандарына көзім жетеді.
себебі олардың жұбайлары – жұрт қызғанатындай бай емес, танымал да емес.
айналаға көрсетуге тұрарлық жарқыраған өмірі де жоқ.
бірақ...
жан дүниелері сондай бай.
соны байлық қылып ұстап отырған, ешкім көрмейтін, тек жүрекпен ғана сезілетін байлық.
сонда ойлаймын – махаббат деген салтанатты сөздер емес, күнделікті қарапайым әрекеттер арқылы дәлелденетін нәзік сезім екен ғой.
махаббат – қарапайым сәттерде.
үнсіз тыңдай алуда.
ертеңге деген ортақ үмітте.
бақыт деген – аста-төк дүние емес.
бақыт – жан тыныштығы.
бақыт – жүрек үндестігі.
бақыт – өзіңді түсінетін, шын бағалайтын жанның жанында өмір сүру.