Телеграм канал 'Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшари'

Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшари


781 подписчиков
387 просмотров на пост

Ұстазға жеке сұрақ қою үшін (орыс тілінде):
https://ask.fm/abu_ali_al_ashari?utm_source=copy_link&utm_medium=android

Аудармада кеткен қателіктерді ескерту үшін кері байланыс (бұл ботқа сұрақтар қойылмайды):
t.me/abu_xanifa_bot

Детальная рекламная статистика будет доступна после прохождения простой процедуры регистрации


Что это дает?
  • Детальная аналитика 196'738 каналов
  • Доступ к 73'448'306 рекламных постов
  • Поиск по 280'203'090 постам
  • Отдача с каждой купленной рекламы
  • Графики динамики изменения показателей канала
  • Где и как размещался канал
  • Детальная статистика по подпискам и отпискам
Telemetr.me

Telemetr.me Подписаться

Аналитика телеграм-каналов - обновления инструмента, новости рынка.

Найдено 1194 поста

أصل تأديب الصبيان الحفظ من قرناء السوء.

«Бала тәрбиесінің асылы - баланы жаман достан сақтандыру».

Имам әл-Ғазали, «Ихя улум-д-Дин», 5/259
СҰРАҚ:
Егер мұсылман адам тамақты халал деп берсе, бұл тамақтан бас тарта аламынба? Егер жегеннен кейін ол тамақ харам болып шықса, маған күнә болама? Өйткені қонақтаушы адам халал тамақ дегенді түсінбейді? «Ең бастысы шошқа еті болмаса болды, ол тамақ халал» деп ойлайтындар көп.

ЖАУАП:
Егер сіз тамақ беруші адам халал тамақ не екенін түсінбейтініне сенімді болсаңыз, онда оның берген куәлігі маңызды емес және мұндай жағдайда оның берген тамағын жеуге болмайды. Жеміс және сусындармен ғана шектелсеңіз болады.
«Әйелдер сияқты ажырасуға лайықты ер адамдар бар».

Мұндай уақыт бүгін келді: дінді бағаламайтын, бірақ дүниені, лауазымдықты, билік пен ақшаны бағалайтын уақыт.

Имам әл-Ғазали «Ихяда» Имам әш-Шәфидің Иракқа жақын Сибин қаласына билеуші ​​етіп тағайындалған досы болған деп жазады.

Билікке жақындап, бір елдің басшысы болып тағайындалған досына Имам әш-Шәфи мына өлең жолдардын жазады:

«Кет - саған деген махаббат жүрегімнен кетіп қалды,

Мен сенімен ажырасамын.

Егер сен бұрынғы жағдайыңға қайта оралсаң,

Үш ажырасудың екеуі қалады.

Егер сен қайтадан билік басына оралсаң,

Мен саған екінші рет ажырасу беремін,

Ал егер сен үшінші рет қайта оралып,

Содан кейін қайтадан билік басына кетсең,

Және мені ұмытсаң,

Мен саған соңғы ажырасу беремін.

Сонда саған Сибин қаласының билеушісі болғаның көмектеспейді,

Мен үшін сен енді дос болмайсың».


Қараңыз: әйелдер сияқты ажырасуға лайықты ер адамдарда бар.

Әбу Ариф Әли-Хаджи әл-Кикуни (Алла оны сақтасын).
Күнімізде маңызды:

https://t.me/abu_ali_al_xanafi/842
Web-страница:
Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшари
Кез-келген үкімге еруге болмайды
 
Ибн Әбидин айтты:

الواجب على من أراد أن يعمل لنفسه أو يُفتي غيرَه أن يتبع القول الذي رجّحه علماءُ مذهبه، فلا يجوز له العمل أو الإفتاء بالمرجوح إلا في المواضع

«Шариғаттың үкіміне амал жасағасы келген немесе басқа біреуге пәтуә бергісі келген адам, міндетті түрде мәзһаб ғалымдарының мықты деген үкіміне ғана еру керек. Әлсіз үкімге амал жасауға және сол үкіммен пәтуә беруге болмайды. Тек кейбір жағдайлардан басқа».
(“Исаад әл-Муфти”, 249 бет).

Тағы ибн Әбидин (“Расайл”, 1/189) рисәлә “Шифә әл-Әлил” кітабынан Қасим Кутлубуғаның мына сөзін келтіреді:

إن الحكم والفتيا بالقول المرجوح جهل وخرق للإجماع

«Сот ісінде және пәтуә беруде әлсіз үкіммен пәтуә беру - бұл надандық және иджмаға қарсы келу».



Мәзһабтағы қай үкім мықты екенін тек қана әһли әт-тарджих дәрежесіндегі ғалымдар ғана анықтайды

Кез-келген үкімге еруге болмайтындығы анықталды. Енді, мәзһаб ішінде қай пәтуаға еруге болады, қай пәтуәға еруге болмайды дегенді кім анықтайды деген заңды сауал туады. Бұны тек иджтиһадтың…
Ислам дінінің дәлелі имам Әбу Хамид әл-Ғазали (450–505 жж/х.) өзінің  «Ихя улум-д-Дин» кітабында айтты:

فإذا خرجت , فينبغي أن تغض بصرها عن الرجال , ولسنا نقول : إن وجه الرجل في حقها عورة , كوجه المرأة في حقه , بل هو كوجه الصبي الأمرد في حق الرجل , فيحرم النظر عند خوف الفتنة فقط , فإن لم تكن فتنة فلا , إذ لم يزل الرجال على ممر الزمان مكشوفي الوجوه , والنساء يخرجن منتقبات , ولو كان وجوه الرجال عورة في حق النساء لأمروا بالتنقب أو منعن من الخروج إلا لضرورة.

«Әйелдер далаға шыққанда назарларын төмен қаратып, еркектерге қарамауы керек және біз еркектің бет-әлпеті бөтен әйелге қатысты әурет деп айтпаймыз, ал әйелдің жүзі/беті (бөтен) ер адамға қатысты әурет. Керісінше, ер адамның бет-әлпеті басқа ер адамға қатысты «амрадтың» (сақалсыз жас жігіттің) бетіне ұқсайды. Яғни фитнаға түсіп қалудан қорқатын болса, онда ер адам оған (сақалсыз жас жігітке) қарауға тыйым салынады. Ал егер фитнаға түсу қаупі болмаса, бұған тыйым салынбайды.
Әр уақытта ер адамдар жүздері ашық, ал әйелдер ниқабпен жауып жүрді. Егер әйелге қатысты ер адамның беті әурет болса, онда оларға (ер адамдарға) ниқаб кию бұйырылатын еді немесе қажетсіз үйден шығуға тыйым салынатын еді».
Шейхул Хадис Ибн Хаджар әл-Асқаләни өзінің «Фәтх ул-Бәрри» (12/245) кітабында айтты:

وَمِنَ الْمَعْلُومِ أَنَّ الْعَاقِلَ يَشْتَدُّ عَلَيْهِ أَنَّ الْأَجْنَبِيَّ يَرَى وَجْهَ زَوْجَتِهِ وَابْنَتِهِ وَنَحْوَ ذَلِكَ.

«Бейтаныс ер адам өзінің әйелі, қызы немесе оның туыстарынан болған махрам әйелдердің бетіне қарауы, ақыл-есі дұрыс ер адамға жағымсыз болатыны белгілі».
«Имам әл-Ғазалидің әкесі не ғалым, не білім алушылардан болған емес. Бірақ ол ғалымдарды өте жақсы көретін. Қайтыс болар алдын болашақ имам әл-Ғазали мен оның ағасы Ахмадты бір ұстаздың тәрбиесіне беріп, олардың қажетіне және оқытуына ақша қалдырды.

Айтуынша, имамның әкесі ғалымдардың жиналысына баруды жақсы көретін және олардан әрқашан дұға жасауды өтінген. Хақ Тағала әкесінің ғалымдарға деген сүйіспеншілігінің себебінен екі ұлын Исламның ұлы ғалымдары етті.

Егер оалрдың әкесі балаларды «ғалым» ретінде көргісі келетінін айтып, бірақ өзі бар қаражатын бизнеске салып, балаларын оған көмектесуге мәжбүр еткенде, онда ислам тарихында имам әл-Ғазали сияқты керемет ғалым болмас еді».

Әбу Ариф Әли-Хаджи әл-Кикуни
Абдулғафурил Мұхаммедтің (Оған Алланың рақымы болсын) ұлы Хабибуррахман:

«Біздің үйде түнде тахаджуд намазына тұрмау, парыз-намазды орындамауға тең қылмыс ретінде қарастырылды. Менің әкемнің үйіндегі тәрбие осындай болды ... ».
«Ислам дініңде сәлемдесудің белгілі бір әдебі бар - қол алысып, сәлем сөзін айту. Ал егер сіз алыстан сәлем сөзін айтпастан тек қол көтеру немесе сермеумен шектелетін болсаңыз, имам ән-Нәуәуй атап кеткендей [«Фәйд әл-Қадир», 5/385], онда бұл сүннетке немқұрайлы қарау және сүннетке қайшы келу».

«Бізден емес» кітабынан, Әбу Әли әл-Ханафи Әл-Әшари.
Шейх Сәйд Фуда «Дуруру Сәмин» кітабында айтады:

ولا عذر لأحد في الاغترار بمن يسمَّى دكتور، فهذا ليس فيها دلالة الاجتهاد، بل ربما تكون علامة الجهل والغباء

“Біреудің “доктор” деген атағымен алданып қалған адамға ешқандай үзір жоқ. Доктор деген атақ иджтиһадтың (өздігінен пәтуә бере алатын адамның) белгісі емес. Керісінше, кейде бұл надандық пен ақымақтықтың белгісі”.
«Құран - тура жолдың жарығы; оның міндеті адамдарға тәлім беру және олардың өмірін илаһи даналықтың нұрымен жарықтандыру. Бірақ бұл адамның зеріктіруді жою немесе жолда көңіл көтеру үшін тыңдайтын нәрсе емес. Сондықтан Құран адамның пайдасына немесе оған қарсы дәлел болады, егер Құранға әдеп сақтамаса».

«Бізден емес» кітабынан, Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшари
عن سعيد بن المسيب أنه رأى رجلا يصلي بعد الفجر أكثر من ركعتين يكثر الركوع فيها فنهاه، فقال: يا أبا محمد! يعذبني الله على الصلاة ؟!
قال: لا، ولكن يعذبك على خلاف السنة!

Сәйд ибн әл-Мусәйб¹ таң намазынан кейін екі ракағаттан артық және рукуғты созып оқыған адамды көрді. Намаздан кейін әлгі адам: «Уа, Әбу Мухаммад! Алла Тағала мені намаз оқығаным үшін азаптамайтын болар?!» - дегенде, Сәйд ибн әл-Мусәйб: «Жоқ, бірақ Алла Тағала сен сүннетке қарсы амал жасағанын үшін азапатайды!» - деді.

Имам Байхақи «Суннән әл-Кубра», 2/466. Имам әз-Зәһәби айтты: «Иснады мықты».

¹Сәйд ибн Мусәйб (Алла одан разы болсын) - Мәдиналық тәбиғин, «Тәбиғиндердің мырзасы» деген атаққа ие болған, «Мәдиналық жеті фақиһтің бірі».
Ханафи мәзһабының ғалымы Мулла Әли әл-Қари (қ.1014 х. /1606 м.) өзінің «Әл-Фиқһул-Әкбар» кітабына түсіндірмесінде былай деп жазады:

فيجب على كل أحد معرفة الكفريات أقوى من معرفة الاعتقاديات, فإن الثانية يكفي فيها الإيمان الإجمالي بخلاف الأولى, فإنه يتعين العلم التفصيلي لا سيما في مذهب إمامنا الحنفي. ولذا قيل: الدخولُ في الإسلامِ سَهْلٌ في تحصيلِ المَرامِ, وأما الثَّباتُ على الأحكامِ فصَعْبٌ على جميعِ الأنا ويُشير إليه قوله تعالى: إِنَّ الَّذِينَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا

«Әрбір мұсылман ақида мәселесіне қарағанда «ридда» (исламнан шығаратын амалдар) бабын мұқият зерттеуге міндетті. Өйткені бірінші мәселе мен екінші мәселенің айырмашылығы (исламнан не шығаратынын зерттеу), екінші мәселе (ақида) жалпы мағынада білім жеткілікті (ижмали) болады.

Адамды діннен шығаратын нәрселерді егжей-тегжейлі зерттеу - бұл әрбір мұсылманға парыз. Әсіресе, біздің имамның мазһабын ұстанатындарға (Әбу Ханифа). Сондықтан ғалымдар: «Исламды қабылдау оңай, бірақ исламда қалу өте қиын» дейді.

Бұған Аллаһ Тағаланың: «Раббымыз - Алла» дегендер - таухидке сеніп, тура жолға түсу ...» деген дәлел (әл-Фуссилат, 41:30).

Мулла Әли әл-Қари, «Шарху Китабил-Фиқһил-Әкбар, 269 бет. Бейрут: «Дарул-Кутубил-Илмия»: 1426/2007.

Ханафи мәзһабының ғалымы Ибн Әбидин (1238-1307 хижра/ 1823-1889 жж.) «Ад-Дурр әл-Мухтар Шарху Тануирил Абсар» кітабына сілтеме жасап:

وعلمِ الألفاظِ المحرَّمة أو المكفِّرة ، و لَعَمْري هذا مِن أهمِّ المهمّاتِ في هذا الزَّمانِ ؛ لأنك تسمع كثيرا من العوام يتكلمون بما يكفر وهم عنها غافلون, والاحتياط أن يجدد الجاهل إيمانه كل يوم ويجدد نكاح امرأته عند شاهدين في كل شهر مرة أو مرتين, إذ الخطأ وإن لم يصدر من الرجل فهو من النساء كثير

«... Сондай-ақ, адамды ислам дінінен шығаратын мәселелер жөнінде білім алу - парыз (фардул-айн).

Мен өз өміріме ант етемін, бұл мәселе қазіргі уақыттағы ең маңызды мәселе, өйткені біз көптеген аууам (қарапайым адамдар) өздері білмей күпірлік сөздерін айтады деп жиі естиміз.

Сондықтан надан адамдар сақтық үшін күніне имандарын жаңартып және айына бір немесе екі рет екі куәгердің қатысуымен әйелімен никесін жаңартып отыруы керек. Шынында да, ер адам күпір сөзін қателесіп айтпаса да, әйелдер мұндай күпір сөздерді жиі айтады ».

Ибн Әбидин, «Радд әл-Мухтар ала-д-Дурр ал-Мухтар», 1/126. «Дар Аламил Кутуб»: 1423/2003.
СҰРАҚ:
Дінді ұстанбайтын әйелмен ажырасуға болама?

ЖАУАП:
Сіздің жанұяңыз, өзіңіз шешесіз.
СҰРАҚ:
Орамал тағудың хикметі неде екенін түсіндіріп берсеңіз, нақты шашты жабуды. Кейбір адамдар: «Денеміз жабық тұрса сол жеткілікті емеспе, шашымызды несіне жабамыз? Өйткені шаш адамда шахуат оятпайды ғой?» - дейді.

ЖАУАП:
Алла жақсырақ білуші.
СҰРАҚ:
ОАР-да оқып болғаннан кейін қай жаққа барып ұстаздық еткіңіз келеді?

ЖАУАП:
Біреуге сабақ беруге маған әлі ерте, сондықтан оқуымды әрі қарай жалғастыруым керек.
Әбу әс-Сәкән Зиәд ибн Убайдулла айтты:

رأيت عبد الجبار بن وائل وعلقمة بن مَرْثد وطلحة الإيامي وزُبَيد الإيامي يصومون يوم النَّيْروز ويعتكفون في المسجد الأكبر،
فكانوا يقولون: هذا يومُ عيدٍ للمشركين.

يريدون به الخلافَ على المشركين.

«Мен Абдул-Джәббәр ибн Уәилдті, Алқама ибн Мәрмәдті, Талха ибн әл-Иәми мен Зубәйд әл-Иәмиді наурыз күні ораза тұтып, үлкен мешітте иғтикафта болғандарын көрдім. Олар: «Бұл мүшріктердің мейрамы» - деп айтатын.

Олар сол істерімен мүшріктерге қарсы амал жасайтын (өйткені, мүшріктер наурыз күні көңіл көтеріп, тойлайтын).

«Тарих Мәдинәту-с-Сәләм», 9/498
«Иек астындағы аймаққа келетін болсақ, беттің шекарасы ұзындықта - бастың шаш біткен жерден иектің түбіне дейін, ал ені бойынша - құлақ саңылаулары арасындағы аймақ екенін есте ұстаған жөн» [«Марақи әл-Фәләх»].

Муфтий Мухаммад ибн Адам әл-Кәусәри осы сөзді ашықтап жазады:

«Егер беттің шекараларын ескеретін болсақ, иектің ұшынан төмен аймақ бетке кірмейді. Демек әурет болып есептеледі және оны жабу міндет. Алайда, бұл жерді жабу қиынға соғуы мүмкін болғандықтан, егер оның кішкене ғана бөлігі ашылса айып емес».
Изображение
Имам ән-Нәуәуй әш-Шәфи (631-676 жж/х.) Құран жаттауға кедергі болатын амалдарды тізе отырып, айтады:

وأقبح من هذا كله النظر إلى ما لا يجوز النظر إليه كالأمرد وغيره فإن النظر إلى الأمرد الحسن من غير حاجة حرام سواء كان بشهوة أو بغيرها سواء أمن الفتنة أو لم يأمنها هذا هو المذهب الصحيح المختار عند العلماء وقد نص على تحريمه الإما الشافعي ومن لا يحصى من العلماء ودليله قوله تعالى (قل للمؤمنين يغضوا من أبصارهم) ولأنه في معنى المرأة بل ربما كان بعضهم أو كثير منهم أحسن من كثير من النساء ويتمكن من أسباب الريبة فيه ويتسهل من طرق الشر في حقه ما لا يتسهل في حق المرأة فكان تحريمه أولى.

«Мұның бәрінен ең сорақысы: тыйым салынған нәрсеге қарау, мысалы, сақалсыз ер адамға қарау және тағы сол секілділер. Ақиқатында, сақалсыз ер адамға еш қажетсіз қарауға тыйым салынған (харам) және еш парқы жоқ оған құмарлықпен қарайма, жоқпа, фитнадан аманба, жоқпа. Және бұл ғалымдар арасындағы сенімді әрі таңдалған мазхаб, бұның тыйым салынғандығын имам әш-Шафи (Аллаһ оған рақым етсін) және тағы басқа сан жетпес ғалымдар (Алла оларға разы болсын) өз кітаптарында жазды. Бұның дәлелі Хақ Тағаланың сөздері: «(Уа, Мұхаммед!) Мүмін ерлерге айт: Назарларын түсірсін» (Нұр, 30). Мұның себебі сақалсыз ер адам - әйел секілді. Керісінше, олардың (сақалсыздардың) кейбіреулері тіпті әйелдерденде әдемі көрінеді. Бұл олардан (сақалсыздардан) қорқу керек болған себептердің бірі. Осы сақалсыздар зұлымдыққа апаратын жолға қол жетімді болады, әйелге қарағанда. Сондықтан сақалсыз ер адамға қарауға тыйым салу, әйелге қарағанда лайықтырақ».

«Әт-Тибян», 73-74 бет.

Найдено 1194 поста